В. И. Вернадский Биосфера туралы түсінік



бет6/10
Дата03.12.2016
өлшемі2,88 Mb.
#3093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасындағы ландшафттық зоналар типтері қандай?

  2. Орманды дала ландшафттарының басты ерекшеліктері қандай?

  3. Дала зонасының климаттық ерекшеліктерімен органикалық дүниесінің арасындағы байланыс.

  4. Шөлейт зона ландшафттарының қандай типтерін бөлуге болады?

  5. Қазақстан Республикасында шөлдердің қандай түрлері кездеседі?

  6. Таулы аймақтар ландшафттарының ерекшеліктері. Аласа, орта биіктікті және биік таулардағы ландшафттық таралымдар.


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТТАРЫ

Қазақстанның Шығыс өңірінің ландшафттары қоңыржай белдеудің жазықты және таулы аймақтық типтеріне жатады. Жазық аймақтарындағы ландшафттары зоналы, таулы аймақтардағы ландшафттары азоналы болып келеді, биіктік белдеулігі бойынша жүйеленеді. Қазақстанның Шығыс өңірін қамтитын Шығыс Қазақстан облысының аумағы Қазақтың ұсақ шоқысы, Каспий-Тұран жазығы және таулы болып келетін Оңтүстік Сібір физикалық-географиялық елдеріне жататын қоңыржай белдеудің орманды дала, дала, шөлейтті, шөлді ланшафт­тармен ерекшеленеді. Әрбір физикалық-географиялық ел, провинция, аймақ (облыс), аудан, т.б. таксономиялық бірліктерге жіктеледі. Құмды жерлерде өсетін реликті таспалы қарағай орманы Павлодар, Семей өңірлерінде ғана кездеседі. Бұл реликті ландшафттар ерте заманнан жаңа дәуірге жеткен және сирек кездесетін табиғи нысандар. Ландшафттанушы ғалымдар Г.В. Гельдыева мен Л.К. Веселованың еңбектерінде аумақтың ландшафт түрлері жан-жақты талданып, зерттелген деуге болады.

Физикалық-географиялық аудандау тұрғысынан қарастырғанда аймақ тер­риториясы Оңтүстік Сібір, Алтай физикалық-географиялық облысы, Оңтүстік Батыс Алтай провинциясы, оған еніп жатқан Үлбі, Қалба, Жоңғар, Сауыр-Тарбағатай физикалық географиялық елдеріне жатады. Шығыс Қазақстан облысының жер бедері пішіндері әркелкі, жазықты өңірдің ландшафттары біртіндеп батыстан шығысқа қарай төбелі, шоқылы, тау алды биік таулы болып алмасып отырады.

А.А Соколов бойынша Солтүстік-Батыс Алтай, Оңтүстік Алтай, Сауыр-Тарбағатай провинциялары вертикальды зоналық құрылымымен ерекшеленеді. Бұдан басқа горизонталдық зона жүйесінде өтетін ерекше провинция ретінде Зайсан қазаншұңқыр ерекше бөлуге болады.



Солтүстік-Батыс Алтай провинциясы (Тигрец, Иванов, Холзун, Солтүстік-батыс Листвяга жоталары, Алей, Оба, Үлбі, Бұқтырма, Қалба тауларының солтүстік бөлігі). Өсімідік жамылғысындағы ылғал сүйгіш-мезофитті түрлері осы зоналар мен белдеулерге сәйкес келеді. Ормандар ландшафты, негізінен, бал қарағайлы және ұсақ жапырақты, кей жерлерінде самырсынды-жапырақты болып келеді. Алтайлық оңтүстік провинция (Шығыс Листвяга, Қатын, Оңтүстік Алтай, Алтайлық Тарбағатай, Сарымсақты, Нарын, Күршім, Азутау жоталары, Қаба, Қалба тауларының оңтүстік сілемдері). Ормандары, негізінен, жапырақты және аралас жапырақты, кей жерлері еменді болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет