Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды


 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет7/53
Дата07.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#91576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Звездное небо ПП 2019-2020исправл, Дидактика, 535-professionalno-orientirovannyy-inostrannyy-yazyk- angliyskiy , ТЕСТ ҚБжА платон Статистика каз 18-19 уч — копия, УМКД НОВЫЙ БЛАГОПОЛУЧИЕ, Социальная работа с семьей, Даму психологиясы, Даму психологиясы, Жастармен әлеуметтік жұмыс мақала, ЖӘЖ силлабус, ЖӘЖ силлабус
1.2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 
пәнінің тарихы даму кезеңдері 
 
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі де 
өзге пәндер тәріздес даму кезеңдерінен өткен. (1.1. –кесте) 
1.1.-кесте 
 
 
 
 
 
 
 
Бірінші кезең – әдістеменің эмпирикалық дамуы. Балалардың 
матемтикалық қабілеттерін дамытудың түп тамыры халықтық педагогикаға 
негізделген, яғни санамақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер. Қазақ әдебиетінің
құралдарын балаларды санауға үйретуге, заттың көлемі мен пішінін 
таныстыруда ұтымды пайдалана білген.
Осы кезеңде Ресейде педагогиканың негізін салушы Я.А. Коменский, И.Г. 
Песталоций, Л.Н. Толстой, Ф.Фребель алдын ала даярлықсыз мектептегі 
математика пәнінің бағдарламасын меңгерудегі қиындықтарды анықтаған.
Екінші кезең – ХХ ғасырдың 20-30 жылдары мектепке дейінгі қарапайым 
математиканың әдістеме ретінде қалыптасу кезеңі. Әдістеменің балаларды 
оқыту мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтауда Е.И. Тихеева, Ф.Н. Блехер, Л.В. 
Глаголеваның еңбектерін атап өткен жөн.
ХХ ғасырдың басынан мектепке дейінгі балаларды оқытудың ғылыми 
негізделген дидактикалық жүйесі құрастырыла бастады. Бұл революцияға 
дейінгі кезеңде Ресейде әдістемелік құралдар отбасы мен балабақшадағы 
математиканы 
оқытуға 
бағытталған. 
Ата-аналар 
мен 
тәрбиешілер 
математиканы оқытудың мазмұнынмен таныстырылды.
1912 жылы В.А.Кемництің «Математика в детском саду» атты 
әдістемелік құралы жарық көрді. Оның мазмұны: ойындар, әңгімелер
жаттығулар, 1-ден 10-ға дейін санау, пішін, көлем оның өлшемі [3,66].



1939 жылға дейін Ленинград балабақшасы санауға Л.В. Глаголеваның
әдістемесіне негізделіп, таныстырған. Оның сандарды санау және бейнелеу 
арқылы үйретуге сүйенуді ұсынды. Сондай-ақ әдістерді бірнеше түрлерін 
ұсынған: 
-
тәжірибелік әдіс; 
-
иллюстрациялық; 
-
зерттеушілік; 
-
көрнекілік; 
-
ойын әдістері. 
Үшінші кезең – ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастау алды. Мектепке 
дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың ғылыми 
дидактикалық негізделген жүйесі құрылды. Оның мазмұнын анықтау, 
балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен тәсілдері, дидактикалық 
материалдар жинақтала бастады. Балаларды оқыту үрдісінде А.М. Леушина сан 
және санау түсініктерін дамытудың теориясы мен әдістемесін ұсынды. 
Төртінші кезең – ХХ ғасырдың 60-70 жылдары. Сан және санау 
әрекеттерінің даму заңдылықтары зерттелініп, балаларды ерте жастан бастап 
таныстыруды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негіздей бастады. Ерте 
жастан бастап балалардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып педагог-
психологтер оқыту материалдар, дамытушылық ойындар, әдістемелік құралдар 
жазды. Бұл кезеңнің негізгі зерттеушілері: И.А. Френкель, Н.А. Менчинская, 
Н.Н. Лежавы, А.М. Леушина, Н.Г. Бакст. Ал, ХХ ғасырдың 80 жылдары 
ұарапайым математикалық үғымдарын қалыптастыру әдістемесінің түрлі 
мәселелері зерттелінді. Келесі зерттеушілерді атап айтсақ, Т.В. Тарунтаева, 
В.В. Данилова, Г.А. Корнилова, Т.Д. Рихтерман еңбектерінде баяндалды. 
Бесінші кезең – ХХ ғасырдың 80-90 жылдары. Білім беру жүйесіндегі 
өзгерістерге сәйкес мектепке дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді 
қалыптастырудың біршама жаңашыл идеялары ұсынылды. 80 жылдардан 
бастап әдістеменің мазмұнын жаңарту жолдарымен қатар, жаңашыл әдістерді 
қарастыру басталды. Қазақстандағы математиканы зерделеуші ретінде педагог
Енді алтыншы кезең ретінде ХХІ ғасырдың педагог-зерттеушілердің 
қосып жатқан үлестерімен бөліскіміз келеді. Атап өтсек, Құрманалина Ш.[13], 
Оспанов Т.Қ.[17], Абдрахамонов Қ., Ермекбаева А.[1], Баймұратқызы Б.[6], 
Сансызбайқызы М., Қосанов Б.[14], Акпаева А.Б., Лебедева Л.А.[2], Балабаева 
А.И. [7] және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет