В. И. Вернадский Биосфера туралы түсінік


Дала зонасының ландшафттары



бет3/10
Дата03.12.2016
өлшемі2,88 Mb.
#3093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Дала зонасының ландшафттары

Қазақстан аумағында дала зонасы республиканың 30%-дай жерін алып жатыр (77 млн га). Ол Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Жалпы Сыртта, Орал тау алды үстіртінде, Торғай үстіртінде, Сарыарқаның көп бөлігі мен Теңіз, Қорғалжын көлдерінің маңында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай мөлшермен алғанда 2200 км-ге созылып жатыр. Дала ландшафттары орналасқан жерлердің тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы әртүрлі болып келеді. Орал, Мұғалжар тауларына дейінгі батыс бөлігі ежелі платформаның плиталық жазығынан тұрады. Дала ландшафтысы бұл аумақтарда теңіз табанды саз балшықты, борлы жыныстардың негізінде қалыптасқан. Бұл жерлердің шөгінді жыныстары теңіз басуы мен құрлық көтерілуінің нәтижесінде қабаттаса орналасқан лесс тәрізді саздақтан, қиыршық тасты саздақтар мен сазды жыныстардан түзілген. Жер бедері ойпатты, қыратты, үстіртті болып келеді. Сарыарқада ежелгі калеодондық тау жүйелерінің аласа жұрнақтары кездеседі.



7-сурет – Құрғақ дала ландшафттары
Дала зонасы ландшафттарына құрғақ, континентті климат тән болып келеді. Орманды дала ландшафтымен салыстырғанда мөлшері көбірек, бірақ жауын-шашын мөлшері азырақ болып келеді. Жылдық жауын-шашынның мөлшері – 200-300 мм 10°С-тан жоғары температуралардың жылдық жиынтық мөлшері – 2000-2300°. Вегетациялық кезең – 135-170 күн. Ылғалдану коэффициенті – 0,57-0,27.

Қазақстанның дала зонасы климатының нашар сипаты – ылғалдың тұрақты әрі жеткілікті болмауында. Қатты аяздың топырақтың беткі қабаттарын қалың тоңға айналдыруы да ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге өз әсерін тигізеді. Қуаңшылық жылдардың қайталануы солтүстігінде – 40-50%, ал оңтүстігінде – 70-80%. Жылу мен ылғалдың шамасына байланысты дала зонасы мынандай ландшафттық бөліктерден құралады: 1) қара шірік қабаты орташа болып келетін, шөптесінді боз өскен қоңыржай қуаң дала; 2) қара шірік қабаты шамалы болып келетін шөптесінді – бетегелі боз өскен қуаң дала; 3) күңгірт қызыл қоңыр топырақта өскен бетегелі – бозды дала. Ландшафт құрамындағы сортаң­дық топырақ пен грунттың сулы – тұздық режимінің ерекше дамуымен байланысты. Топырақ пен грунттағы ылғал мен тұздың бөлінуіне жер бедерінің мезо және микроформалары мен топырақ түзуші жыныстардың литогендік негіздері әсер етеді.

Қара шірік қабаты орташа болып келетін, шөптесінді боз өскен қоңыржай қуаң дала. Бұл ландшафт түрлері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының территорияларында дамыған. Бұлар Орал сырты үстіртінің денудациялық-акумуляциялық жазығында, Көкшетау маңындағы қыраттарда, Қазақ­станға жалғас жатқан Батыс Сібір көлтабанды жазығында қалыптасқан. Бұл жерлерде кәдімгі және оңтүстіктің қара топырағы таралған. Жазық­тағы ойыс жерлер мен ұсақ шоқыларда сортаң топырақтар кездеседі. Әрбір ағынсыз тұйық ойпаң жерлер белгілі өсімдік тобымен сипат­талатын микроландшафт болып табылады.

Қара шірік қабаты шамалы болып келетін шөптесінді-бетегелі-боз өскен қуаң дала – Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының жерін алып жатыр. Ландшафттың құрылымы саздақты жондар мен сазды жалды – қолатты көлдік, баяу еңістенген сазды абразиялық, сазды-құмдақты денудациялық жонды төбелер мен террасалы алювийлік жазықтардан құралған. Бұл ландшафт аумағындағы қара топырақта түрлі шөптесінді боз дала орналасқан. Мұнда шалғындық-далалық және далалық-сортаңдар жиі кездеседі. Субдоминант типіне жататындар: орман шоқтары өскен жыралар мен сайлар, шалғын­ды және бұталы суффозиялық ойыстар, тұзды және қатқылды сорлар.



Күңгірт қызыл қоңыр топырақта өскен бетегелі – бозды қоңыржай құрғақ дала. Бұл даланың ірі массивтері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Ақмола, Павлодар облыстарында көптеп кездеседі. Жаз маусымында байқалатын қолайсыздау гидротермиялық жағдаймен ерекшеленеді. Ландшафттардың генетикалық әртектілігі олардың биоклиматтық ерекшеліктерімен үйлесімді болып келеді. Ландшафттары жыралы-төбешікті және сортаңды ойпаңдардағы қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ типтерінде қалыптасқан бетегелі-бозды өсімдіктер мен шоқ тоғайлар өскен акумулятивті жазықтар болып келеді.

8-сурет – Селеулі боз дала
Қолатты-қазаншұңқырлы акумулятивті жарықтардың қызғылт қоңыр шал­ғындық топырағында астық тұқымдастар мен шалғындық өсімдіктер, абразиялық сазды жазықтардың сортаң топырағында жусанды – астық тұқымдас өсімдіктер, ежелгі шоқылардың жұрнақтарындағы қызыл-қоңыр шалғындық топырағында далалық бетеге мен көде араласқан шалғындық өсімдіктер таралған.

Дала зонасы аумағындағы жер бедерінің генетикалық әртектілігі мен жылу және температуралық жағдайдың әртүрлігі келесі ландшафт түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді:

1 Шығыс Еуропалық ландшафт типі Жалпы Сыртты, Орал тау алды жазықтары мен Каспий бойы ойпатының жайпақ акумулятивті жазықтарын алып жатыр. Егістік жерлер үшін қолайлы болып келеді.

2 Батыс Сібірлік ландшафт типі Батыс Сібір ойпатының көлді-ылдилы, қолатты жазықтарында таралған.

3 Ұсақ шоқылы ландшафттар аздаған мөлшерде тосқауылдық-орографиялық рөл атқарады.

4 Торғайлық ландшафт типі сатылы жер бедерімен ерекшеленеді. Шалғынды, сортаңды аумақтар жиі кездеседі. Ауыл шаруашылығында қосымша мелиоративтік шараларды қажет етеді.

5 Ормандық-далалық аңғарлық ландшафт типі алювийлі топырақ қабатымен, орманды, бұталы, шалғынды өсімдік жамылғысымен сипатталады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет