В. И. Вернадский Биосфера туралы түсінік



бет10/10
Дата03.12.2016
өлшемі2,88 Mb.
#3093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
18-сурет – Оңтүстік Алтай таулары
Оңтүстік Алтайдың биік нивальды ландшафттары Оңтүстік Алтай, Алтай Тарбағатайы, Сарымсақты, Күршім, Сарытау жоталарының биік көтерілімдеріне сәйкес келеді. Бұл ланшафттардың табиғи жағдайлары аяздық үгілу, нивация, солифлюкция, экзарация сияқты процестердің әсерімен қалыптасқан. Өсімдік жамылғысы қына, мүк сияқты өсімдіктерден тұрады, ал топырақ қабаты мүлдем дамымаған.

Оңтүстік Алтайдағы таулы-шалғынды ланшафттар 1900-2600 м биіктік аралығында таралған. Жазы қысқа әрі салқын болғандықтан (жылы кезең 90-100 күндей), ағаш өсімдіктері аласа, сирек болып келеді. Топырағы шымды горизонты жақсыжетілген, ылғалды таулы-шалғынды топырақ. Шөптесін өсімдіктер жамылғысы аласа, бірақ қалың болып келеді. Мұнда альпі қоңырбасы, альпі атқонағы, қияқөлең, кобрезия және т.б. кездеседі. Бұл ландшафт типінің өсімдіктері үшін вегетациялық кезең өте қысқа, шілдеден тамызға дейін, кейде жаз ортасында қар жауып қалады.

Оңтүстік Алтайдың таулы-орманды ландшафттары биік тектоникалық көтерілім аймақтарына (1400-2300 м) тән болып келеді.

Жылы кезең 90-нан 150 күнге дейін созылады. Жауын-шашынның мөлшері 500-ден 800 мм-ге дейін. Ауаның жылдық орташа температурасы теріс (Марқакөл -4, -4,5). Абсолюттік максимум 29-35, ал минимум -53-55С. Топырағы күлгін типке жататын қара топырақ, өсімдік жамылғысы самырсын, балқарағай және шыршадан құралған. Оңтүстік Алтайда қайың ормандары төмен белдеулерде таралған.

Оңтүстік Алтайдағы орташа биікті таулардың таулы-далалық ландшафттары Нарым және Күршім жоталарының, Қасқажал, Қарақойтас тауларының аумағын­да таралған. Ландшафттың бұл типі 1300-2000 м биіктіктердегі орталық жота­лардың оңтүстік экспозицияларында орналасқан. Бұл ландшафт типінің климаттық жағдайлары алдыңғы ландшафт типіне қарағанда өзгешерек. Веге­тациялық кезеңдегі жылы температуралар жиынтығы 1900-2200.

Оңтүстік Алтайдың таулы-далалы ландшафттарында қара топырақ типтері көп аумақты алмайды, олар тек солтүстік экспозицияларда шөптесінді-бұталы өсімдіктер астында таралған. Ал оңтүстік беткейлерінде көбінесе ксероморфты сілтілі топырақ кездеседі.

Оңтүстік Алтайдың ландшафттық дифференциациясының бір ерекшелігі – тұйық қазаншұңқырлар кешендерінің болуы. Олардың көбі тектоникалық жарылым сызықтарының бойымен бағытталып орналасқан. Олар: Шыңғыстау, Катон, Медведка, Нарым қазаншұңқырлары. Олардың ландшафттарының қалып­тасуына жер бедерінің тосқауылдық әсері, жер асты суларының жақын орналасуы және климаттық жағдайлар әсер етеді. +10С-тан асатын температуралар жиынтығы 2000-қа дейін, шілденің орташа температурасы -17 -19, қаңтарда -20. Өсімдік жамылғысында астық тұқымдастар мен әртүрлі шөптесін өсімдіктер және бұталар мен жекелеген ағаш өсімдіктер кездеседі.

Зайсан қазаншұңқыры ландшафттары

Зайсан тауаралық ойысының ланшафттық құрылымы ұзақ уақыт бойында қалыптасты. Оның аумағында ланшафттық келесі типтері орналасқан: шөл, шөлейт, далалық және сайлық ландшафттар.

Шөл типті ландшафттар ойыстың 40% дайын алып жатыр. Зайсан ойысының орталық бөлігі өте құрғақ, ыстық климатпен ерекшеленеді. Шілденің орташа температурасы 22%, абсолют максимум 38-40. +10-тан жоғары температуралар жиынтылығы 2800-3000 жылына 120-170 мм жауын-шашын түседі, аязсыз күндер саны 130-150. Қаңтардың орташа температурасы – 18-20, абсолют минимум – 51.

Жауын-шашынның аздығы мен жоғары булануға байланысты ауданда өзен торы жиі болғанмен, олардың суы Зайсан көліне жете бермейді.

Топырағы сортаң сұр топырақ, өзен бойларында шалғынды жеңіл саздақты топырақ түрлері кездеседі. Өсімдік жамылғысында бетеге, жусан, селеу, ши, шеңгел, мия, түлкіқұйрық, жүзгін, сафора кездеседі.

Зайсан ойысындағы шөл ландшафттарының ішінде Қызылқұм, Айғырқұм, Бөкен құмды массивтері өз табиғатымен ерекшеленеді. Қара Ертіске тікелей ұласатын Қара Ертіс және Ақжан құмдары қияқты-еркекшөпті-жусанды өсімдік­терімен сипатталады. Төбелі құмды массивтерде жүзгіннің 40 түрі кездеседі.

Шөлейт типті табиғи кешендер Зайсан ойысының 30,4%-дай жерін алып жатыр. Абсолют биіктіктері 600-800 м. Литологиялық құрамы әр түрлі: төрттік кезеңнің жыныстарымен бастап, эрозиялық жұрнақтарда палеозойлық жыныстар да кездеседі.

Климаты шөл типіне ұқсас: өте құрғақшылығымен ерекшеленеді. Көп өзендері, арналары жаз маусымында кеуіп қалады.

Топырағы ашық-каштан топырақ, өсімдік фонын ксерофитті, псаммофитті және фреатофитті өсімдіктер құрайды. Өсімдік жабындысы 30-да 80%-ға дейін, орташа биіктігі – 10-30 см. Олар: жусанның бірнеше түрлері, бетеге, шайқұрай жапырақты спирея. Аталған табиғат кешені Құлынжон, Бөкен, Көкпекті, Бұғаз, Базар, Қарабұға, Ұласты, Қандысу өзен аралықтарының аллювиальды, аллювиальды-пролювиальды жазықтарын алып жатыр.

Зайсан ойысында ландшафттардың далалық типі шектеулі таралған (4,6%). Далалық типтің табиғи кешендері абсолют биіктіктері 800-1000 м аралығында болып келетін көтеріңкі аллювиальды- пролювиальды жазықтарда кездеседі. Бұл жерлерді күңгірт каштан топырағында өсетін спирея, қараған және астық тұқымдас өсімдіктер таралған.

Бұл жазықтар Батыс және Шығыс Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр, Оңтүстік Алтай және Қалба жоталарының бойымен созылып жатыр. Жер беті тегіс, аласа төбелі, құрғақ өзен арналарымен тілімделген.

Климаттық көрсеткіштері: +10◦-тан асатын температуралар жиынтығы 2400- 2800◦, жылдық орташа жауын- шашын мөлшері -350 -370 мм, аязсыз күндер саны 140-160. Климаты құрғақ, жылы.

Өсімдік жамылғысын қарағанды- астық тұқымдастар (селеу, бетеге, тырса), селеулі-жусанды- бетегелі, бетегелі-жусанды ассоциациялар құрайды. Өсімдік жабындысы 80-85% , биологиялық өнімділігі – 5ц/га. Бұл аумақтарда суармалы егіншілік жерлердің негізгі массивтері орналасқан.

Зайсан ойысының 20%-дай жерін сайлы типке жататын табиғи кешендер алып жатыр. Бұл ландшафт типі Зайсан тау аралық қазаншұңқырындағы көптеген өзендердің бойындағы аллювиальды жазықтарды алып жатыр. Мұнда жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар (шалғынды-каштан немесе шалғынды- қоңыр) таралған. Жеткілікті ылғалдану жағдайында қияқөлең, қамыс және шалғынды-шөптесінді өсімдіктер өседі. Кей бөліктерінде талды бұталар, итмұрын, терек, көктерек кездеседі.

Тау жиектерінің ландшафттары үш подкласқа бөлінеді: аласа, орта биіктікті және биік таулар. Зайсан ойысын қоршап жатқан тау жоталары екі табиғи зонада орналасқан: Қалба таулары мен Оңтүстік Алтай жота­лары-дала зонасында, ал Сауыр, Маңырақ, Тарбағатай – шөлейт зонада.

Биіктік ландшафт зоналарының құрылымы тау жоталарының макро­экспозицияларына байланысты. Зайсан ойысына Сауыр мен Тарбағатайдың солтүстік және Оңтүстік Алтай мен Қалба тауларының оңтүстік беткейлері қарайды. Осыған байланысты әр түрлі экспозициялардағы радиациялық баланс, термикалық режим мен жауын-шашын мөлшері де әртүрлі. Зайсан ойысын солтүстік және оңтүстік жағынан таулар қоршап жатқандықтан, мұнда батыс ауа массаларының циркуляциясы басым.

Жер бедеріне байланысты климаттың осы ерекшеліктері биіктік ландшафт зоналары мен белдеулерінің құрылымынан көрінеді. Тау алды жазықтарында шөлейт ландшафттары, ал аласа таулар мен орта биікті тауларда да (1000-2000 м) далалық ландшафттар таралған. Биіктік ландшафттық белдеулігі орографиялық гипсометриялық және морфоқұрылымдық ерекшеліктерге байланысты қатты өзгереді. Тарбағатайдың солтүстік беткейлеріндегі әлсіз тілімделген тау алды және аласа таулы жер бедерлері біртіндеп орта биіктікті тауларға ауысады. Сауыр мен Тарбағатайда 1000 м биіктікке дейін таулы каштан топырағында жусанды-бетегелі, бұталар араласқан өсімдік жамылғысы бар төбелі-жонды аласа таулар таралған. Нарым мен Күршім жоталарында бұл зона 850 м, ал Қалба тауларында 500 м биіктікке дейін орналасқан.

Жер бедерінің әр түрлі микроформалары, жондар мен төбелердің беткей экспозициялары, жер бедерінің тілімделу дәрежесі, көтерілім биіктігі, ежелгі тегістелу беттерінің болуы ұсағырақ табиғат кешендерін: қоныстар мен фацияларды бөлуге мүмкіндік береді.


Сауыр-Тарбағатай тауларының ландшафттары

Сауыр-Тарбағатай таулары Алтайдан оңтүстікке қарай орналасқан көрші тау жоталарымен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Солтүстігінде Зайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр.

Тарбағатай таулары Зайсан қазаншұңқырының оңтүстік және оңтүстік батысында орналасқан. Тарбағатай бірін-бірі жалғастыратын бірнеше жота­лардан тұрады. Ең биік шыңы Тастау (2992 м). Оның батыс бөлігінде Жалаулы тауы теңіз деңгейінен 2962 м көтеріліп, орташа биіктігі 2000 м болатын тау сілемдері 250 км-ге созылып жатыр. Тарбағатайға жалғасып Сауыр-Сайқан таулары жатыр. Олардың ең биік нүктесі Мұзтау (3805 м). Қазақстан жеріне оның тек солтүстік бөлігі енеді. Солтүстік беткейлеріндегі шатқалдарда шағын-мұздықтар бар. Ағын сулардың әсерінен беткейлер үгілуге ұшыраған, беткейлері жақпарлы болып келеді. Сауыр-Сайқанның батысындағы Маңырақ тауы Шорға жазығына дейін созылады. Ол Зайсан қазаншұңқырының оңтүстік- шығысында орналасып, Кендірлік, Еспе өзендеріне суайрық болып табылады.

Климаты қоңыржай, континентті болып қалыптасқан, жылдық жауын-шашын 100-200 мм-дей. Өсіп-өну кезеңіндегі ауа температурасының жиыны 2400-2500. Ландшафт кешендері сұр және қызыл-қоңыр топырақты жерлердің жусанды-сораңды, жусанды-дәнді шөптесіндер мен эфемерлі-жусанды өсімдік топтары тараған малта тасты, саздақты тау етегіндегі ысырынды жыныстар тізбегінен тұратын еңісті жазықтардан құралған. Ландшафт кешендерінің құрамына таудан бастау алған кішігірім өзен оңғарлары да кіреді. Олар көбіне тоғайлы, шалғынды болып келеді, кейде тек бұталар өскен сайлар тәрізді болып та кездеседі. Тарбағатайдың оңтүстік беткейлеріндегі өзен аңғарларында таралған ағаш өсімдіктерімен бірге жабайы алма да өседі. Сонымен қатар, оңтүстік беткейлерінде итмұрын, ұшқат, тобылғы секілді бұталы өсімдіктер таралған, ал солтүстік беткейлерінде дәнді-шөптесінді өсімдіктер өседі. Солтүстігінде дала зонасы 600 м-ге дейін көтеріледі. 600-800 м биіктікте өсімдік жамылғысы: бадам, қараған бұталарынан және тарбағатай бидайығынан, жоңышқа, шырмауық, оттық, боз, Попов мертензиясы, кемпіршөп, қандыгүл, рауғаш секілді шөптесін өсімдіктерден тұрады. Биігірек альпілік белдеуде көкнәр, ботагөз т.б. гүлді өсімдіктер көптеп кездеседі. Альпілік белдеуден жоғары тау тундрасы алып жатыр. Оңтүстік беткейлерінің 1000 м биіктігіне дейін бұталы тоғайлар: тікенді раушан, инелі кекіре, қара жидек, қарақат, ырғай, долана, қара бүлдірген, бөріқарақат өскен. Көк терек, мойыл, шәңгіш, қайың, жабайы алма ағаштары да шоқталып кездеседі. Таулы далалар мен шалғындар мал жайылымы үшін ең қолайлы жерлер болып есептеледі.

Қазақтың ұсақ шоқысы мен Ертіс бойы жазығы

Шығыс Қазақстанның аумағына Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс бөлігі кіреді. Оның геологиялық құрылымын палеозой қатпарлануының эффузивті-шөгінді кешендері құрайды. Аталған аумақтың тектоникасы аса күрделілігімен ерекшеленеді. Шыңғыстау антиклинорийінің сілемдері Арқалық, Мыржық, Қызылтау, Жылытау, Дегелең, Абралы, Ақшоқы, Арқат, Делбегетей, Семейтау тау жоталары түрінде созылып жатыр.



Тектоникалық жағдаймен аумақтың морфоқұрылымдық сипаты ғана анықталып қоймай, оның ландшафттық ерекшеліктері де анықталады. Жерінің салыстырмалы биіктігі, шамамен алғанда, 700-900 м-ден аспайды. Ландшафттық қабаттар да заңды түрде аумақтық жағдайда таралады.

19-сурет – Қазақтың ұсақ шоқысы
Жыл бойында континенттік ауа массалары басым болады, сондықтан, қысы қатты суық, жазы өте ыстық. Ауа райына қыс кезінде жиі қайталанатын Сібір (Азия) антициклоны және оның оңтүстік-батыс тармағы, «Воейков осі» әсерін тигізеді. Ол аталған аумақтың солтүстік бөлігі арқылы өтіп, қыстағы солтүстік-шығыс бағытта соғатын желдердің түзілуін қалыптастырады.

Оңтүстіктен келетін тропиктік ауа массалары ыстық, құрғақ ауа райын қалыптастырып, аңызақ, шаңды дауылдар әкеледі. Қаңтардың орташа темпера­турасы – 16, кейде аяз – 40-қа жетеді, шілденің орташа температурасы 18-23. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 200-225 мм, жауын-шашынның көп бөлігі мамыр айына сәйкес келеді. Өзен режимдері дала зонасындағыдай, бірақ, олардың ағыс мөлшері жыл бойында біркелкі емес, жаз кезінде өзен арналары­ның кеуіп қалуы мен тұздалуы байқалады.

Бұл аймақтың өсімдік жамылғысының түрлік құрамы кедей, сирек әрі аласа болып келеді. Көбінесе құрғақшылыққа төзімді көп жылдық өсімдіктер (бетеге, жусан) басым болып келеді. Тұзды топырақтарда сораң өседі. Сонымен қатар, эфемерлер мен эфемероидтар (қоңырбас, қызғалдақ) кездеседі.

Негізгі топырақ жамылғысы ашық каштан, қоңыр топырақ, құрамында шірінді қабаты аз болып келеді. Ойпаң жерлерінде сортаң топырақ түрі кездеседі. Мұнда бетеге, ақ селеу, қоңырбас, көде, жусан өседі. Семейтау, Делбегетей тауларыныңшөлейтті аймақтарында ши, астық тұқымдастар мен түрлі шөптесінді өсімдіктер, бұталар таралған. Тау беткейлерінде қайың, көктерек, шоқ ормандармен қатар, долана, итмұрын, қарақат, таңқурай бұталары кездеседі.



Шыңғыстаудың оңтүстік беткейлерінде боз-бетегелі, бұталы-шалғынды өсімдіктер (бетеге, қырғыз бозы, селеу, ши, қымыздық, бидайық) өседі.

Сортаң жерлерде қара жусан, бұйырғын, көкпек сияқты өсімдік түрлері кездеседі. Тұзды қиыршық тасты топырақтарда тас бұйырғын таралған.

Жалпы Шығыс Қазақстанның қазақтың ұсақ шоқысы аумағының ландшафт­тары мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Ұсақ шоқылы тау жұрнақтарының арасындағы жазықтың құнарлы жеріне егін егіледі.



Ертіс бойы жазығы Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысында орналасқан. Жазық теңіз деңгейінен 140-170 м биіктікте орналасқан. Қазақтың ұсақ шоқысына таман биіктік 180-200 м дейін көтеріледі. Ертіс өзені бұл аумақта орогидрографиялық ось рөлін атқарады. Басты аймақтық морфоқұрылымды Ертіс бойы жазығы-синеклиза құрайды.

Семей маңындағы Ертіс бойы жазығы Ертіс аңғарына тікелей ұласып оның негізгі оң жағалауын құрайды. 500 м-ге дейінгі қалыңдықтағы неоген-төрттік дәуірдің шөгінді жыныстары жондар мен платолар түрінде көтеріліп, Алтай тауларының сілемдеріне қосылады.

Ертіс бойы жазығында климаттың континенттігі анық байқалады. Қысы аса суық, қаңтардың орташа температурасы – 19-25, аязсыз күндер саны 110-120. Жылдық орташа жауын-шашынның мөлшері 350-380 мм, ең көп бөлігі мамыр, маусым айында жауады. Шілденің орташа температурасы +19; +20, жазы өте құрғақ болғандықтан көптеген өзен арналары кеуіп қалады.

Ландшафттық тұрғыдан алғанда, Ертіс бойы жазығы-құмды жазық болып келеді. Ежелгі эллювиальдық карбонаттық құмдар беткі қабаттта орналасқан.



20-сурет – Семейдің Ертіс бойы жазығының қимасы
Ертіс бойы жазығының эолды құмдар 8%-дай бөлігін алып жатыр. Бұл аумақта Ертіс бойында 300 км жерге дейін созылып реликті қарағайлы орман орналасқан. Аңызақ желдің өтінде тұрған қарағайлар сусымалы құмды бекітіп, ылғал ұстайды. Тізбекті қарағайлы ормандардың орташа биіктігі-30 м. Орман шеттерінді итмұрын, долана, қара жидек өседі.

Ертіс аңғарының топырағы қара қоңыр, арасында ойыс жерлерде, сортаң топырақ та кездеседі. Қара қоңыр топырақты жерлер шөптесін өсімдіктерге бай. Шөптесін өсімдіктері: жалбыз, бидайық, қоға, қияқ, т.б.

Ертіс аңғарында ылғалдық жеткілікті болуына орай, өсімдік жамылғысы әр алуандығымен, молдығымен ерекшеленеді. Өзен жайылымдарында шалғынды шөптер, ылғал сүйгіш орман ағаштарымен алмасады.

Ағаш тұқымдастардан қара терек, ақ терек, тал, қайың, көк терек, бұталардан: ырғай, тобылғы, итмұрын, долана, мойыл, қара жидек, жоңгар қарағаны өседі.

Құмдақты жағада сүттіген, қарандыз өссе, су жағалауында қамыс, қырық­буын, ақ тұңғиық, Яков шаршы гүлі, қара сора, кендір, құрай өседі. Қызыл бояу, дәрілік түймешетен, қияқ, итошаған сияқты дәрілік шөптер де көп.



Ертістің сол жағалауында құрғақ даланың жартылай гидроморфты ландшафт­тары қалыптасқан. Грунт сулары 4-6 м тереңдікте орналасқан, олардың минерелдану деңгейі 5-7 г/л, соған байланысты сол жағалау террасаларында сортаңды-шалғынды-далалық ландшафттар кешені орналасқан. Мұндағы шалғын­ды ашық-қоңыр топырақ типтерінде түрлі шөптесінді-селеулі, бұталы далалар таралған. Сортаң жерлерде галофитті өсімдіктер түрлері – жусанды бетегелі, жусанды-сораңды ландшафт түрлері қалыптасқан. Бұл жерлердің ауыл шаруа­шылығы үшін маңызы аз. Ондағы өсімдік жамылғысының өнімділігі 2-4 ц/га.

Шығыс Қазақстанның ландшафттық құрылымына талдау жасау арқылы, ландшафт дифференциациясына негізінен морфоқұрылым әсер ететіндігі байқалды.

Ландшафттардың жекелеген түрлерін, ауданын есептеу арқылы Шығыс Қазақстанның табиғи жағдайларының табиғат кешендерінің мол жиынтығын қалыптастыруға мүмкіндігі бар екендігін байқауға болады.

Тақырып бойынша сұрақтар:


  1. Шығыс Қазақстанның ландшафттық аудандастырылуы.

  2. Кенді және Оңтүстік Алтай ландшафттарын салыстырыңыз.

  3. Зайсан қазаншұңқырының ландшафттық ерекшеліктері қандай?

  4. Сауыр-Тарбағатайдың биіктік белдеулерінің ерекшеліктері.

  5. Қазақтың ұсақ шоқысы мен Ертіс бойы жазығының орографиялық морфоқұрлымдық ерекшеліктері.

8. Адамның биосферадағы орыны. Ноосфера туралы ілім.

Ноосфера (гр.Noos – ақыл) – ақыл – ой сферасы, биосфераның дамуының ең жоғарғы сатысы – «сана сферасы», бұл термин ғылымға өткен ғасырдың 20-жылдары енгізілген. Бірақ та әлі күнге дейін ноосфера туралы түсінік әрқалай. Бір жағынан ноосфера әлеуметтік экологияның негізгі заңы ретінде, ғылымның ең ірі жетістігі екені мойындалып, ал екінші жағынан, адамның ақыл –ойымен басқарылатын қоршаған орта туралы армандау. Биосфера ілімі сияқты, ноосфера ілімінің де негізін қалаушы – В.И.Вернадский. Петербург университетінің жиырма жастағы студент кезінде, ол бір рефератында былай жазған «адам қазіргі кезеңнің геологиялық күші: бұл күш өсуде және оның өсу шегі көрінбейді»,- деп жазған.

Бұл айтылған ойы кейін оның ғылыми ізденістерінің бастаушысы болды. Ноосфералық идеяларға В.И.Вернадский биосфераның эволюциясын зерттеумен келді, бірақ «ноосфера» деген терминнің өзін қолданбаған еді. В.И.Вернадский: «Жердің келбеті кездейсоқ құбылыстардың нәтижесі емес, ол нақты шектелген геологиялық жер қабықшасы - биомфераға сәйкес келеді. Ол Жер планетасына тән белгілі бір құрылымымен сипатталады. Ол Жер планетасына тән белгілі бір құрылыммен сипатталады. Бұл құрылымды онда жүретін геологиялық процестердің сипатына қарай ұйымдасқан деп атау дұрыс», - деген. В.И.Вернадскийдің ноосфералық концепциясының негізгі тұжырымы: адамзат күшті геологиялық күш; бұл күш адамның саналы ойымен талабы; планетаның келбетінің өзгеруі соншалықты, оның биохимиялық метаболизіміне де әсер етті; адамзат биосферадан басқа жеке дамитын жақта.

В.И.Вернадскийдің идеяларын француз әріптестері қолдады. «Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ, математик, палеонтолог және антрополог Эдуард Леруа және палеонтолог Пьер Тейяр Шарден (1927) болды. Ноосфера ұғымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. В.И.Вернадский Бұл терминді қолдап, кейінгі өзінің еңбектерінде кеңінен пайдаланды.

П.Тейяр Шарден өзінің 1959 жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.



Адамның әсері басқа организмдердің тіршілігінен көп айырмашылығы бар: біріншіден, ол биологиялық емес, өндіріс қызыметіне байланысты. Адамзаттың күші, В.И.Вернадский бойынша, материямен емес, оның ой – санасымен және сол ақылмен бағытталған еңбегімен байланысты. В.И.Вернадкий жазған биосфераның - ноосфераның болашағы ғажап болуы мүмкін, бірақ ол табиғатқа тиіп жатқан антропогендік әсердің кері әсерлерін болжаған. Планетаның келбеті адаммен, оймен өзгертіледі, бірақ: топырақтар, Жердің ауа қабаты, құрлықтардың табиғи сулары, теңіз жағалаулары, мұхит бөліктері бұзылуда. Вернадский көрсеткен, ХХ ғасырда Жер тарихында алғаш рет адам бүкіл биосфераны білді және қамтыды, барлық бетіне таралды. «Адамзат өз өмірімен біртұтасқа айналды» деп жазды ол. «Біз дүние болып жаралғаннан бері тұңғыш рет жаңа қосындылардың жасалуына, жер дидарының танымайтындай өзгеруіне куә болғалы отырмыз», - деп ой толғайды.

Адамның шын мәнінде, дүние дидарын өзгертіп жіберерліктей геологиялық күшке айналғандығын біз өзімізде нақты сезініп жүрміз. Адамзат қазір тірі организмдер пайдаланылатын қуаттан 10 есе артық қуат өндіріп отыр. Бүкіл әлемде атмосфераның жыли бастағаны, екі полюстің екеуінде де озон қабатында «тесіктер» пайда болғаны, т.б. толғандырады. Ноосфера ілімі үшінші мыңжылдықта бұрынғыдан да көкейтесті бола түсетінін қазірдің өзінде айта аламыз. Жер бетіндегі тіршіліктің тек ақыл ой ғана сақатап қалатынын білу үшін көп ақылдың керегі жоқ. Вернадский ноосфераны адамның өмірді өз қалауынша өзгеруіне бағытталған, табиғат пен қоғамның өзара байланысының ғылыми ойға негізделген, сапалық тұрғыдан жаңа түрі деп анықтағанда осыны ойда тұтқан.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет