Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды


- бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық білімдерінің



Pdf көрінісі
бет10/53
Дата07.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#91576
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Байланысты:
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Звездное небо ПП 2019-2020исправл, Дидактика, 535-professionalno-orientirovannyy-inostrannyy-yazyk- angliyskiy , ТЕСТ ҚБжА платон Статистика каз 18-19 уч — копия, УМКД НОВЫЙ БЛАГОПОЛУЧИЕ, Социальная работа с семьей, Даму психологиясы, Даму психологиясы, Жастармен әлеуметтік жұмыс мақала, ЖӘЖ силлабус, ЖӘЖ силлабус
2- бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық білімдерінің 
даму мазмұны 
2.1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде балалардың 
математикалық білімдерін дамыту мәселелері 
Шульманның педагогикаға немесе «қалай оқыту керек» деген ұғымына 
көзқарасының (1986) тиімді болып саналатындығы – онда ол оның құрамына 
мазмұнды немесе «барлығына аян» нәрсені білу керек деген ойды қосатын 
өзара қатынастың өзара бір бөлігі ретінде анықталады. Егер, педагогика 
ғылымында «нені оқыту керек?», «қалай оқыту керек?» деген сауалдарға жауап 
іздейтін болса, онда педагог сарапшы ретінде статистикалық түсінігінде 
молайтады. 
Мектеп жасына дейінгі бала заттардың, дыбыстардың, қимыл-
қозғалыстардың жиынтығымен танысады, оларды салыстырады, саны жағынан 
айырмашылығын байқайды. Оқу әрекеті барысында жиындардың теңдігін 
теңсіздігін көрсететін әдістерді меңгереді, санның қалай аталатындығын 
үйренеді [3,8].
Мектепке дейінгі жастағы бала күнделікті жаңа білімді меңгеруде немесе 
тапсырманы орындауда белгілі бір білім қорына, ересектер көмегіне жүгінеді. 
Осы мәселе төңірегінде педагогика және психология ғылымында көрнекті 
психолог Л.С.Выготский өзінің «Жақын арадағы даму аймағы» теориясын 
ұсынған. Жақын арадағы даму аймағы – баланың өз бетінше шешкен 
міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму аймағы мен ересектердің 
басшылығымен, достарының көмегімен бірігіп шешілген міндеттер арасындағы 
анықталған болжамды дамуы ара қашықтығы.
Белгілі бір мәселені шешуде бала әлеуметтік қарым-қатынасқа түседі.
Отандық психолог С.М. Жақыповтың ойынша, оқыту процесінің тиімділігі 
көрсеткіші оқытушы мен оқушының арасында қалыптасатын бірлескен 
диалогтық танымдық іс-әрекет болмақ [10]. Бұл теорияны зерттеушінің арнайы 
бөліп көрсеткен бірлескен танымдық іс-әрекеті, яғни жаңа психологиялық 
болмыс танымдық іс-әрекетттің психологиялық табиғатына өзгеше тұрғыдан 
қарауға мүмкіндік берді. 
Оқудың тиімділігі адамның оқуға икемділігі деген психикалық 
қасиетімен анықталады, яғни бұл адамның жеке басының қасиеттері 
(бейімділігі, тұлғаның икемділігі) мен интеллектуалдық потенциалы. 
Психологияда оқу әрекеті дәрежесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Білімді ұғыну 
процесінің 
іс-әрекетпен 
байланысы 
зерттеуші-педагог 
П.Я.Гальперин 
мектебінің зерттеулерінде қарастырылған. Бұл ақыл-ой әрекеті арқылы 
игерілетін білім – бейнелер мен ұғымдарда бекітілген әрекеттер мен 
операциялардың мақсатты түрде ұйымдастырылған жүйе. Оқуды іс-әрекет деп 
түсінудің өзі маңызды идеяны білдіріп, адамның танымдық процестерінің бүкіл 
жүйесін талдауда іс-әрекет негізгі тұрғы деп саналып, қабылдау, есте сақтау, 
еске түсіру, ойлау арқылы мәселелерді шешуді өзіндік құрылымы бар ойлау 
әрекеті деп анықталады. Бұл ретте қабылдауды кез келген басқа психикалық 


17 
феномен сияқты процесс ретінде де, нәтиже ретінде де қарастыруға болады 
[20,78].
Оқыту барысында балалардың назарына көптеген мәліметтер мен 
құбылыстардың, заттардың қасиеттерін қабылдау ұсынылады. Дегенмен оқыту 
күнделікті өмірде эпизодтық сипатқа ие болғандықтан барлық баланы бір 
мезетте қамти алмайды, сол себепті алынатын білімді жүйеге келтіру 
тәрбиешіден шығармашылықты қажет етеді.
Мектепке дейінгі кезеңде қабылдау өзінің алғаш аффективті сипатын 
жоя бастайды. Қабылдау мағыналы мақсатқа бағытталған, талдаулы бола 
бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Осы кезеңде 
сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әр түрлі обьектілер 
және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайларын 
белсенді түрде қолдана бастайды, құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта 
отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың 
басқалардан қандай айырмашылығы бар екендігін бөліп, ажырата алады.
Ойлаудың негізгі жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және 
кезең соңында сөздік ойлауға ауысады. Ойлаудың негізгі түрі көрнекі 
образдық болып табылады. Бұл психолог Жан Пиаженің терминологиясына
сәйкес келеді. 
Мектепке дейінгі кезеңде баланың ойлауы көрнекі ойлауда болады
себебі ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы туралы 
психолог Л.Ф. Обухованың экспериметінде жан-жақты қарастырады. Білім алу 
балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Жалпы білімнің 
бірсыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгерулерін үлкендердің 
жетекшілігі және бағыттауы арқылы өз бақылаулары мен іс-әрекетінің 
тәжірибесінен алады. Білім қорының біраз артуы бұл кезеңде әлі ойлаудың 
дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болп 
табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екендігінде. Егер бала өз іс-әрекетінің 
жемісті болуына әсер еткен жағдайларда, үлкендер көрсеткен тәжирбелерді 
және өз ой үлесін ажырата білмейінше, үлкенің түсіндіруінде ұқпайды, өз 
тәжирбейсінен де ешбір сабақ аласабақ ала алмайды. Игерілген жаңа 
білімойлаудың одан әрмен дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс-әрекеттерінің
жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады. Ойлау іс-әрекеттерінің қалыптасуы 
мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды. Бала қандай біламді игеріп, оларды 
қалай пайдалана білетіндігі оның қандай ойлау іс-әрекеттерін игергендігіне 
байланысты. Мектепке дейінгі шақта ойлауіс-әрекеттерін игеру сыртқы 
бағдарлау іс-әрекеттерін игеру мен бойға дарытудың қалай өтетіндігіне 
байланысты бейнелер іс-әрекеттері форма немесе сөз бен сан сияқты белгілер 
арқылы қабылданады. Ойлау баланың дамуына,оның таным әрекетіне,үзіліссіз 
өрістеп, кеңеюіне байланысты болады. Ал кейбір заттарды сирек көріп, аз 
әрекет ететін болса, оны тек қана бір жақты танып біледі. Заттар мен тікелей
әрекет етіп анықтап білу нақты бейнелік оилаудың дамуына әсер етеді. 
Баланың дүниені танып білуінің өзі қабылдау мен түйсіктің дамуына тікелей 
байланысты, жастағы балалар үшін көрнекі амалды ойлаудың маңызы зор.
Баланың жасы өскен сайын мәселені өз бетімен оилап, шешуі кеңейеді. Бірақ


18 
әрекеті икемсіз болады. Ересектер тобының бастап, практикалық әрекет 
арқылы сөзді қабылдау жүзеге аса бастайды. Әрекетті басқа жолмен құрудың 
өзі мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Мектепке деиінгі баланың 
ойлауының мынадай ерекшеліктері болады: 
-
5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада 
беріледі; 
-
әр түрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үрдісінің мәні өзгереді. 
Көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді.
Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты болып қала береді.
Баланың ойлауының дамуына түрлі іс-әрекеттер де әсер етеді. Іс-әрекеттер 
түрлері өз тарапынан баланың сана-сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені
бала психикасының өзі бала іс-әрекетінің барысында дамып, қалыптасып 
отырады. Іс-әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс 
дамымайды[8]. Іс-әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әр түрлі формадағы
белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет