Тыңдалыммен айтылым Тапсырма [10] Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіннің негізгі ойын анықтап, өз сөзіңізде қолданыңыз, көтерілген мәселені анықтап, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. Сөз және сөйлем ішіндегі екпін түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) қолданыңыз.
1-мәтін
Әлемде сан мың түрлі керемет бар.Тарихи тамаша жәдігерлерге қарап, табиғат пен адамның шеберлігіне таңдай қақпау мүмкін емес. Әлемнің жеті кереметі атауы аңыз бойынша, өзінің жаулап алған жерлерінен әлем саяхатшыларын қызықтыру мақсатында арнаулы 7 орынды белгілеген – Ескендір Зұлқарнайын заманынан қалған. Олардың қатарына: Мысыр пирамидалары, Бабылдың аспалы бағы, Эфестегі Артемида ғимараты, Зевс мүсіні, Галикарнастағы табытхана, Гелиос мүсіні және Александрия шамшырағы кіреді. Алайда, қазіргі күндері әлемнің жаңа жеті кереметі пайда болды. Бұл тізім - алдыңғы тізімнің жаңғыртылған нұсқасы. Әлемнің жаңа жеті кереметі 2007 жылы Португалиядағы «Үш жетілік» күнінде көпшлік назарына ұсынылған болатын.
Олар: Ұлы Қытай қорғаны,Колизей,Мачу-Пикчу, Петра,Тәж Махал, Құтқарушы Иса Мәсіх мүсіні, Чичен-Ица, Гиза пирамидалары
2-мәтін
Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды.