10
-ЖОО педагогикалық үрдісін ұйымдастырудағы ғылыми білімдердің
болуы мен педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің лидерлік
әлеуетін толыққанды зерттеудің жетіспеушілігі;
-жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту
қажеттілігі мен маңыздылығы және осы мәселелерді шешудегі педагогикалық
жоғары оқу орындарының мүмкіндіктерін қажетті деңгейде қолданбауы.
Бұл қарама-қайшылықтарды қарастыра келе, біз студенттердің лидерлік
әлеуетін дамыту қажеттілігіне байланысты тақырыбымызды «
Педагогикалық
жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту
» деп алып,
аталған тақырыпта зерттеудің мақсаты мен міндеттерін айқындадық.
Зерттеудің мақсаты:
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің
лидерлік әлеуетін дамытуды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау
және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны:
педагогикалық
жоғары оқу орнындағы біртұтас
педагогикалық үдеріс.
Зерттеудің пәні:
студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту.
Зерттеу міндеттері:
-
студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудың теориялық негіздерін
айқындау;
- «лидер», «әлеует» ұғымдарына сипаттама бере отырып, «студенттердің
лидерлік әлеуеті» ұғымының мәнін нақтылау;
- педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін
дамытудың моделін жасау, оның компоненттері, ӛлшемдері, кӛрсеткіштері мен
деңгейлерін анықтау;
-педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін
дамытудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру
және ғылыми тәжірибелік ұсыныстар беру.
Достарыңызбен бөлісу: