Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту


«Мен өз халқыма әрдайым адал қызмет еттім және соңғы күніме дейін қызмет ететін



Pdf көрінісі
бет58/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

«Мен өз халқыма әрдайым адал қызмет еттім және соңғы күніме дейін қызмет ететін 
боламын»
Мҧстафа́ Шоқа́й
(1890 жылы 25 желтоқсан, Әулие-тараңғыл, 
Түркістан ӛлкесі, Ресей империясы - 1941 жылы 27 желтоұсан, Берлин, Үшінші рейх) - 
қазақтың қоғам және саяси қайраткері, публицист, Бірыңғай Түркістанның тәуелсіздігі мен 
бостандығы үшін күрес идеологы. Ресейдегі азаматтық соғыстан Екінші дүние жүзілік 
соғысқа 
дейін 
(1921-1941) 
Францияда 
мәжбүрлі 
түрде 
эмиграцияда 
болды.
Бостандық сүйгіш ойлармен шабыттанған Шоқай 1917 жылы Ташкентте «Бірлік Туы» 
газетін шығаруды бастады, онда алғаш рет түркі тілдес халықтардың тәуелсіздігі туралы 


165 
жария етті, сондай-ақ, орыс тілінде демократиялық идеяларды насихаттаған «Азат 
Түркістан» («Свободный Туркестан») газетін шығарды. Оның кӛптеген еңбектері қайтыс 
болғаннан кейін жарияланды: «Түркістан Кеңестердің билігі астында (пролетариат 
диктатурасының сипататмасына)», «Алматы, «Айқап», 1993.; «Таңдамалылар» (2 том), 
Алматы, Қайнар, 1998.; «Түркістандағы революция. Ақпан дәуірі» - «Тарих сұрақтары», 
2001,; «Орталық Азиядағы ұлттық қозғалыс». Шоқайдың Кавказ, Туркия және Батыс Еуропа 
елдерінің газеттерінде түрік, француз, ағылшын, неміс тілдерінде жазылған және 
жарияланған кӛптеген мақалалары әлі күнге дейін қазақ және орыс тіліне аударылмаған. 
«...Гёте, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сынды кемеңгерлерді тәрбиелеп өсірген 
ұлт өкілдері әскери тұтқындармен қалай қарым-қатынас жасайтынын көре отырып ... 
мен Түркістан легионын басқара алмаймын...»
Спорттағы көшбасшылар
Жақсылық Әмірәліҧлы Ҥшкемпіров
(1951). Олимпиада чемпионы 
атанған алғашқы этникалық қазақ Классикалық стильді кеңес балуаны, КСРО еңбек сіңірген 
спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері. Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 
мамырда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Чапаев» кеңшарында дүниеге келді. Жақсылық 
мектепте ұлттық күрес - қазақша күреспен айналысты.1971 жылы Қазақ КСР чемпионатын 
жеңіп алды. Сол жылы басқа бапкерге ӛтіп, классикалық күреспен айналысып, ҚКСР 
чемпионатын тағы жеңіп алды. Жыл ӛткеннен кейін Жақсылық Үшкемпіров КСРО 
чемпионатында бесінші орын алды, ал 1973 жылы ел біріншілігінде қолаға қол жеткізді. 
Осыдан кейін қазақ балуанын КСРО олимпиадалық құрамасына қосты. 1980 жылы 
Мәскеуде Жазғы Олимпиада ойындарында ӛнер кӛрсетті. Балуан 48 килограмм салмақта 
қатысты. Тӛрт күрестен кейін Жақсылық Кеңес одағына жеңіс сыйлап, ӛзі олимпиада 
чемпионы деген атаққа ие болды. 2004 жылдан бері Жақсылық Үшкемпіров ҚР Спорт 
комитеті тӛрағасының кеңесшісі болып табылады, ал 2008 жылдан бері Қазақстан туризм 
және спорт министрінің күрес түрлері бойынша кеңесшісі болып табылады. Жақсылық 
Үшкемпіровтың спорттық жетістіктерінің арасынан Әлем чемпионы атағын (1981), Әлем 
кубогінде екінші орын (1982), Еуропа чемпионатында екінші орын (1980), КСРО 
чемпионатында екінші орындар (1978, 1979) және КСРО халықтарының Спартакиадасында 
бірінші орындары да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет