13
«Лидерлік әлеует» ұғымдарының мәні мен мазмұны нақтыланып, студенттердің
лидерлік әлеуетінің құрылымының үлгісі ұсынылады.
Педагогикалық жоғары
оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың әдіснамалық негізі
ретінде жүйелілік,
жеке тұлғалық, синергетикалық, рефлексиялық амалдар
қолданылады. Студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудың
моделі ұсынылып,
оның компоненттері, кӛрсеткіштері мен деңгейлері келтіріледі.
«Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік
әлеуетін дамытудың эксперименталдық жҧмысы»
атты екінші тарауда
тұлғаның лидерлік әлеуетін анықтаудың педагогикалық –психологиялық
диагностикалық құралдары жинақталып, анықтаушы
эксперимент нәтижелері
беріледі, педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік
әлеуетін дамытудың әдістемесі жасалып ұсынылды, олар: «Лидерлік» атты
элективті курс, «Кӛшбасшылар» клубының жұмысы,
Абай атындағы ҚазҰПУ
сайтындағы электронды парақша жұмысы жүйеленді, сондай-ақ, эксперимент
нәтижелері сапалық және сандық әдістермен қорытындыланды.
Қорытындыда
ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері мен
тұжырымдары берілді, ұсыныстар мен студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту
мәселесінің болашақтағы зерттелетін бағыттары кӛрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: