Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды


-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық



Pdf көрінісі
бет6/53
Дата07.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#91576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Звездное небо ПП 2019-2020исправл, Дидактика, 535-professionalno-orientirovannyy-inostrannyy-yazyk- angliyskiy , ТЕСТ ҚБжА платон Статистика каз 18-19 уч — копия, УМКД НОВЫЙ БЛАГОПОЛУЧИЕ, Социальная работа с семьей, Даму психологиясы, Даму психологиясы, Жастармен әлеуметтік жұмыс мақала, ЖӘЖ силлабус, ЖӘЖ силлабус
1-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық 
ұғымдарды қалыптастырудың және дамытудың әдіснамалық, 
психологиялық-педагогикалық негіздері 
1.1 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі ғылым 
ретінде және пәні, мақсаты, міндеті және мазмұны 
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні 
бастапқыда мектепке дейінгі педагогика шеңберінде болған. Уақыт өте келе 
біршама эмпирикалық тәжірибе жинақтап, біртіндеп дербес білім саласына 
айналды. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесінде баланың қайталанбас, 
бірегейлігін, жеке қажеттіліктерді және әр баланың табиғи әлеуетіне 
бағдарлану мүдделерін қолдауды ескере отырып, интеллектуалдық және жан-
жақты дамуына ықпал етуге арналған.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінің 
мақсаты- балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту. Балалардың логикалық 
ойлау қабілетін және қоршаған кеңістікте бағдарлануын дамыту. 
Математикалық білім, іскерліктер мен дағдылар, сенсориканы, жадыны, назар 
аударуды, елестетуді, логиканы дамытуға мүмкіндік береді, математикалық 
лексиканы қолдана білуді қалыптастырады.
Зерттеу пәні – мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық 
түсініктерін қалыптастыру және дамыту үрдісінің негізгі заңдылықтарын 
зерттеу және жобалау, осы негізде баланың танымдық, жеке дамуына ықпал 
ететін дамыту мен тәрбиелеудің тиімді технологияларын жүзеге асыру болып 
табылады. 
Пән бойынша қарастырылатын міндеттер:
-
мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламаларында, 
сандық, кеңістіктік, уақыттық және басқа да балалардың даму деңгейіне 
қойылатын талаптарды, математикалық дайындық әдістерін, мазмұнын, 
мақсатын ғылыми негіздеу;
-
қазіргі тиімді, оның ішінде компьютерлік, мектепке дейінгі балалардың 
математикалық білім беру технологияларын әзірлеу және практикаға енгізу;
-
балабақша мен мектепте негізгі математикалық ұғымдарды қалыптастыруда 
сабақтастықты жүзеге асыру;
-
мектепке дейінгі білім берудің әр түрлі формасындағы ғылымның отандық 
және шетелдік жетістіктерін ескере отырып, балалардың математикалық 
дамуын жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті кадрларды дайындау, оның 
ішінде компьютерлік, мазмұны мен технологияларын әзірлеу;
-
отбасы жағдайында балалардың математикалық түсініктерін дамыту 
бойынша ата-аналарға ғылыми негізде әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. 
Пәннің теориялық негізі тек философия, педагогика, математика 
ғылымдары ғана емес, сонымен қатар өзге ғылымдардан негіз алады.
Оларға кіреді:
-
білім мәселелеріне қатысты ҚР мемлекеттік құжаттары; 
-
ғылыми зерттеу жұмыстары, публикациялар (мақала, монография, ғылыми 
еңбек жинақтары және т.б.); 



-
бағдарламалық-нұсқау құжаттары; 
-
алдыңғы қатарлы педагогтар тәжірибесі, отбасы және балабақшадағы 
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша инновациялық 
педагогикалық тәжірибелері[7,5].
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі дамып, 
жаңа нәтижелерін көрсетіп келе жатыр.
Баланы тұлғалық жағынан жан-жақты қарастыратын, оқыту мен 
тәрбиелеу үрдісін зерделейтін ғылымдармен тығыз байланыстарын көре 
аламыз. Соның ішінде, мектепке дейінгі педагогикамен тығыз байланысты, бұл 
пән мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие және оқыту үрдісін ұйымдастыру 
формалары, әдіс-тәсілдерін, негізгі қағидалары жөніндегі білімдермен 
қамтамасыз етеді. Жеке әдістемелер мектеп жасына дейінгі балаларды 
оқытудағы интеграцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді: тіл дамыту және 
оны оқыту әдістемесі, дене тәрбиесі теориясы және оны оқыту әдістемесі,
музыка және оны оқыту әдістемесі және т.б. баланың толыққанды 
математикалық түсініктерді меңгеру үрдісі жүреді.
Математиканы оқыту баланың танымдық процестерінің ерекшеліктері 
мен заңдылықтарын есепке ала отырып жүргізіледі, ол өз кезегінде психология 
ғылымдарының зерттеу пәні болып табылады. Қабылдау, ойлау, сөйлеу тек 
қана қызмет етіп қоймай, сонымен бірге оқу үдісінде дами түседі.
Психология тұрғысынан заттарды қабылдау, кеңістікті және уақытты 
бағдарлау, 
санау 
баланың 
психологиялық 
ерекшеліктерімен 
және 
заңдылықтарын, білім мен іскерлікті меңгерудегі балалардың жас 
ерекшеліктерін анықтайды, сондай-ақ баланың математикалық дамуының жеке 
бағытын сүйемелдеу жолдарын көрсетеді. 
Оқыту үрдісін рационалды түрде ұйымдастыру балалалардың 
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асады. 
Демек,
анатомия, физиология және балалар гигиенасы
пәнімен байланысын 
айқын көре аламыз. Мектепке дейінгі жастағы балалардың физиологиялық 
үдерістердің өту заңдылықтары балалардың әрбір жасына арналған оқыту 
түрлерін, орнын және ұзақтығын анықтау үшін негіз болып табылады. 
Қазіргі кезде информатикамен байланысты ерекше атап өту керек. Бүгін 
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған информатика бойынша арнайы 
бағдарламалар әзірленді. Балаларды математикаға үйрету үшін арнайы 
компьютерлік орта ұйымдастырылып жатыр. 
Әртүрлі ғылымдармен байланыс математикалық түсініктерді дамыту 
әдістемесінің теориялық негізін құрайтынына көз жеткіздік. 
Бұл пәнде болашақ тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие 
мен оқытудың үлгілік бағдарламасы сәйкес келетін мазмұнды меңгереді және 
теориялық біліммен қаруланады. Атап айтсақ, қарапайым математиканың 
тарихы, педагогикалық-психологиялық негізі, жиын, сан және санау ұғымдары, 
заттың өлшемі, геометриялық пішін мен денелер, кеңістікте және уақытты 
бағдарлау деген ұғымдарды кеңірек алдағы тарауларда қарастырамыз.



Қарапайым математикалық 
ұғымдарды қалыптастыру 
әдістемесінің қалыптасу 
кезеңдері
Бірінші кезең: 
Я.А 
Коменский, 
И.Г. 
Песталоцци, 
К.Д. 
Ушинский, 
Л.Н. Толстой, 
М. 
Монтессори, 
Ф. Фребель
Екінші 
кезең:ХХ 
ғ.20жылдар
ы. Е.И. 
Тихеева, 
Ф.Н. 
Блехер, Л.В. 
Глаголева, 
АВ. Венгер
Үшінші кезең: 
ХХ ғ. 
50жылдары.
А.М. Леушина 
Төртінші кезең: 
ХХ ғ. 60-80
И.А Френкеля, 
Н.А. 
Менчинской,, 
Г.С. Костюка. 
Педагогов: 
А.М. 
Леушиной, Н.Г. 
Бакст, В.В. 
Данилова, Г.А. 
Корнилова, Т.Д. 
Рихтерман
Бесінші кезең: 
ХХ ғ. 80-90 
жылдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет