1
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЖОҒАРЫ
ОҚУ
ОРЫНДАРЫ
СТУДЕНТТЕРІНІҢ
ЛИДЕРЛІК
ӘЛЕУЕТІН
ДАМЫТУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРI
1.1 Педагогика және психология ғылымындағы лидерлік мәселесінің
дамуы
Бұл бӛлімде зерттеу тақырыбымызға байланысты лидерлік мәселесінің
дамуын қарастыруды жӛн кӛрдік. Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге
жасалған талдаулар негізінде лидер болуға деген қызығушылық ерте заманнан
бастау алған ұғым екендігін анықтадық. Дегенмен қазіргі қоғам жағдайына
дейін лидерлік мәселесі аз зерттелгендіктен лидерлік мәселесі жайындағы
кӛптеген еңбектер, ғылыми жұмыстар батыс ғалымдарына тән.
Қоғам ӛмірінің негізі – материалдық ӛндіріс. Оның даму дәрежесі белгілі
бір тарихи кезеңге қатысты анықталады. Ендеше біздің нарықтық экономикаға
негізделген дәуіріміз жаһандану, адам ресурстарын арттыру және
шығармашылық әрекет тұрғысынан талдану керек. Олай болса, еңбек
құралдарының жетілуіне байланысты адам әлеуеттері де кемелденіп, оның іс-
әрекеті белсенді әрі жасампаздық сипатқа ие болып келеді.
Қоғамның дамуы прогрестің жоғарлауына байланысты, ал прогресті жаңа
сатыға кӛтеруде бұқараның әлеуметтік белсенділігі мен жеке адамдардың
жоғары саналылығы, дарындылығы ерекше рӛл атқарады. Психологиялық
теория тұрғысынан адам тұлға болып туылмайды, оның тұлғалық қасиеті
әрекет негізінде дамытылады.
Зерттеу жұмысы кӛрсеткендей, лидерлік ұғымы әрі соған байланысты
түрлі тұжырымдар мен пікірлер батыс теориясында шағын топ базасында
қарастырылған. Дегенмен лидерлік ұғымының құрылымы мен пайда болу
себептерін айқындау барысында туындаған әртүрлі пайымдаулар оның
эволюциялық дамуына айрықша ықпал етті.
Сонымен қатар, түркі және қазақ ғалымдарының еңбектерінде де лидер
ұғымына жақын мағынада басшы терминімен байланыста қарастырылғанын
да кӛре аламыз.
Атап айтар болсақ, Әл-Фараби ел басшысы түсінігіне тоқтала келіп, басшы
да мұғалім сияқты жұрттың әрі ұстазы, әрі тәрбиешісі. Ізгі қала басшысында
мына сипаттар, атап айтқанда: жаратылысын ӛзіне айтылғанның бәрін жете
түсінетін..., ӛзі түсінген, кӛрген, естігенін және аңғарғанын жадында
сақтайтын..., алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі ӛткір сӛз иесі және ойына
түйгеннің бәрін айдай анық айтып бере алатын, ӛнер білімге құштарлық тәрізді
бойына он екі қасиетті ұштастыра алатын адам ғана халықтың басшысы бола
алады» деген ой пікірін білдірген [75].
Жүсіп Баласағұн «Құдатғу білік» еңбегінде басшылардың әлеуметтік
психологиялық ерекшеліктері, адамның жақсы – жаман қасиеттері, ғылым мен
білімнің маңызы туралы айтылған пікірлер педагогикалық психологиялық
тұрғыдан оқырман назарын ӛзіне аудартты. Ол басшы атаулыға тиянақты
білім, мол тәжірибе қажет дейді. Басшы табанды да, қайсар, ерік – жігері күшті
16
адам болғаны абзал (« Ол қабандай қайсар, сауысқандай сақ, қарлығаштай
қырағы болсын») деп ӛз ойын тұжырымдайды [76].
Осы іспеттес тұжырымға ғасырдан кейін Мұхаммед Хайдар Дулати да
тоқталғандығы жайлы айтылған. Басшы адам ӛзгенің кӛре алмағанын кӛре
алады. Онда ӛзін елге беделді ететін небір қадір –қасиеті мол. Ол ӛзінің жайсаң
мінезділігімен, батылдығымен ерекшеленеді, халықтың ортақ мақсатына жету
жолында бұлтартпай шешім қабылдап отырады. Осындай қасиеттері бар
адамның іс- әрекеті қылыш пен садақтың оғынан әлдеқайда асып түседі деп
айтқан [77].
Ұлы ақын Абай Құнанбаев 39 қара сӛзінде ата- баба мінездері жайлы айта
келіп: «...ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен....Ол ел басы,
топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе халық та оны сынамақ... жамандығын
жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен....Екінші мінез намысқор
келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ....жанын салысады екен.
Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді екен»,- деп қазақтың
бойына сіңген топ басының екі жақсы мінезінің ерекшелігіне тоқталады [78].
Бұл жерден біз топ басы, яғни лидердің ортақ мақсатта әрекет етіп, ӛз
ортасында табандылық пен арлы мінезін кӛрсете білуінің маңызды екендігіне
кӛз жеткізе аламыз.
Жалпы алғанда, лидерлік феноменін ғылыми зерттеу ХІХ ғасырдың
аяғынан бастау алады. Ізбасарлардан ерекшелейтін лидерлердің тұлға сапасын
іздеу логикалық тұрғыдан қажет еді.
Философия,
психология,
педагогикалық
әдебиеттердегі
кӛптеген
жалпылай мақұлданған және таралған теориялар мыналар: тұлғалық
сипаттамалар теориясы, лидерліктің жағдайлық теориялары, тұлғалық –
жағдайлық теориялар болды.
Тұлғалық сипаттамалар теориясы ағылшын психологы, антрополог
Ф.Гальтон зерттеулерінде лидерлік мәселесі мұрагерліктің негізі ретінде
дәлелдеу бағытында қызмет атқарған. Осы бағытта патшалық әулеттердің түрлі
ұлтқа, билеушілер арасындағы некелесуге талдаулар жасап, зерттеулер жүргізу
қолға алынған еді [79]. Бұл идеяның бастапқы кӛздейтін мақсаты лидерді оның
ізбасарларынан ерекшелейтін, топтан бӛліп кӛрсетуге болатын тұқым
қуалайтын қасиет екендігіне сендіру болатын. Бірақ бұл идеяны дәлелдеу сәтті
болмады.
В.И.Зацепин [80] 1940 жылы американ психологы К.Бердтің еңбектері
жайлы философиялық энциклопедияда басқа зерттеушілердің лидерлік қабілет
ретінде танылған қабілеттердің 79 тізімін құрғандығын айта келіп, олардың
зерттеулерінің ішінде инициатива (бастама), жатырқамаушылық, қалжыңдау
сезімі, екпінділік, сенімділік, достық қатынас сияқты атаулар да жиі кездескен
деседі. Бұл атаулардың 65 пайызы тек 1 рет қана айтылған, 16-20 пайызы 2 рет,
4-5 пайызы 3 рет, тек 5 пайызы ғана 4 рет аталған. Мұндай талдауды американ
психологтары субьективистік, яғни лидерлікке тән сапалардан гӛрі
зерттеушілердің ӛздерінің бойында бар сапаларды кӛрсеткен атаулар деп
түсіндірді [81]. Бұл теория ғылыми тәуелсіздігіне қарамастан, лидер кейбір
17
негізгі қабілеттерді меңгеруі қажеттігін және америкалық аяси мәдениетке
осындай сапалардың бірінші кезекте шыншылдық, ӛз кезегінде басқа да
моральдық сапалар, кӛптеген сенімге шақыратын қабілеттердің болуы маңызды
екендігін кӛрсетеді.
Сонымен, «Лидердің тұлғалық сипаттамалар теориясы» адам лидер болып
туылады деп тұжырымдайды. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірінше:
индивидтің туыла берілген қасиеті (жүйке үдерістерінің күші мен
қозғалғыштығы, экстровертті, сезінуге қабілеті - жаны ашу, интеллектуалды
және эвристикалық қабілетін ашық білдіруі) кез келген жағдайда ӛзіне жетекші
рольге ие болуына мүмкіндік береді деп тұжырымдаған.
Кӛптеген ғалымдар лидер мен ізбасарлардың мақсаты мен қажеттілігіне
байланысты ортақ мақсатқа жету жолында, лидер феноменін ӛзара қарқынды
әрекет ретінде қарастырады. Аталған мәселені шешуге бағытталған басқа
мектеп теориялары да бар. Мысалы: күту – ӛзара әрекет (ожидание –
взаимодействие) теориясын атауға болады.
Бұл теория ӛкілдері Дж.Хоманс [82], Дж.Хемфилл [83], С.Эванс[84],
Ф.Фидлер [19, с. 68], Р.Стогдилл [18, с. 47]. Америкалық психолог Р.Стогдилл,
Ф.Фидлер еңбектеріне талдау жасай келе, лидердің ықпал етуі және
жағдаяттардан шешім табуы (лидер мен ізбасарларының арасындағы қатынас,
лидердің билік дәрежесі, мақсаттың мәнділігі жағдайындағы) «тиімді лидерлік
модель мүмкіндігін» ұсынғандығын анықтаған. Сонымен қатар, практикалық
барлық жағдайда лидерлік топтық үдерістегі фокус ретінде, немесе келісімге
шақыру ӛнері ретінде, немесе билік ұстанымы тұрғысынан рольдік әрекет
ретінде кӛрініс беретіндігін анықтаған. 1948ж. Ральф Стогдилл лидердің жеке
қасиетін анықтауға бағытталған 50 зерттеу жұмыстарды салыстырып, ортақ
модель шығаруға бағытталған жұмысын жүргізді. Ақыр аяғында бұл мұндай
модель құру мүмкін емес деген пікірге келеді. Бірақ «trait theory» жойылмады,
керісінше дами түсті. Бұған сан алуан лидерлікке арналған әртүрлі мінездеме
тізімдері ұсынылған кітаптардың кӛптеген түрлері дәлел бола алады [18, с. 93].
Зерттеулерге сүйенсек, тұлғалық сипаттамалар теориясын кейіннен
лидерліктің жағдайлық теориялары алмастырды. Бұл теориялардың
үйлесімділігі лидерліктің қалыптасуында орын, уақыт, жағдайдың орны ерекше
екендігін айқындайды. Топ құрамының әртүрлі нақты жағдаяттарда белгілі бір
қабілеттің басқалардан артықшылығы жеке тұлғаны айқындайды, бірақ дәл осы
қабілет кей жағдайда қажетсіз болып жатады. Дегенмен жағдаяттан шыға білу
қабілетіне ие болу адамның лидер болып қалыптасуына жол ашады.
Осы мағынада А.И.Давлетова [85] ӛз еңбегінде келтірген америкалық
зерттеуші Дж.Шнейдердің пікірі қызықты «Бір кездері Англиядағы әскери
лидерлердің дау-дамайға үйлесімді шек қоюы мемлекетті қиын жағдайдан азат
етті. Бұл сол немесе басқа кезеңдегі елдегі саяси әлеуметтік жағдайдағы
лидерлердің жол таба білуі, жағдаяттық фактордың лидерлікке жол ашар
пайдалы ықпал етуші қабілет екендігін кӛрсетеді. Лидерліктің жағдаяттық
теориясы лидерлікке тән салыстырмалы сипатын айқындайды және әртүрлі
сапалы жағдайлар мен сапалы қабілетке ие лидерлерді талап етуі мүмкін деп
18
болжайды. Сонымен қатар, А.И.Давлетова лидерлікті әлеуметтік құбылыс
ретінде қарастыра отырып, Э.Хартлидің лидерлік жайында ұсынған моделіне
тоқталады. Америкалық ғалым Э.Хартли лидер тұлғасының неліктен белгілі бір
адамдар лидер болады, неліктен оларды белгілі бір жағдаяттар ғана анықтайды
деген сауалдарға байланысты туындаған теорияның тӛрт «моделін» ұсынды.
Біріншіден, егер адам алғашқы жағдайда лидерлік танытса, келесі екінші
жағдайда да лидерлік танытуы мүмкін. Екіншіден, «жалпы лидер» лидерлердің
бір жағдайды стереотипті қабылдауы нәтижесінде лидерлік қабілет топта
кӛрінуі мүмкін. Үшіншіден, кейде белгілі жағдайда лидер болып, екінші жолы
да ол адам лидер ретінде таңдауына мүмкіндік беретін ӛзіндік беделге ие болуы
мүмкін. Тӛртіншіден, кӛбінесе лидер ретінде мақсатқа жетуге деген
мотивациясы басым адамды таңдайды [85, с. 94].
Осылайша әдебиеттерге талдау жасай отырып, лидер үшін кез –келген
жағдаяттан дұрыс шешім тауып, шыға алу қабілетінің қалыптасуы маңызды
екендігін және бұл аталған қабілет лидер болуға жол ашатындығын анықтай
отырып, лидерлікке тән қабілеттің түрінің сандық жағынан кӛп екендігіне,
лидердің топта танылуы әр түрлі кӛрініске ие екендігіне кӛз жеткіздік.
1950 жылдан кейін 30 жыл бойы лидерлік теориялары бихевиоризм
ұстанымының қарқынды дамуына байланысты екінші жолға ысырылып қалды.
Зерттеушілер лидер әрекетін және оның ізбасарларымен қарым –қатынасын
зерттеуге кӛп кӛңіл бӛле бастады. Бұл теорияның тұжырымдары бір
жақтылығы азды кӛпті үшінші теорияларға, нақты айтқанда тұлғалық –
жағдайлық теорияларға жол берді.
Әдебиеттерге
жасалған
талдаулардың
мәліметтеріне
сүйенсек,
А.Н.Омаркожаева [86] еңбегінде тұлғалық-жағдайлық теориялар нұсқасын 1952
жылы Г.Герт және С.Милз ұсынғандығы жайлы айтылған. Олар лидерлік
феноменін тӛмендегі тӛрт факторда қарастырған [87]:
1.Лидердің адам ретіндегі сипаттамаларын;
2.Оның мотивтерін;
3.Лидердің әлеуметтік рӛліндегі тұлғалық сипаттамаларын;
4.Лидер және мотивтер бейнелерін (лидердің артынан еретін адамдардың
бейнесі), лидердің атқарып жатқан жұмысы және ӛзі мен оның ізбасарларының
қызығушылығына бағытталған институционалды контекст, ресми және
құқықтық параметрлерін ескеру қажет деп кӛрсетеді.
Гуманистік бағыт ӛкілдері лидерлік теориясына басқаша кӛзқараспен
қарайды. Олардың пікірінше адам табиғаты - қиын мотивацияланған организм,
ал ұйым әрқашан басқару қағидасына сүйенеді. Сондықтан лидер ұйымда
қажеттілігі мен ӛзіндік мақсатын еркін жүзеге асыруға бағытталған және ұйым
мақсатына жетуге ұмтылуда ынтымақтастықта ӛз үлесін қосатындай болуы
тиіс.
Лидерлікті түсіну жалпы қоғам менталитетін анықтайды, сонымен қатар,
заңдылықтарының ӛзгеруі мен адамдардың ӛзара қабылдауын айқындайтын
теорияларды алты топқа бӛліп қарастыруға болады. Кӛптеген бұрын
қалыптасқан идеялар осы кезеңге дейін қолданысын жоймаған (кесте 1).
19
Кесте 1 –Лидерлік теориясының эволюциясы (А.Н.Омаркожаева бойынша)
Теориялар
атауы
Анықтама
Ұлы
па
йым
да
ула
р
ХІХ ғ.аяғы мен ХХ ғ.басындағы лидерлік теориясы. Алғашқы
зерттеулерде, лидерге (ер адамға) туыла берілген «батылдық» мінезі
адамдарға ықпал етуіне мүмкіндік береді деп есептелді. Бұл адам ӛзіне
бағындыра алатын, әлеуметтік, саяси діни қозғалыстарда, билікте, әскерде
«ұлы адам» деп саналатын адам туа берілген қасиеттері арқасында лидер
болып есептеледі.
Тұлға
лық
си
па
тт
ам
ала
р
те
ори
яс
ы
Зерттеулер лидер қалыптастыратын жеке қабілеттерге назар аудара
бастады. Ғалымдар лидердің бойында ӛзгелерден ерекшелейтін әлдебір
(мысалы,жоғары интеллект немесе ерекше алғырлық (энергичность))
қабілеттер болатындығын анықтауға тырысты. «Айрықша» қабілетті бӛліп
кӛрсету болашақта лидер қалыптастыруға, лидерлікке тәрбиелеуге
мүмкіндік береді деп жорамалдады. Бұл бағыттағы зерттеулер әлі күнге
дейін қызығушылық туғызып отыр.
Тә
рті
пт
ік
па
йым
да
ула
р
Әмбебап, әрсалалы қабілеттерді анықтаудағы сәтсіздік 1950 жылы
ғалымдарды лидерлердің әрекетіне назар аудартты. Бір кездердегі зерттеу
бағыты ұйымдардағы лидерлер әрекетінен: олар қандай орын алады,
ӛздеріне қандай жауапкершілік алады, менеджменттің қандай қызметтерді
қолданатындығын бақылаған. Бұл зерттеулер барысынан лидердің тиімді
және тиімсіз тәртіптерін, ӛзара қатынастарын анықтауға тырысты. Қарым –
қатынас жасау стильдері және топпен қатынас орнату әрекеттері тәртіптік
жағдайда қарастырылды.
Ли
де
рлі
кт
ің
жа
ғда
йлық
те
ори
ялары
Бұл кезеңде лидерлікке ықпал ететін жағдаяттық және контекстілік
ӛзгерістер қарастырыла бастады. Мұндағы негізгі идея лидерлер жағдаятты
бағалап, ӛз әрекетін жағдайға сай бейімдей алады дегенді білдіреді. Басты
жағдайлық ӛзгерістер қоршаған адамдар мінезі мен қоғамдық орта және
жұмыс тапсырмаларына қатынасынан кӛрінеді деп саналады. Бұл теория
бойынша лидерлікті топ мінезінің және жағдаяттың үзіндісінен түсіну
мүмкін емес деп саналды.
Ықп
ал е
ту
Па
йым
да
у
ы
Бұл теория лидерлердің топқа немесе топтың лидерге ықпалын
зерттейді. Зерттеу орталығы ерекше қабілеті бар харизматикалық лидер
болып табылады. Лауазымды жағдайы немесе жеке қабілеті қаншалықты
басым болса, соншалықты ықпал етуі басым болады деп саналады. Бұл
теория шеңберінде ӛзгеріске әкелуге негізделген құзырлылық құрылымы
(болашақ бейнесі) мәселелері аздап қарастырылып, дамытыла бастады.
Ж
ағда
йлы
қ-
тұлға
лық
те
ори
ялар
Бұл теория бойынша лидерлікті қарым- қатынас, топ пен лидер
қатынасы, олардың ӛзара ықпал ету мәселелері тӛңірегінде қарастырылды.
Бұл теория лидер қызметі емес, ортақ мақсатқа жетуге үлес қосуға
бағытталған топ құрамындағы мүшелерінің ӛзара қарым –қатынасын
қарастырады. Тұлғааралық қатынас лидерліктің басты факторы ретінде
қарастырылады.
Бұл теориялардың ерекшелігі лидерге қажетті тұлғааралық қатынас
орнатуға мүмкіндік беретін, лидердің тұлғалық қабілеттерін қарастыруда
маңызды болып саналады. Бұл қабілеттерге интеллектінің эмоционалды
аймағы, ақыл, шыншылдық, жоғары моральдық құндылық, батылдық және
лидерлердің адамдармен қарым –қатынасын ынталандыра отырып, оларға билік
20
құруға мүмкіндік беріп, әр түрлі жолдармен топтарға қолдау кӛрсетіп,
жетілдіруге болады десе, соңғы кезде ғалымдар назарын эмоционалдық
интеллект аймағына аударуда.
Д.Гоулмен «Эмоциональное лидерство» еңбегінде Питер Салоуэй және
Дж.Майер эмоционалды интеллектіні: «Зияткерлік үдеріс негізінде эмоциямен
басқару, эмоция кӛрсету, жеке тұлғаны қабылдай және түсіне білу қабілеті» -
деп кӛрсеткендігін айтады [88]. Басқаша айтқанда, эмоционалды интеллектте
ғалымдар тӛрт сапаны біріктіреді:
-
адамдармен қарым – қатынаста қабылдау және сезіне білу қабілеті (дәл
ӛзінікі тәрізді, басқа адамды қабылдауы);
-
ақылға сүйеніп эмоцияны бағыттай білу қабілеттілігі;
-
адамдарды түсініп, эмоцияны дұрыс кӛрсете білу қабілеттілігі;
-
ӛз эмоциясын басқара білу қабілеттілігі;
Гарвард университетінің психологы Дэвид Макклелланд «эмоционалды
интеллектіде» дамыған лидер қандай да бір сапаларсыз - ақ басқаруға
қабілетті болып келеді деп атап кӛрсетеді [89].
Лидерлік мәселесін зерттеушілер санының кӛп болуына қарамастан, түрлі
теориялардың, амалдардың және тұжырымдамалардың болуы (Э.Х.Шейн
лидерлік
рӛлдер
теориясы,
сипаттамалар
теориясы,
лидерліктің
харизматикалық тұжырымдамасы, жағдайлық теориялар [90]), лидер ретінде
субъект тұлғасын дамытудың психологиялық негіздері жеткіліксіз екенін
кӛрсетеді.
Тәрбие мен білім беруге қатысты лидерлік тұжырымдамалары тек ХХ ғ.
құрылды, ол қоғамдық тәрбие мен жалпы білім беруге қатысты болды.
Ертеректе лидерлік туралы ой – пікірлер сирек саясат аясынан шығатын болған.
Кеңес кезеңі зерттеулерінде негізгі назар кіші топ лидерін анықтауға әдістеме
құруға, оның іс-әрекет стилін негіздеуге жасалған. Лидерлік феномені тек іс-
әрекеттік амал позициясынан қарастырылды.
1952 жылы Г.Герт және С. Милз лидерлік феноменін қарастыруда олардың
ойынша қажетті тӛрт факторды ерекшеледі: 1) лидердің адам ретінде мотивтері
мен сипаттамалары; 2) оның соңынан ергендердің санасында ілесуге
ынталандырушы, мотивтер мен лидер бейнелері; 3) лидер рӛлдерінің
сипаттамасы; 4) институционалды контекст, яғни лидер жұмыс жасаушы, ол
және оның соңынан ергендер қатысушы құқықтық және ресми параметрлер.
Психологияда лидерлік мәнін түсіну мәселелері, аталған феноменді күрделі деп
интерпретациялау, субъектіге тиісті тұлғалық қасиеттер жиынтығының
интегралды сипаты бар болуы соңғы онжылдықта зерттеу пәніне айналған.
Аталған зерттеулердің бір нәтижесі тӛмендегідей қорытынды болды, ӛзі басым
қызметтерін тиімді орындау үшін лидер белгілі бір сапалар жиынтығына ие
болуы керек (ӛзіне жауапкершілік ала алу, мақсаттылық, табандылық, ерік –
жігер, мінез күші, дербестік, сыни ойлау) олар беделін қамтамасыз етіп, субъект
референттік дәрежесін анықтады.
«Лидер», «Лидерлік» ұғымына қатысты: саяси лидер, ұлт лидері, дін
лидері сияқты сӛз тіркестері бізге таныс. Ал әр түрлі саладағы ғылыми
21
әдебиеттерге жасалған талдаулар бойынша лидер, лидерлік ұғымына кӛптеген
сан қырлы анықтамалар берілген [91].
К.В.Сельченок «Психология лидерства» оқулығында әр түрлі авторлардың
анықтамаларына талдау жасай келе, тӛмендегідей ұйғарымдар беруге
тырысады [92]:
-
кӛптеген авторлар лидерлік – бұл алдымен біріккен адамдар
қатынасынан туындайтын, лидер адамнан және оның пікірін мақұлдайтын
ізбасарлармен топ мүшелерінен құралатындығын айтады, яғни лидер бар
жерде, оның ізбасарлары болуы тиіс;
-
лидер - тиімді қызметте немесе белгілі бір жағдайда жеке қабілетіне сай
топ мүшелеріне ықпал жасай алу қабілетін кӛрсетеді;
-
лидерлік пен топ мүшелері арасындағы әрекеттестік ортақ мәселенің
шешімін табуда немесе ортақ мақсатқа жету жағдайынан туындайтындығын
кӛрсетеді;
-
кей ғалымдар лидерлік әлеуметтік ӛзгеріске, қоғамды дамытуға әкелетін
үдеріс деп қарастырады.
Сонымен қатар, К.В.Сельченок лидерлікті бәсекелестікті қамтамасыз
ететін механизм ретінде қарастырады: «Лидерство- это не руководство, как
часто понимают этот термин, хотя лидер может быть и руководителем.
Лидерство –это и не менеджмент. Хотя в связи с этим понятием можно даже
говорить о смене век: некоторые говорят о наступлении эры TQL (Total Quality
Leadership) - всеобщего лидерства на основе качества. Именно качества - ключ
к конкурентноспособности. Мутация системы качества на основе TQM, о
который мы говорим, может быть одна из последних, поскольку все быстрее
идет процесс слияния концепции качества с общим менеджментом. Не так уж
важно,что
возмет
верх.
Ясно,
что
ключевым
словом
остается
конкурентоспособность» [92, с. 56]. Яғни лидерлік тұлғаның қызметінде басшы
немесе ұйымдастырушы ретінде кӛрініс беретін бәсекелестікке қабілетін
арттыратын сапа екендігін айқындайды.
Саяси сӛздіктер: «лидер ағылшын тілінен аударғанда – жетекші (ведущий),
топтың беделді мүшесі деген мағынаны білдіреді. Ол белгілі бір мақсатқа жету
үшін әлеуметтік топ пен жалпы қоғам мүшелерін ынталандырушы, белсенді
ықпал етуші болып табылады»- деген анықтама берілсе [93], Қ.Жарықбаев,
О.Саңғылбаевтың психологиялық энциклопе-диялық сӛздігінде лидер – басшы,
жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекші міндетін атқаратын бір адам.
Әлеуметтік психологияда мұндай адамды «лидер» деп атайды десе, келесі бір
сӛздікте лидер (ағылшын т.ауд.Leader- ведущий-жетекші)- топ мүшесі, жетекші
ӛзі үшін мәнді жауапты жағдайларда шешім қабылдауға бейім, топтағы қарым
–қатынасты реттеуші және ұйымдағы орталық рӛлге ие белгілі беделді тұлға
деген анықтама беріліп, тӛмендегідей қызмет түрлерімен мағыналас екендігін
кӛрсетеді:
1)қызметтің мазмұнына қарай (лидер - рухтандырушы және лидер –
атқарушы);
2)қызмет мінезіне қарай ( әмбебап кӛсем және жағдаятты кӛсем);
22
3)қызмет бағытына қарай (эмоциялы кӛсем және іскер кӛсем) т.б.қызметтік
мәнге ие ұғым болып табылады [40, с. 18].
Лидер– ол мәнді жағдайларда жауапты шешім қабылдауға құқылы топ
мүшесі, бірлескен қызмет ұйымында қарым – қатынасты реттеуші және
шынайы абыройлы рольге ие тұлға. Лидер бір мезгілде топ басшысы болуы да,
болмауы да мүмкін. Басшының (руководитель) лидерден айырмашылығы,
басшыны кейде мақсатты түрде сайлайды, кӛп жағдайда тағайындайды. Басшы
басқаратын ұйымның ісінің жағдайы үшін жауапты және ұйым мүшелерін
бірлескен әрекетте ресми түрде кӛтермелеуге немесе жазалау құқығына ие. Ал,
лидер жай ұсынылады, топтан тыс ӛкілділігі жоқ және оған ешқандай ресми
міндеттер жүктелмейді Дьяченко М.И. [94], психологиялық тесттер
энциклопедиясында (Кандыбович Л.А.) зерттеулері берілген [95]. Сонымен
қатар, әдебиет кӛздерінде лидер ұғыына тӛмендегідей анықтамалар берілген:
Лидер – ӛзара әрекетке итермелеуші немесе айналасына топтың мүддесіне
сай құндылығы мен белгілі бір қалпын сақтай отырып, топ құрып, сол топтың
қойылған ортақ мақсатына жету жолында ұйымдастыру және басшылық жасау
қабілетіне ие шағын топты ұйымдастырушы десе [12, с. 46], келесі әдебиет
кӛзінде «Лидер –белгілі бір мақсатқа жету үшін саналы және белсенді түрде
әрекет етіп, ықпал етуші адам» -деген анықтама берілген. Ал, тағы бір ғылыми
әдебиетте «Лидер
-
бұл белгілі бір нышандары туыла берілетін қабілет. Бірақ
бұл міндетті түрде лидер болады дегенді білдірмейді. Ол үшін белгілі бір
мәдени құндылықтарды, белгілі бір ақпараттар деңгейін меңгеріп, бойында бар
мүмкіндіктерді айқындай білетін адам болуы тиіс»- делінген [74, с. 89]. Бұл
әдебиеттердегі анықтамаларға сүйене отырып, лидер басшылық жасау ұғымына
ұқсас, дегенмен ӛзіндік ерекшелігі бар ресми сайланбаған,бастамашыл,
жауапты шешім қабылдаушы қабілетіне ие адам екендігіне кӛз жеткізуге
болады.
Э.Деминг лидерлік сапасы философиясының 14 пунктінің 7 пунктінде
лидерлік құру жайлы айтады. «Лидерлік - атқарылатын жұмыстың жақсы
бейнеде нәтижелі орындауда кӛрінетін жұмыстың қажетті әдісі ретінде
қарастыруға болады. Теориядан лидерлік - команда мен топ жұмысының
ажырамас компоненті екені белгілі болды» - деп есептейді [96]. Э.Деминг
тұжырымдамасынан лидерлік деп лидердің атқаратын жұмысының тиімді
әдісін ұсынуы мен қолдануы екендігін байқаймыз. Ал, М.Мескон
авторластарымен бірге лидерлікті ұйымның ішкі факторына, анығында ішкі
жүйе «адамдар» факторына жатқызады және «лидерлік» ұғымын философияда
жоғары менеджмент жүйесінде орны бар, жұмыс орнында әрекет барысында
қолданылатындығын айтады. Лидерлік кең мағынада жүйелі үдерістің ішінде
жүретін, адамдармен бірлесе орындалатын жүйені қажет етеді [97]. Жалпылай
айтқанда лидерлік барлық салада қажет кӛпқырлы әлеуметтік құбылыс
екендігін айтуға болады. Лидерлік феномені белгілі бір мақсатқа жетуге
ұмтылған азды – кӛпті ұйымдасқан топтарда пайда болады.
Жоғарыдағы талдау кӛрсеткендей, лидерлік ұғымына жалпы анықтама
беру оңай емес, бұл лидерліктің кез келген жерде, кез келген уақытта топтағы
23
адамдардың қандай да бір мәселені шешу барысында топ мүшелерінің барлық
немесе кӛптеген мүшелерінің қызығушылығын туғызу барысында пайда
болатындығымен түсіндіріледі.Топ алдында бір күйден екінші күйге кӛшу
міндеті тұрғанда немесе топ мүшелерінің ресурстарды бӛлісумен айналысқанда
лидерлік қатынасы айқын кӛрінеді.
Лидерлік үдерісінің негізгі элементі: ықпал ету, ӛз еркімен іс-әрекетке
қосылу, мақсатқа жету екендігі белгілі. Сондықтан лидер белгілі бір
қабілеттерге ие болуы тиіс деп есептеледі. Лидер мәселесін зерттеуші
ғалымдардың еңбектерінде кӛрсетілген лидерлерлікке тән жалпы және арнайы
қабілеттер мыналар:
Жалпы қабілеттерге:
Достарыңызбен бөлісу: |