Әлеуметтік философия – бұл тарихи дамуында қарастырылған қоғамның философиялық зерттеуі. Әлеуметтік философия қоғам жүйелерінің құрылымын, олардың қызметі мен эволюциясын, әлеуметтік институттар мен әлеуметтік құндылықтарды, қоғамды бірлік ретінде және оның дамуын зерттейді.
Сократ пен Платон Батыс философиясының дәстүрінде алғаш рет қоғам мен оның жекелеген салаларын түсіну міндетін қойды. Платон өзінің "Мемлекет" және "Заңдар" еңбектерінде ежелгі грек қоғамының логикалық және тұжырымдамалық талдауын, Аристотель "Саясат" атты шығармасында әлеуметтік мәселелерін эмпирикалық және ғылыми тұрғыдан зерттейді.
Антикалық әлеуметтік философия
Платонның идеалды мемлекетіне барлық негізгі қасиеттер тән: даналық қасиеті билеушілерде болса, батылдық қасиеті қамқоршыларға тән болуы керек, ал ұстамдылық қасиеті – қолөнершілер мен шаруалардың ісі. Әділеттілік ізгілігі қоғамда кең тараса, ол мемлекет негізіне айналады.
Антикалық әлеуметтік философия
Платон "Мемлекет " атты шығармасында Конституция түрлерін сипаттайды. Бірінші және ең жақсы конституция – монархия немесе аристократия деп аталады. Конституцияның келесі төрт төменгі түрі – тимократия, олигархия, демократия және деспотизм. Бұл Конституциялардың әрқайсысы идеалды мемлекет ізгіліктерінің тозуына байланысты төмендейді.