В. И. Вернадский Биосфера туралы түсінік



бет2/10
Дата03.12.2016
өлшемі2,88 Mb.
#3093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жан Батист Ламарктің эволюциялық ілімі."Тірі табиғат өзгермейді" деген көзқарастың басым болуына қарамастан биолог-ғалымдар нақты материалдарды жинап көбейте берді. XVII ғ. микроскоптың ашылуы, оны түрлі биологиялық зерттеулерге қолдана бастау көптеген ғалымдардың тірі табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп ой-өрісін дамытты. Эмбриология мен палеонтология өз алдына ғылым болып калыптасты. Француз ғалымы Жан Батист ЛамаркбиологиядаДарвинге дейінгі органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салған. Ж.Б.Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлар құрылысын тереңірек зерттеуінде. "Зоология философиясы" (1809 ж.) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеді.


Ламарк:"Тіршілік өте қарапайым тірі денеден пайда болып қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға қарай дамиды жене бұл құбылыс өте баяу жүреді" — деді. Ламарктің эволюциялық көзқарастары көптеген деректермен делелденгендіктен эволюциялық теорияға айналды. Ламарк жаңа түрдің пайда болуында эволюцияның негізгі факторы — сыртқы орта (жер бетіндегі гидрогеологиялық жағдайдың ауысуы мен ауа райының өзгеруі) және уақыт екендігін ерекше ескертті.

Луи Пастер ұсынысы. Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (18221895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердіңспоралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.


Абиогенез теориясын жақтаушылар Л.Пастер тәжірибесінің дәлелділігін мойындамады. Олардың бір тобы жер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш бар деген пікірді ұсынды. Бұл көзкарас креационизм (латынша "creatio" — жаратушы) деп аталады. Осы көзқарасты К.Линней, Ж.Кювье, т.б. колдады. Жер бетіне тіршілік тұқымы басқа ғаламшарлардан метеориттер арқылы үнемі таралып тұрады деген де көзқарастар болды. бұл көзқарас ғылымда панспермия теориясы (грекше "pan" — барлық және "sperma" — тұқым) деген атпен белгілі. "Панспермия теориясын" 1865 жылы алғаш неміс ғалымы Г.Рихтер ұсынған. Оның пікірі бойынша жер бетінде тіршілік бейорганикалық заттардан пайда болмайды, яғни тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған. Бұл көзқарасты сол кездегі көрнекті ғалымдар Г.Гельмгольц, Г.Томсон, С.Аррениус, П.Лазарев, т.б. қолдады.

Тіршілік мәңгі, ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған. XX ғасырдың бас кезінде швед ғалымы С.Аррениус (18591927 жж.) панспермия тұжырымын колдады. "Ол тіршілік ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің қысымы арқылы бір аспан денелерінен екіншісіне ауысып отырады,"— деп түсіндірді. бұл тұжырымды қолдаушылар тіршілік Жерге метеориттер арқылы келуі мүмкін деген пікірде болды.

Тіршілік жер бетінде мәңгілік деген теорияны 1880 жылы неміс ғалымы В. Прейер ұсынды. бұл көзқарасты аса көрнекті орыс ғалымы В.И. Вернадский де жақтады. бұл теория: "Тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында ешқандай айырмашылық жоқ",— деген пікірге келіп тіреледі. Тіршіліктің пайда болуы деген ұғым тікелей тірі азғалар туралы деректердің кеңеюімен жене тереңдей түсуімен тығыз байланысты. Бұл салада неміс ғалымы Э. Пфлюгердің (1875 ж.) нәруызды заттардың шығу тегін зерттеуінің маңызы зор. Ол нәруыздың цитоплазма құрамының негізгі бөлігі екендігіне ерекше мән беріп, тіршіліктің пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысты.

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас биопоэз теориясыдеп аталады (биохимиялық эволюция теориясы деп те атайды). Бұл теорияны 1947жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж. Бернал биогенездің үш кезеңін ажыратты. Оның



  • бірінші кезеңі — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы.

  • Екінші кезеңі — биологиялық полимерлердің түзілуі.

  • Үшінші кезеңі — менбраналы құрылымдар мен алғашқы ағзалардың (протобионттардьщ) пайда болуы.

Қазіргі кездегі биология ғылымының жетістіктеріне сәйкес тіршілік деген ұғымға көптеген анықтамалар беріліп жүр. Солардың ішінде орыс ғалымы М.В.Волькенштейннің берген анықтамасы ғылыми тұрғыдан дұрыс деп есептеледі. Бұл анықтама бойынша: "Жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдер — нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының биополимерлерінен тұрады және олар өзін-өзі реттеп отырады. Тірі организмдер артына өзі тектес ұрпақ қалдырып, тіршілік үнемі жалғасып отырады". Бұл анықтама әлем кеңістігіндегі басқа да ғаламшарларда жер бетіндегі тіршіліктен өзгеше тіршіліктің болуын жокка шығармайды.
4.2. Эволюцияның даму кезеңдері

Биосфера эволюциясы биотадан бұрын болған, химиялық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен және дұрысын айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады. Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары төменде келтірілген.

Биоталық эволюциядан бұрынғы кезеңнің біртіндеп алмасып отырған сатылары:


  1. Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі (шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын). Алғашқы пайда болған атмосфераның температурасы жоғары, тез қалпына келетін болған, сутектен, азоттан, су буынан, метаннан, аммиактан, инертті газдардан құрылған, көміртек оксидінің, сутекті цианның, формальдегид пен басқа жай қосылыстардың болуы мүмкін.

  2. Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның бірітіндеп сууының нәтижесінде заттектердің абиотикалық айналымы пайда болды. Сұйық су пайда болып, гидросфера құрылды, су айналымы, элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділерде бірнеше фазалық химиялық реакциялар жүрді. Автокатализдің арқасында молекулалардың түзілуі мен өсуі орын алған.

  3. Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, радиоактивтіліктің және әртүрлі энергиялық күш нәтижесінде көміртектің, азоттың, сутектің, оттектің жай қосылыстары конденсация мен полимеризация процестеріне түсулері арқылы органикалық қосылыстар түзілген.

  4. Бұл төртінші сатыны антропоген (терминді академик А.П.Павлов 1922 жылы ұсынған) сатысы деп атауға болады, себебі Жердің геологиялық тарихының соңғы кезеңі. Осы антропогендік кезеңнің көрнекті оқиғасы эволуцияның басқарушысы саналы адамның пайда болуы (кезеңнің атауы осыдан шыққан). Адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуы техногенезге өте көп мөлшерде заттек пен энергия ағысын тартып, биоталық айналымның тұйықтылығын бұзды, антропогенді экологиялық дағдарыстар туды және эволюцияның негативті факторына айналды.



3-ДӘРІС

Тақырыбы: Жер бетінің құрылуының негізгі ерекшеліктері

Жердің жалпы ерекшеліктері

  Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген.
  Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метоморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қанажер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың дамаңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температураснан жоғары болады. Ал жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып кетеді.
  Көптеген планеталар массаларының Жерге қарағанда азырақ болуына байланысты, тартылыс күші де кем болады да, тығыз даәлді атмосфера қабатын ұстап тұруды қамтамассыз ете алмайды. Планета өмір сүру уақытында оның табиғаты бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Әр кезеңдерде тектоникалық іс-әрекет белсенді көріністер берген: құрлықтар мен мұхиттардың көлемі мен келбеті өзгерген, Жер планетасына космостық денелер құлаған, бірнеше рет мұз жамылғылары пайда болып, жоғалып кетіп отырған. Бұл өзгерістер органикалық дүниенің дамуына түпкілікті әсер ете қоймаған.
  Географиялық  қабықтың құрамына: литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера кіреді. Бақылауға мүмкін, космостық кеңістікте Жерге ұқсайтын басқа аспан денелерідәл қазірге дейін байқалмайды.

                                                                 


                                                  Жердің пішіні мен өлшемі  

Күн жүйесінің ішінде Жер планетасы да шар тәріздес пішінге ие. Жердің шар тәріздес екендігі туралы алғаш айтқандар қатарында грек ойшылы Пифагор болды. Ал Аристотель Айдың тұтылуына бақылау жасау арқылы Жер көлеңкесінің Айға түсуінен қорытынды шығарған, яғни Жер шар тәріздес деп айтқан. Келе-келе бұл ойлар, болжамдар, есептеулер арқылы да дәлелдәнген. XVII ғасырда И.Ньютон мынадай жобалау жасаған : Жер өз білігінен айналуына байланысты полюсте арақашықтық кішірейіп, сығылады. Сөйтіп, ғалым Жер шар тәріздес пішінде деп қорытынды шығарған. XVІІІ ғасырдың ортасында полюс пен экваторға жақын жатқанмеридиандарды өлшеуде бірдей еместігін дәлелдеген. Онда экваторлық радиус полюстік радиустан 21 км-ге ұзын екендігі анықталған. Бұдан біздің Жер дәл шарға емес, эллипстік түрге ие екендігін көреміз. Ертедегі саяхатшылар да Жер шарын айналу саяхаттарында Жер шар тәріздес деген ойлар айта бастаған. Олар оны теңіздің жағасынан алыстаған сайын көкжиектің алыстан көрінуімен байланыстырады. Жердің шар тәріздігінғылыми түрде космостан түсірген суреттер, Жер бетін геодезиялық өлшеулер, Ай тұтулары дәлелдеген. Әр түрлі тәсілдермен өлшеу Жердің негізгі мынадай өлшемдерін нақтылап берді:

орташа радиус – 6371 км;

экватор радиуысы – 6378 км;

поляр радиусы -6357 км;

экватор ұзындығы – 40076 км;

Жер салмағы – 5976 х 10  кг;

Жер беті көлемі – 510 млн км .


  Күннен алыс жатқан үшінші планета – Жер, көлемі бойынша 5-орында, Жер орбитасы эллипстік пішінге ие. Жер мен Күн арасының максымалды арақаш


Жердің өлшемі. Космостан түсірілген фотосуреттерде Жер күнмен жарықталған шар тәрізді және фазалары да Айдың фазалары тәрізді болып көрінеді.
  Жердің пішіні мен өлшемі туралы дәлірек деректер градустық өлшеулер, яғни Жер бетінің әр түрлі орнында 1  доғаның ұзындығын километрмен өлшеу нәтижесінде табылады. Осы тәсілді біздің эрамызға дейінгі III ғасырда Египетте тұрған грек ғалымы Эратосфен қолданған еді. Қазіргі кезде осы тәсіл үлкен дәлдікпен геодезияда- Жердің пішіні мен оның бетіндегі (оның қисықтығын ескргендегі) өлшеулер жайындағы ғылымда қолданылады.
   Тегіс даладан бір меридианның бойында жатқан екі орын таңдап алынады да, олардың арасындағы доғаның ұзындығын градуспен және километрмен анықтайды. Содан кейін 1 -қа тең доға ұзындығының қанша километрге сәйкес екендігін есептеп шығарады. Таңдап алынған нүктелердің арасындағы меридиан доғасының градуспен алынған ұзындығының осы нүктелердің географиялық ендіктерінің   = -  айырмасына тең екені анық. Егер осы доғаның километрмен өлшенген ұзындығы   -ге тең болса, онда Жердің шар тәрізділігінен доғаның бір градусына километрмен алынған мынадай ұзындық сәйкес келеді: n=   . Сонда Жер меридианның L ұзындығы километрмен есептегенде L=360  n болады. Оның 2 -ге бөліп, Жер радиусын табамыз.            

Құрылысы.   Космос аппараттарының  бортынан алынған көптеген фотосуреттер жер шарының негізгі үш қабықшасын көруге мүмкіндік береді: атмосфера және оның бұлттары, гидросфера және өзінің табиғи қабаттарымен бірге алынған литосфера. Осы қабықшалар сәйкес келетін заттың үш агрегаттық күйі – газ,сұйық және қатты күйлер бізге- Жер тұрғындарына үйреншікті болып кеткен. Күн жүйесіндегі планеталардың көпшілігінің атмосферасы бар, бірақ қатты қабықша Жер тобындағы планеталарға, планеталардың  серіктеріне және астероидтарға ғана тән. Ал Жердің гидросферасы Күн жүйесі үшін бірден-бір ғана құбылыс, бізге белгілі планеталардың бірде-біреуінде ол жоқ. Су сұйық түрде болу үшін, әрине, белгілі температуралық және қысымдық шарттар орындалуы тиіс. Су әлемде ең көп таралған химиялық қосылыстар қатарына жатады, бірақ басқа аспан денелерінде ол өзінің қатты күйінде кездеседі, ол бізге Жер бетінде қар, шық және мұз түрінде белгілі.
   Литосферада өтіп жатқан процестерден, оның заттарының химиялық құрамынан миллиардтаған жылдар бойы өтіп жатқан өзгерістердің өзін байқаймыз. Радиоактивтік элементтердің ыдырауы кезінде бөлініп шығатын энергияның арқасында заттың балқуы және бөлектенуі өтеді. Осының нәтижесінде жеңіл қосындылар, бұлар негізінен силикаттар, жоғары, қабыққа ұмтылады да, ал ауыр элементтер орталық бөлікті- ядроны құрады.
   Жер қабығының қалыңдығы онша емес: 10 км-ден (мұхиттардың түбінде) 80 км-ге дейін (тау өркештерінің астында). Ядроның радиусы планета радиусынан екі есе кіші, ал ядро мен қабықтың арасында аралық қабат- Жер мантиясы орналасады, ол қабыққа қарағанда тығызырақ заттардан тұрады.
   Космос аппараттарының көмегімен орындалған зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, Айдың және Жер тобындағы планеталардың ішкі құрылысы жалпы түрде бірдей екен.
    Жердің массасы және тығыздығы. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы аспан денелерінің аса маңызды сипаттамаларының бірін- массаны, оның ішінде біздің планетаның массасын , анықтауға да мүмкіндік береді. Шындығында да, бүкіл әлемдік тартылыс заңынан еркін түсу үдеуінің g=G  екендігі шығады. Демек, егер еркін түсу үдеуі, гравитация тұрақтысы және Жер радиусы белгілі болса, онда оның массасын анықтауға болады. Көрсетілген формулаға g=9.8 м/с , G=6.67   H /кг , R =6370 км мәндерін қойып, Жер массасының M=6 10 кг екенін табамыз.
  Жердің массасы мен көлемін білгеннен кейін, орташа тығыздығын есептеп табуға ьолады. Ол 5,5 10 км/м -ге тең.           
  Атмосфера.  Жерді қоршаған газ қабықшасы- атмосфера 78% азоттан, 21% оттегінен және болымсыз мөлшердегі басқа газдардан тұрады.
   Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады, ол 10-12 км биіктікке дейін (орта ендіктерде) созылып жатады. Одан биіктеген сайын температура төмендейді. Онан жоғары стратосферада температура тұрақты дерлік болып қалады (-40С маңында). Ал шамамен 25 км-дей биіктіктен бастап бұл қабат Күннің ультракүлгін сәулелерін жұтатындығынан температура баяу артып отырады.

Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында күн сәулелері күшті иондану туғызады. Атмосфераның ионданған қабаты ионосфера деп аталады. Атмосфера космос кеңістігінен Жерге келетін сәулелерден басым бөлігін шағылдырады немесе жұтады. Мысалы, ол Күннің рентген сәулелерін жәбермей, ұстап қалады. Атмосфера бізді микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және космос сәулелерінің – жедел қозғалатын бөлшектердің ағынының бүлдіру әрекетінен де сақтайды.


  Атмосфера Жердің жылу балансында ерен маңызды роль атқарады. Көрінетін Күн сәулелері атмосфера арқылы ешбір бәсеңсімей өте алады. Оларды Жер беті жұтады, осыдан келіп ол жылынады да , инфрақызыл сәулелер шығарады. Осы күнгі көзқарастар бойынша гидросфераның және атмосфераның болуы арқасында ғана жерде тіршілік пайда болған. Міне, сондықтан да экология мәселесі, біздің бірегей планетамыздың табиғатын қорғау ерекше маңыз алуда.
     Магнит өрісі. Жердің магнит өрісі  біршама зор. Жерден алыстаған сайын магнит өрісінің индукциясы әлсірей береді.
Жер маңындағы кеңістікті космос аппараттары көмегімен зерттеу біздің планетамызды қуатты радиациялық белдеу қоршап тұрғандығын көрсетті, алллл ол- үдей қозғалатын зарядталған элементтер бөлшектер- протондар мен электрондардан тұрады. Оны жоғары энергиялы бөлшекткр белдеуі деп атайды.
Белдеудің ішкі жағы шамамен Жер бетінен 500-5000 км-ге дейін созылып барады. Радиациялық белдеудің сыртқы жағы Жердің 1-5 радиустарындай биіктіктер аралығында. Ол негізінен он мыңдаған электронвольт энергиясы бар электрондардан тұрады.

Радиациялық белдеуді құратын бөлшектерді Жердің магнит өрісі сірә,Күннен ұдайы шығарылып тұратын бөлшектерден қармап алатын болуы керек.

Бөлщектердің аса қуатты  тасқыны , әсіресе Күндегі жарылыс құбылыстары кезінде, яғни Күндегі оталыстар кезінде пайда болады. Күн бөлшектерінің  тасқыны  400-1000 км/с жылдамдықпен заулап ,өздерін туғызған Күн бетіндегі ыстық газдардың  оталысынан 1-2 күн өткеннен кейін              Жерге келіп жетеді. Осындай күшті корпускулалық тасқын Жердің магнит өрісін ұйытқытады. Магнит өрісінің  өзгеріс-сипаты тез және оқыс құбылады, осыны магнит дауылы дейді.

2.Өмірдің жерде дамуы

Ғалымдаржердіңжасы 4,5 – 5 млрджылдепесептейді. Жертарихыкелесідей 5 заманғабөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозойжәнекайнозой. Өтеертедетүзілгенжерқыртыстарынантабылғанқазбақалдықтарғасүйенеотырып, органикалықдүниеніңдамутарихынанықтапбілугеболады.



Архей заманы – жер қыртысының тарихындағы көне заман. Біздің уақытымызға дейінгі оның жасы 3 500 млн жыл. Осы эрада жер бетінде тіршілік пайда болған. Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың қалдықтары табылған. Бұл ағзалар тіршіліктің ядросыз формалары – прокариоттарға жатады. Олардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде теңіз сулары бірте-бірте оттегіге қаныққан.

Протеразой заманы. Ең ұзаққа созылған (2 600 млн.жыл) бұл заманда алғашқы тау тұзілу әрекеті жүре бастады. Тіршілік аса күшті қарқынмен дамып, прокариоттардан эукариоттар, бір жасушалылардан көпжасушалылар пайда болды.

Протерозой заманындағы органикалық дүниенің дамуына ықпалын тигізген ароморфоздар келесідей:



  1. Жануарларда екі жақтылық симметрия (билатеральды) қалыптасып, соның нәтижесінде қорғаныш қызметін атқаратын дененің арқа жағы, коректену мен қозғалуға икемді бауыр жағы, сол сияқты алдыңғы және артқы бөліктері ажыратылды.

  2. Ең жоғары сатылы жануарлар – желілілер типінің алғашқы өкілдері шықты (қандауырша).

  3. Желбезек түрінде тыныс алу мүшелері қалыптасты.

Палеозой заманы. Бұл ертедегі тіршілік заманы. Жасы – 570 млн. Жыл. Бұл заман 6 кезеңге бөлінеді: Кембрий, Ордовик, Силур, Девон, Карбон (тас көмір) және Пермь.

Кембрий. Қоңыржай климаты бар бұл кезеңде тіршілік негізінен суда болды. Құрлықта тек бактериялар мен көк-жасыл балдырлар тіршілік етті. Бұл дәуірдің орта шенінде тау түзілу әрекетінің қауырт жүруіне байланысты құрлықтың көп бөлігі су астынан босап шықты. Алғашқы құрлыққа шыққан өсімдіктер псилофиттер болды. Құрлыққа бейімделу барысында ұлпалар мен мүшелер түзілді. Олардың құрылысы күрделеніп, псилофиттер спора арқылы көбейетін жоғары сатылы өсімдіктермен алмасты..

Ордовик кезеңінде алуан түрлі жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар теңіз түбін қалың орман тәрізді алып жатты. Көптеген шоғырлы маржан полиптерінің қаңқасынан маржан рифтері түзілді. Басаяқты және бауыраяқты былқылдақденелілер одан әрі дами түсті.

Силур кезеңінің аяғында климат өзгеріп тау түзілу әрекетінің қауырт жүруіне байланысты құрлықтың көлемі артты. Теңіздерде тікентерілілер, сауытты балықтар пайда болды. Бұл кезеңдегі ең ірі ароморфоз буынаяқтылардың құрлыққа шығуы еді. Алғаш құрлыққа шыққан жәндік - өрмекші тәрізділер.

Девон кезеңінде климат одан әрі құрғап, теңіздердің көлемі азайып, тіпті шөл, шөлейт жерлер пайда бола бастады. Теңіздерде сауытты балықтар азайып, олардың орнын шеміршекті және сүйекті балықтар басты. Олардың ішінде қостынысты және саусаққанатты балықтар кішігірім су қоймаларын мекендеп, құрлыққа жақын жерлерде тіршілік етті.

Тас көмір кезеңінің жылы және ылғалды климаты құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Бұл кездегі өсімдіктер спора арқылы көбейетін алып шаңжапырақтар қырықбуындар мен плаундар болды. Тас көмір кезеңінің аяқ шенінде климаттың құрғап салқындауынан стегоцефальдар жойылып – сумен байланысын толық үзген нағыз құрлық жануарлары – бауырмен жорғалаушылар дамыды.

Пермь кезеңінде құрлықтың көлемі едәуір артып, климат одан әрі салқындай түсті. Алып ну ормандар экваторға қарай жылжып шаңжапырақ тәрізділер жойыла бастады. Оларды жалаңаштұқымды өсімдіктер ығыстыра бастады. Жорғалаушылардың терісінің сыртына мүйізді қабыршақтан тұратын қорғаныш қабат пайда болды. Тыныс алу тек өкпе арқылы жүзеге асты. Жүректерінің қарыншасының ортасында толық емес бөлме пайда болды, тұлғамен аралас қан аққанмен, оның құрамында венозды қанға қарағанда артериальды қан көбірек болды. Сөйтіп денеде жүретін зат алмасу үрдісі біраз қарқындай түсті. Осындай бейімдеушілік белгілерінің дамуына байланысты палеозой заманының ең соңында бауырымен жорғалаушылардың алуан түрлі өкілдері әртүрлі тіршілік орталарын иемдене бастады. Птерозаврлар ауада қалықтап ұшып, ихтиозаврлар сулы ортаны, диплодок құрлықты мекендеді.

Мезозой заманы. Бұл орта ғасырда тау түзілу әрекеті көптеген аймақтарды қамтып, климат әлдеқайда құрғақ болып, құрлықтың көлемі арта бастады. Бұл заман үш кезеңді біріктірді: триас, юра, бор.

Триас. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар заманы деп атайды, өйткені сумен байланысы бар ағзалар тіршілігін жойып, олардың орнына нағыз құрлыққа бейімделген өсімдіктер мен жануарлар келді. Шаңжапырақ тәрізділерді жалаңаш тұқымды өсімдіктер, қосмекенділерді бауырмен жорғалаушылар ығыстырып шығарды. Бауырмен жорғалаушылар эволюциясы күшті қарқынмен дамып, олар барлық тіршілік орталарын игеріп алды.

Юра кезеңінде жылы теңіздерде бірқатар басаяқты былқылдақденелілер өкілдері аммониттер мен белемниттер және теңіз бауырымен жорғалаушылары ихтиозаврлар мен плезиозаврлар тіршілік етті. Осы уақытта тіршілік еткен археоптерикс құстардың шығуына жол ашты.

Бор кезеңінде жалаңаштұқымды өсімдіктер көптеп жойылып, жабық тұқымдылар кең өріс алып, жер бетіне тарала бастады. Климат одан ары салқындап теңізден келетін ылғалды желді тау жоталары бөгеп, теңіз суы кейін шегініп, өсімдіктер қурап азая түсті. Сөйтіп мезозой заманының аяқ шенінде жер бетін, суды мекен еткен алып бауырымен жорғалаушылар сыртқы орта жағдайының қолайсыздығынан жойылып, олардың орнына құрылым дәрежесі әлдеқайда жоғары омыртқалылар – құстар мен сүткоректілер келіп шықты.

Кайнозой заманы. Бұл жаңа тіршілік заманында осы кәзіргі кездегі флора мен фаунаның қалыптасу әрекеті жүрді. Кайнозой екі кезеңді біріктіреді – үштік және төрттік кезеңдер.

Үштік кезеңнің алғашқы жартысындағы жылы климат тропиктік және субтропиктік флораның кең өріс алуына мүмкіндік тұғызды. Мәңгі жасыл қылқанды жапырақты ағаштардан тұратын ормандар жойылып, қысқа қарай жапырағын түсіретін жалпақ жапырақты ағаштармен алмасты. Бірте-бірте шөптесін өсімдіктер, әсіресе астық тұқымдас өсімдіктер таралған, ашық далалы жерлер пайда болды.

Төрттік кезең. Жер бетінде тіршіліктің дамуының ақырғы кезеңі. Бұл кезеңге тән сипат-бірнеше рет мұз басуды басынан өткізу. Мұз басудың нәтижесінде бірқатар ірі сүткоректілер жойыла бастады. Оларға мысалы, үнгір аюы мен үнгір арыстаны, алып құндыз, жүнді керік, қылыш тісті жолбарыс т.б. жатады. Осындай өліп біткен жануарлардың қазба қалдықтары Қазақстан территориясынан да көптеп табылды. Ірі топтағы сүткоректілердің жойылып кетуін ғалымдар алғашқы адамдардың аңшылық іс-әрекеті мен климат жағдайларына байланысты деп жорамалдайды. Ұсақ жануарлардың көпшілігі суықтан інге немесе ұяға тығылу арқылы көптеп сақталып қалды. Мұндай сүткоректілердің көбею мерзімдері қысқа қатаң климатқа бейімделуге ыңғайлы болды. Бертін келе жануарлар мен өсімдіктер әлемі кәзіргі қалыпқа келді.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары

  1. Алғашқы тірі ағзалар қашан пайда болды?

  2. Протерозой заманында тірі табиғат қандай ағзалардан тұрды?

  3. Омыртқалы жануарлардың қандай дене құрылыстарының ерекшеліктері құрлыққа шығуларына жол ашты?

  4. Архейде, протерезойда, палеозойда жердегі тіршіліктің даму қалай жүрді?


4-ДӘРІС

Тақырыбы: Биосфера және географиялық қабық

Табиғат – Жер мен Әлем кеңістігі аралығын жалғастырушы, тұрақтандыру­шы болмыс. Оның құрамдас бөліктері: Әлем кеңістігі, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера. Бұл аталған төртеуі – қоршаған ортаны құрайтын, бірімен бірі сабақтас, бір-бірімен әрекеттес, бір-бірінен туындайтын табиғит болмысы. Оларды зерттейтін ғылым – география. Табиғатты тану – қоршаған орта мен адамның арақатынасын және де олардың дамуын, өзгеруін зерттейтін ғылымдар жүйесі. Қоғамның дамуымен байланысты адамның табиғатты игеруі де біртіндеп күрделене түседі.

Құрлық пен мұхиттардың бірге алынған барлық табиғат комплекстері – Жер бетін тұтас қамтып жататын, біртұтас планетарлық табиғат комплексі – географиялық қабық деп аталады. Атмосфера, литосфера, гидросфера мен биосфера – бұл географиялық қабықтың құрамдас бөліктері. Барлық осы қабықтар тұйық өмір сүрмейді, олар бір-біріне өзара әсер етеді.

Географиялық қабық – адамзат қоғамы өмір сүріп, дамитын табиғи орта.

Географиялық қабық – атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы бөлігі, бүкіл гидросфера мен биосфера өзара бір-біріне енетін және өзара әсер ететін Жер қабығы. Георафиялық қабықтың жоғарғы және төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр түрлі белгілейді. Оның нақты шекарасы жоқ. Көптеген ғалымдар оның қалыңдығы орта есеппен 40-55 км аралығы болар деп есептейді. Жердің көлемімен салыстырғанда ол жұқа қабық.

Компоненттердің өзара әсер етуінің нәтижесінде географиялық қабықтың өзіне ғана тән қасиеттеріне ие болады. Мұнда тірі организмдер бар, топырақ, жасыл өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, онда органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыру процесі жүріп жатады. Заттар қатты, сұйық және газ түрінде болады, мұның Жер бетінде тіршілікті дамыту үшін зор маңызы бар.



Географиялық қабық – ландшафттық қабық, эпигеосфера — атмосфера, литосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін Жердің беткі (жоғарғы) қабығы. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі — мұнда заттар үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық және газ) болады. Екінші ерекшелігі — Географиялық Қабықтың бір-бірімен тығыз байланыста болатын орталығында (ядросында) органик. өмір пайда болуы. Бүкіл органик. өмір өзінің әр алуан көрінісі арқылы литосфераның бірнеше жүздеген метрінен бастап, 4 — 5 км тереңдікке дейін (гипергенез қабатына дейін) және ауа ағындары арқылы стратосфераның төм. қабатына (озоносфера қабатына дейін) дейін таралады. Құрлықтағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы жер бетінен 30 — 40 км тереңдікте, ал тау сілемдерінде 70 — 80 км тереңдікке жетеді. Дүниежүз. мұхиттардағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы 5—8 км тереңдікте, яғни жер бетіне жақын орналасқан. Географиялық қабықты түзуші компоненттерге (құрамдарына) тау жыныстары, ауа массасы, топырақ жамылғысы, су көзі және биоценоздар, полюстік ендіктердегі мұздықтар жатады; негізгі энергет. құраушыларына гравитациялық энергия, планетаның ішкі (эндогенді) жылуы, Күннің сәулелі (радиациялық) энергиясы және ғарыштық энергия жатады. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі — оның біртұтастығы. Қабықтың құрамдас бөліктері арасында үнемі зат пен энергия айналымы болатындықтан, біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да өзгеріске ұшыратады. Екінші ерекшелігі — зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғи процестер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Мұнда айналымдардың күрделілігі әрқалай: бірі мех. қозғалыстар (атмосфера циркуляциясы, теңіз ағындары), екіншісі, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі (жердегі ылғал айналымы), үшіншісі хим. трансформация (биол. айналым). Айналымдар нәтижесінде Жер бетінде жыл мезгілдері қайталанып отырады. Айналымдарды негізінен астрон. және геол. факторлар тудырады. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде Географиялық Қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан геогр. белдемдер пайда болады. Кеңістікте геогр. құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі. Географиялық Қабық ұғымын алғаш рет 1910 ж. орыс метеорологы П.И. Броунов, ал Г. қ. терминін 1932 ж. орыс географы, акад. А.А. Григорьев енгізді.

Географиялық қабық[1], ландшафтылық қабық (Географическая оболочка, ландшафтная оболочка) - Жердің тұтас және үзілмейтін қабаты, адам әрекетінің ортасы; атмосфераның төменгі қабаттарын, литосфераның жоғарғы қабаттарын, гидросфераны түгелдей дерлік және бүкіл биосфераны қамтиды. Географиялық қабықтың бұл құрамды боліктері бір-біріне ене отырып, тығыз байланысты әрекетте болады. Олардың арасында заттар мен энергия үздіксіз алмасады, адамдар пайдаланатын ақпараттар жинақталғаң географиялық қабықтың жиынтық қалындығы ондаған км-ге дейін барады. Географиялық қабық Жердің басқа қабықтарынан тіршіліктің болуымен, бос энергия түрлерінің көптігімен, заттардың үш агрегаттық — қатты, сұйық, газ тәрізді күйде болуымен ерекшеленеді. Географиялық қабықтың Жердің өзге қабықтарынан гағы бір ерекшелігі — адамдардың іс-әрекетінен табиғаттың барлық құрамбөліктері айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Адам қоғамының табиғатқа барған сайын үдемелі әсеріне байланысты Географиялық қабықтың құрамына социосфера мен техносфера енгізілді. Географиялық қабық - географияның және оған енетін ғылымдардың, ең бірінші кезекте жертанудың зерттейтін жалпы нысаны. "Географиялық қабық" терминін орыс географы А.А. Григорьев ұсынды (1932 ж.).[2][3]

Географиялық қабық екі маңызды қасиеттердің диалектикалық бірлігімен сипатталады: үздіксіздік (континуальдық) және іркілістік (дискреттік). Үздіксіздік географиялық қабықтың кеңістіктегі таралуының тұтастығымен, ал іркілістік - оның жеке геожүйелерге бекінуімен сипатталады.

Географиялық қабықтың заңдылықтары


Заңдылықтар

Ерекшеліктері:

Тұтастығы

Географиялық қабықтың әр компоненті өз заңдылықтары бойынша дамиды. Оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен бір-біріне тәуелді тұтастық заңдылығын білу шаруашылыққа маңызы бар. Географиялық қабықтың тұтастығына бір ғана компонент өзгерсе, қалған басқа компоненттерінің өзгеретіндігі жөніндегі қарапайым фактінің өзі дәлел бола алады.

Ырғақтылық

Белгілі бір құбылыстың уақыт ішіндегі мерзімділігі мен қайталануын ырғақтылық деп атаймыз. Ол тірі және өлі табиғатқа тән. Жердің өз осінен айналуы тәуліктік ырғақтылыққа әсер етеді. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температура мен ылғалдылықтың, жануарлар мен өсімдіктердің іс-әрекетінің өзіне ғана тән тәуліктік жүйесі қалыптасады. Мысалы, аралас және жалпақ жапырақты ормандарда температураның тәуліктік ауытқуы шамалы, ал шөлде, керісінше, өте көп.

Барлық – тірі организмнің тыныштық кезеңі – демалу және сергек болу кезеңі бар. Әр түрлі жануарлардың ырғағы әр түрлі. Кейбір жануарлер күндізгі жарық кезінде, ал басқалары түнде белсенділік көрсетеді. Адамның тіршілігі де тәуліктік ырғақтылықта өтеді.

Жердің Күнді айналуы табиғи процестердің жылдық ырғағын туғызады. Жылдық ырғақтылық температураның жылдық барысынан, желдердің ауысуынан (муссондар, бриздер), жауыш-шашыннан, өзендер режимінен. Топырақ түзілуінен, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігінен, құстардың қайтып келуінен және т.б. жақсы байқалады.


Зоналылық

Табиғат зонасы – температура жағдайларымен ылғалдануы, өсімдіктер менжануарлардың дүниесі бірдей болатын ірі табиғат кешені.

Табиғат зонасының компоненттер арасындағы байланыс:

КЛИМАТ

(жылу мен ылғалдың арақатынасы)


ТОПЫРАҚ

ӨСІМДІК

ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

Құрлықтағы зоналардың пайда болуы климатқа жылу мен ылғалдың арақатынасына байланысты.

Мысалы, температура жоғары, ылғалы мол жерлерде ылғалды тропиктік ормандар, ал темпертурасы жоғары, ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады.

Табиғат зоналары өсімдік сипаты арқылы бірден ажыратылады.

Табиғат зоналары климаттық белдеулер сияқты күн сәулесі сияқты түсу бұрышының азаюы мен ылғалданудың әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылық зоналылық деп аталады.

Табиғат зоналары жазықтарда ғана емес, сонымен бірге тауларда олардың етегінен шыңдарына қарай ауысып отырады. Климат ендік бойынша ғана емес, биіктік бойынша да өзгереді. Бірін-бірі ауыстыратын зоналар тауды әр түрлі биіктікте айнала қоршап жатқандай болады, сондықтан оларды биіктік белдеулер деп атайды.



5-ДӘРІС

Тақырыбы: Табиғаттағы заттар айналымы

   Планетадағы барлық заттар үнемі айналымда болады.Күн энергиясы жер бетінде 2 зат айналымын қамтамасыз етеді:улкен геологиялық және кіші геологиялық.Биосферадағы заттардың үлкен айналымы негізгі 2 кезеңнен ерекшеленеді.Жер дамуының геологиялық өне бойында жүріп келетін және биосфераның дамуында негізгі роль атқаратын планетарлық процесс.Геологиялық зат айналымы тау жыныстарының түзілуінен үгілуімен және бұзылған өнімдердің сынықтармен химиялық элементтердің кейн басқа жерге ауысуымен байланысты.Бұл процесстердегі басты рольды су мен топрыақ бетінің термиялық қасиетіи күн сәулелерінің сіңірілуімен шағылуы жылу өткізгіштігі және жылу сыймдылығы атқарылады.Жер бетінің тұрақсызь гидротермиялық жағдайы атмосфера айналымының планеталық жүйесімен бірге жер дамуының бастапқы этаптарында құрлықтарды мұхиттарды және қазіргі геосфарны түзумен байланысты болды.Биосфераның қалыптасуымен үлкен айналымға организмдердің тіршілік өнімдеріде қосылды.геологиялық айналым тірі организмдерді қоректік элементтермен қамтамасыз етіп көбіне олардың тіршілік етуін анықтайды.

биогеохимиялық айналымдар.организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергиямен зат айналымын яғни химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін беогеохимиялық айналымдар деп атайдыы.Химимялық элементтер биосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледі де сосын тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы ортаға беріп үздіксіз айналымда болады.Осындай үлкенді-кішілі тұйық жолды Вернадскийдің беогеохимиялық айналымдар деп атады.Бұл айналымды екі типке бөлуге блады:1)газ тәрізді заттардың атмосферадағы немесе гидросферадағы айналымы 2. Жер қыртысындағы шөгінділер.

Көміртегінің айналымы.фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады.Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп,тыныс алу,ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады Көміртегі циклының ұзақтығы үш-төрт жүз-жылдаққа тең.Азот айналымы.Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады.Бактериялар ақуыздардың азотын өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізеді.Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды.Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып,топыраққа өткізеді.Көптеген өсімдіктер оладың тамырларында түйнектер түзетін азот-фиксациялаушы бактериялармен симбиоз түзеді.Өлген өсімдіктерден немесе жануарлардың өлекселерінен бактериялардың басқа топтарының іс-әрекеті нәтижесінде бос түрге өтеді де қайтадан атмосфераға қайтады.

Фосфор мен күкірттің зат айналымы.Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады.Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топыраққа өтеді де,оларды өсімдіктер пайдаланады.Редуцент-ағзалардың тіршілік қызметі нәтижесінде олар қайтадан топыпаққа қайтады.Азот пен фосфор қосылыстарының бі бөлігін жауын сулары өзендерге,одан теңіз бен мұхитқа қарай шайып,оны балдырлар қолданады.Оттегінің циклі Жердегі оттегінің циклі шамамен 2000жылда,судың* шамамен 2млн.жылда жүріп өтеді.Бұл заттардың атомдары Жер шарында әр түрлі тірі зат арқылы өткенАтмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп артты.Соңғы600млн.жылда зат айналымдардың жылдамдығы мен сипаты қазіргі кездегі деңгейіне жақындады.
Табиғи цикл

Адамзат іс- қарекетінің нәтижесіндегі өзгеріс бағыты.

Күкірт айналымы. Табиғатты күкірт айналымы барысында, төмендегідей химиялық реакциялар орын алады:

 

CaS + CO2 + H2O = CaCO3 + H2S



2H2S + O2 = 2H2O + 2S

2S + 3O2 + 2H2O = 2H25SO4

CaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + CO2 + H2O

CaSO4 + CH4 = CaS + CO2 + 2H

ub>2O – CaCO3 + H2S + H2O

 

6-ДӘРІС



Тақырыбы:ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АДАМЗАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА ӨТУІ
1 «Тұрақты даму» туралы түсінік
Тұрақты даму (ағыл.sustainable development - өзін-өзі ұстап тұратын даму) – адамның өмір жағдайы жақсарып, қоршаған ортаға тиетін әсері биосфераның шаруашылық сиымдылығы шеңберінде болып, адамзаттың табиғи функционалдық қызметі бүлінбейтін қоғамның дамуы. Тұрақты даму кезінде адамзаттың мұқтаждығын қамтамасыз ету болашақ ұрпақтарға зиян тигізбей орындалады.

Тұрақты даму концепциясы 1970 жылдардан басталған ғылыми білімдердің экологиялануынан және әлеуметтік-экологиялық дамуға өтуінен, адамзаттың әлемдік экологиялық проблемаларына ұшырауынан қисынды өтуі болады. Мұндай жағдайға жауап Жер бетіндегі ғаламдық процестерді зерттейтін халықаралық үкіметтік емес ғылыми ұйымдардың құрылуы болды. Мысалы, Перспективті зерттеулер институттарының халықаралық федерациясы (ИФИАС), Рим клубы («Өсу шегі» атты әйгілі баяндамасымен), Жүйелік анализ халықаралық институты және т.б.

1980 жылдары экологиялық даму туралы, яғни экожүйелерді бүлдірмей, тұрақты дамытудың қажеттілігі туралы сөз қозғалды. Алғаш рет термин «тұрақты даму» 1980 жылы «Табиғатты қорғаудың әлемдік стратегиясы» деген табиғатты және табиғи қорларды қорғау халықаралық одағының баяндамасында қолданды.

1987 жылы Қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ комиссиясы «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндама ұсынды. Ол тұрақты даму деңгейіне шығудың концептуалдық негізі болды. Тұрақты даму – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтар өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму екені айтылды. Бұл түсінік қазіргі кезде кеңінен пайдаланылады.

1992 жылы РИО-де-Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында Брундтланд комиссиясы баяндамасымен енгізілген және заңдастырылған тұрақты даму ғылыми термині публицистикалық әдебиеттерде талқыланды. 1989 жылы ақпараттық ортаға «Біздің жалпы келешек» атты кітабының аудармасы шықты, бұл шығарылым ағылшын термині «sustainable development» орыс тіліне тұрақты даму деп аударылған болатын.

Егер тұрақты даму терминінің тарихына келетін болсақ, ол алғаш рет 1960 ж. Канадада ауланған балық көрінісіне арналған «sustained yield» термині болатын. 1981 жылы неміс физик – радиотехнигі, әрі Нобель сыйлығының лауреаты Л.Браун «sustainable development» терминін қалалардың, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптердің дамуына және басқа да адамдар қызмет ететін салаларда қолдана бастады. Бұл термин Брундтланд комиссиясының «Біздің жалпы келешек» баяндамасын жариялағаннан кейін кең тарады.



Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі әлемдік бастамалар

ХІХ ғасырдың аяғынан бастап, мемлекет халықаралық – құқықтық құрал ретінде халықаралық ұйымдар механизмдерін пайдаланып келеді. Осы мақсатта тұрақты жұмыс жасайтын және уақытша жұмыс жасайтын халықаралық ұйымдар құрылды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы іскерлік жұмыстарды жүзеге асыру барысында халықаралық үкіметаралық ұйымдар мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Одан басқа халықаралық ұйымдарды экологиялық мәселелерді қамту мазмұны бойынша бөлуге болады: табиғат қорғау бағытындағы ұйымдар (Халықаралық табиғат қорғау кеңесі), табиғи ресурстық профильді ұйымдар (Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы).

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қалыптасуын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

1-кезең.1913жылы Берн қаласында халықаралық табиғат қорғау күніне арналған конференция болып өтеді. Бұл ғылыми үкіметтік емес конференция болатын, оған әлемнің 18 елінен өкілдер қатысты. Конференция ақпараттық және ұйымдастырушылық сипат алғандықтан, ешқандай шаралар жасалмады.

1923 жылы Парижде табиғатты қорғау жөніндегі І халықаралық конгресс болып өтті. Бұл конгресс жалпы пікірталастармен шектелді. Жалпы халықаралық серіктестіктің бірінші кезеңінде жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жеке түрлерін қорғау жолында бірқатар табыстар болғанымен, оның барлығы үкімет тарапынан ешқандай қолдау таппады.



2 – кезең. Оның басталуы 1948 жылы БҰҰ құрылуымен тікелей байланысты. Қоршаған ортаны қорғау БҰҰ жарғысында жазылған. БҰҰ – халықаралық экономикалық бірлестікте маңызды рөл атқарады. БҰҰ – міндеті экономикалық және әлеуметтік өмірдегі, денсаулық сақтау, өмір сапасын көтеру, адам құқығын қорғау секілді халықаралық мәселелерді шешуге көмек көрсету.

3 – кезең.1960-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің басты оқиғаларына жататындар: Рим клубының құрылуы (1968); Стокгольмдегі БҰҰ қоршаған орта және даму жөніндегі 1- конференциясы; 1983 жылы құрылған қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссяия, 1987 жылы «біздің ортақ болашағымыз» баяндамасының шығуы.

4 – кезең. Қоршаған орта және даму жөніндегі БҰҰ Рио-де-Жанейрода өткен конференциясы, 1992 жыл. Бұл конференцияғы әлемнің 179 елінің өкілдері қатысты. Онда Стокгольмде басталған жұмыстың жалғасы ретінде маңызды үш құжат қабылданды:

Тұрақты даму принциптері көрсетілген Деклларация. Оның бес принципі адам құқығы, әйел, жастардың рөлі, халық қызығушылығына арналса, үш принципі әлем мен әлемдегі дауларды бейбітшілік жолмен шешу жолдары қарастырылған.

ХХІ ғасыр Күн тәртібінің қабылдануы. Оның мазмұны төрт бөлімнен тұрады: әлеуметтік-экономикалық аспектілер, даму мақсатында ресурстарды ұтымды пайдалану және сақтау, халықтың негізгі топтарының рөлін күшейту, оларды жүзеге асыру құралдары.

«Орманның барлық түрлерін игеру және сақтау, ұтымды пайдалану қатынасындағы негізгі принциптер» атты құжат қабылданды. Онда орман ресурстарын тиімді пайдалану, сақтау, өз уақытында қалпына келтіру, қорғау шаралары қарастырылған.

5 – кезең. Тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік Саммит, Иоханесбург, 2002 жыл.

Бұл конференцияға әлемнің 100 елінен 45 мың делегат келіп қатысты. Саммитті ұйымдастырушылар талқыланатын мәселелерді бес топқа бөлді: су, энергия, денсаулық сақтау, ауыш шаруашылығы, экология.

Саммит шеңберінде «Жер Хартиясы» деп аталатын құжат ұсынылды. «Жер Хартиясы» - бұл адамның болашақта өмір сүруін қамтамасыз ететін тәртіп кодексі туралы құжат.

БҰҰ –мен көптеген бағдарламалар, ұйымдар жұмыс жасай бастады. Атап айтқанда:

1.Халықаралық табиғат қорғау ұйымы, кейіннен Табиғат және табиғи ресурстарды қорғаудың халықаралық кеңесі (МСОП, 1948 ж.);

2.БҰҰ қоршаған ортаны қорғау туралы бағдарламасы (ЮНЕП, 1972 ж);

3.БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша ұйымы (ФАО);

4.БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымы (ЮНЕСКО);

5.Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ);

6.Бүкіләлемдік метерологиялық ұйым (ВМО);

7.БҰҰ атом энергия жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) және т.б.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. «Табиғаттың және қоғамның «тұрақты дамуы» деген түсінік.

  2. Тұрақты даму Концепциясының пайда болуы және дамуы.

  3. «ҚР 2007-2024 жылдарға арналған Тұрақты дамуға өту концепциясы» қашан қабылданды?


7-ДӘРІС

ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТТАРЫ

Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде Атлант және Тынық мұхиттарынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан Қазақстан Республикасы қоңыржай белдеудің орталық және оңтүстік ендіктерін (55°26' және 40°59' с.е. аралығын) алып жатыр. Оның Жер көлемі 2,72 млн км2. Жерінің ауданы Орта Азия республикалары – Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан жерлерінің аумағынан 4 есе үлкен. Жерінің аумақтылығына байланысты Қазақстан ландшафттары әр алуан болып келеді. Республика аумағында жылу режимі әр маусымда әр түрлі, климатының қалыптасуына қыста арктикалық, жазда тропиктік массалары әсер етеді.



Жер бедерінде әр текті жазықтар мен әртүрлі биіктікті таулардың кездесуіне, климаттың континенттілігіне байланысты Қазақстан ландшафттарының өзіндік сипаты анықталады.

Республика аумағы төрт ландшафттық зонаға бөлінеді:

1 Қоңыржай белдеудің орманды далалық ландшафттық зонасы;

2 Қоңыржай белдеудің далалық ландшафттық зонасы;

3 Қоңыржай белдеудің шөлейт ландшафттық зонасы;

4 Қоңыржай белдеудің шөл ландшафттық зонасы.

Қазақстан ландшафттары жазық жерлер және таулы жерлер ландшафттық кластарына бөлінеді.

Жазық жер ландшафттары. Республика жерінің 90%-ы жазық. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км-ге, батыстан шығысқа қарай 3000 км-ге созылып жатыр. Аумағында 201 ландшафт түрлері қалыптасқан. Олардың жартысынан астамын аридті табиғи-аумақтық кешен құрайды.


Орманды дала ландшафттары

Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының территориясын қамтиды. Орманды дала зонасының басты ерекшелігі – орман және дала өсімдіктерінің үйлесімді бірлігі болып табылады. Бұл ландшафттық зонаның климаты қоңыржай континенттік болып келеді. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 250-400 мм шамасында. Жауын-шашынның 60%-ы жаз айларына сәйкес келеді. Ең мол жауын-шашын шілде айында жауады. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы – 120-145 күн, қуаңшылық жылдардың қайталануы – 20-30% 10°С-тан жоғары оң мәнді температуралардың жылдық қосындысы 2100°-1900°. Ылғалдану коэффициенті – 0,77-0,56. Жылу мен ылғалдылықтың мөлшеріне қарай орманды дала ландшафттары қоңыржай белдеудің астық тұқымдас өсімдіктері мен техникалық дақылдардын өсіруге қолайлы болып келеді. Жаз кезінде оңтүстік-батыстан соғатын аңызақ желдер мәдени өсімдіктер үшін үлкен қауіп туғызады.



6-сурет – Орманды дала ландшафттары
Қазақстанның орманды даласы тегіс жазық болып келеді (Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі). Жер бедерінде көптеген ұсақ көлдермен толған, жағалаулары жайпақ болып келетін қазаншұңқырлар кездеседі. Жер беті солтүстікке қарай еңіс, осы бағытта абсолют биіктігі 180 м-ден 120-ға дейін азаяды. Жер бедеріне солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталған жалдар тән. Олардың ұзындығы 20-25 м-ге дейін же­теді.

Жер бедерінің жалпы ойпатты сипатын қазіргі өзен аңғарлары бұзады. Ең ірі өзен – Есіл өзені.

Батыс Сібір ойпатының негізін палеозойлық және басқа да ежелгі жыныстар құрайды. Фундамент бетіндегі 700 м-ге дейін жететін шөгінді қабат кезектесіп келетін сазды және құмды жыныстардан құралған.

Петропавл қаласынан солтүстікке қарай оңтүстік орманды дала зоналығы орналасқан. Мұнда орманды далаға тән ылғалды қоңыржай климат қалыптасқан. Бұл аумақ жер беті және жер асты суларымен жақсы қамтамасыз етілген. Ылғалдану коэффициенті 0,77-0,63. Саздақты жерлер мен өзен беткейлерінің жоғарғы бөліктеріндегі қара топырақты аумақтарда астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер мен қатар батпақтанған шымтезекті топырақта өлең шөпті қамыс өседі.

Петропавлдан оңтүстікке қарай (55°солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай) орманда далаға тән емес белдем орналасқан. Сұр орман топырағында өсетін көктеректі-қайыңды орман шоқтары бірте-бірте сирей береді. Орман шоқтары тек көтеріңкі жерлерде ғана кездеседі. Ландшафттарында сазды-көлдік және эолдық жазықтардың қара топырақтарында өскен жусанды-бетегелі-бозды дала өсімдіктері таралған. Өзен жайылмасының шалғынды және шалғынды сор топырақтарында әр түрлі астық тұқымдас шалғынды өсімдіктер кездеседі.

Орманды дала зонасында орманның да, даланың да аңдары кездеседі. Жалпы алғанда орманды дала мен дала ландшафттарының жануарлар дүниесінде табиғи шекара әлсіз болып келеді. Көбінесе орман фаунасы басым. Мұнда дала тышқандары, ақ қоян, түлкі, қасқыр көп кездеседі. Орманды дала Қазақстандағы бұлан мекендейтін бірден-бір орын болып табылады. Үкі, қаршыға, бұлдырық, ителгі, ұзақ, қарға құстары тіршілік етеді. Орманды даладағы көп ұсақ көлдерде үйрек, шағала, т.б. жыл құстары ұя салады. Өзен бойындағы ну қамыстарда жабайы шошқа да мекендейді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет