Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
-
студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудың теориялық негіздері айқындалды;
- «лидер», «әлеует» ұғымдарына сипаттама беріліп, «студенттердің лидерлік
әлеуеті» ұғымының мәні нақтыланды;
-педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін
дамытудың моделі жасалып, оның компоненттері, ӛлшемдері, кӛрсеткіштері
мен деңгейлері анықталды.
Зерттеу жҧмысының практикалық маңыздылығы:
-педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін
дамытудың әдістемесі жасалды, «Лидерлік» атты элективті курс бағдарламасы
әзірленді;
-
студенттерге
арналған
«Кӛшбасшылар»
клубының
ережесі,
бағдарламасы;
-
Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы «Кӛшбасшылар» клубының
электронды парақшасы (клуб ережесі, жоспары, әлем және Қазақстан
кӛшбасшылары, бейне материалдар, хабарландырулар және т.б.) жұмысы
ұйымдастырылды.
-
Зерттеу нәтижелерін студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуға
бағытталған нақты әзірлемелер жоғары оқу орнындарында, педагогикалық
колледждерде және педагогикалық мамандардың біліктіліктерін арттыру
институты (БЖИ) тәжірибелерінде пайдалануға болады.
Зерттеудің қорғауға ҧсынылатын қағидалары:
- студенттердің лидерлік әлеуеті - кәсіби және тұлғалық сапалар
жиынтығымен сипатталатын, басқару саласындағы білім, біліктер жүйесі мен
әмбебап құралдарын меңгерген, ізбасарларының ӛзін-ӛзі бекітуі мен
командалық жұмысқа барынша дайындық деңгейін қамтамасыз ететін іргетасы;
-
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін
дамытудың моделі;
-
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттердің лидерлік әлеуетін
дамытудың
әдістемесі:
«Лидерлік»
элективті
курс
бағдарламасы,
«Кӛшбасшылар» клубының бағдарламасы, Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы
«Кӛшбасшылар» клубының электронды парақшасы.
|