Мақсат: Аумақтың жерлерін іске асырудың тиімді тетіктерін жасау.
Ауыл шаруашылығы мақсатында, шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскелерін тексеру жұмыстары өткізілді, оларды нысаналы мақсатында пайдалану мәніне тексеру жұмыстары жалғасуда.
2015 жылғы 1 қарашадағы жер балансына сәйкес, Шахтинск қаласының аумағы 23619 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санаты 2242 га құрайды, олардан:
- саяжай құрылысы мен бақша өсіру үшін азаматтардың жерлері – 208 га (жер пайдаланушылар саны – 2417);
- шаруа қожалығын жүргізу үшін азаматтардың жерлері – 1543 га (шаруа қожалықтарының саны – 18);
- мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғалардың жерлері – 491 га, оның ішінде шаруашылық серіктестік (3 – «Скобарь и К» ЖШС, «ОХ-2008» ЖШС және GoGreen.kz ЖШС) және акционерлік қоғам - 61 га, ауыл шаруашылық кооперативтері – 254 га (Манжин ӨК), басқа кәсіпорындар – 176 га («Сарыарка» ШҚА)
Достарыңызбен бөлісу: |