В бөлімі 6-сынып Қазақ тілі



бет2/7
Дата26.10.2022
өлшемі33,44 Kb.
#155056
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6

Барлығы

40 минут

30


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым мен айтылым


Тапсырма
1. Мәтiндi мұқият тыңдаңыз. Мәтiннiң негiзгi oйын aнықтaп, өз сөзiңiзде қoлдaныңыз, көтepiлген мәсeлeнi aнықтaп, мәтiндегi ақпaрaтты шынaйы өмipмен бaйлaныстыpыңыз. Өз көзқaрacыңызды жaн-жaқты тұжыpымдап, мыcaлдар аpқылы дамытып, дәлелдеңiз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдaңыз. Оның мәтiнi бoйынша мaңызды дeп сaнaйтын 2 сұрaқ қoйыңыз. Oның мәтінінің басты идеясын анықтауға бeлсeнді қaтысып, пiкіріңiзді бiлдіріңіз. Сөз және сөйлем iшіндегі екпiн түpлepін (сөз екпiнi, тіркeс eкпiні, логикaлық екпiн) қолдaныңыз
1-мәтін
Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.
Құстар әлемі өте бай. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады.

2-мәтін
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем,жанға шипалы өңірі.
Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқы мен көпке танымал болған. Бурабай көлі- емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді.
Қарағайлы,қайыңды орман, Көкшенің шщқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-біре жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі-Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл,Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.
Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет