7. Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
13. Заттар мен материалдардың сот–сараптамалық зерттеу:
1) жай:қатпарларды табу мақсатында тасымалдаушы объектілерді зерттеу;заттың, қатпарлардың затын лакты-бояу жабындарына, лакты-бояу материалдарына, полимерлік материалдарға; металдар мен қорытпаларға; мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарына; топыраққа; спиртқұрамды сұйықтарға жатқызу мақсатында оның табиғатын анықтау; жаратылысы талшықты емес тасымалдаушы-объектілердегі (тырнақ астындағылар, дактиласкопиялық пленка және т.б.) жекелеген талшықтарды олардың табиғаты мен пайда болуы мүмкін көздерін анықтау мақсатында зерттеу; салмағы 0,02 грамға дейінгі топырақ текті объектілерді зерттеу (10 объектіден көп емес); лакты бояу материалдары мен жабындардың іздерін көлік құралының белгілі бір түріне жатқызу мақсатында зерттеу; спиртқұрамды сұйықтықтарды зерттеу (этил спиртінің құрамын, мемлекеттік стандартқа сәйкестігін (бұдан әрі - Мемстандарт) айқындау); тектік, түрлік тиістілігін анықтау мақсатында металдар мен қорытпаларды, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын зерттеу; люминесценциялайтын заттардың қатпарларын табу және оларды физикалық сипаттамалары негізінде арнайы химиялық заттарға жатқызу мақсатында тасымалдаушы-объектілерді зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа: жаратылысы талшықты объектілерді жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу: аз объектілі, киімнің жекелеген заттарымен шектелген (2-ден көп емес) не аз талшықты құраммен сипатталатын киім; талшықты материалдардың қандай мақсатқа қажеттілігін анықтау мақсатында олардың жанып кеткен қалдықтарын зерттеу; салмағы 0,02 грамға дейін (6 объектіден көп емес) не 0,1 грамға дейін (10 объектіден көп емес) топырақ қатпарларын жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу; бұйымның нақты тегіне, түріне, маркісіне жатқызу, бірыңғай салмағын, көлемін, нақты затқа, бұйымға тиістілігін анықтау мақсатындағы лакты-бояу материалдары мен жабындарды, полимер материалдарын, металдар мен қорытпаларды, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын, спиртқұрамды сұйықтықтарды жіктеушілік зерттеу; спиртқұрамды сұйықтарды дайындау тәсілін анықтау; белгісіз және дәстүрлі емес объектілерді зерттеу (анализдің дәстүрлі әдістерін қолданумен); арнайы химиялық заттардың із қалдыру қабілетін және тасымалдаушы-заттың ізді қабылдау қабілетін анықтау; қатпарлану іздерін химиялық және инструменталды әдістерді қолданумен белгілі бір арнайы химиялық заттарға тиістілігін анықтау мақсатында жіктеушілік зерттеу; арнайы химиялық заттарды бір топқа, түрге, маркіге тиістілігін анықтау мақсатында салыстырмалы зерттеу (аз объектілі - үлгілер, пара заттары, күдікті қолынан алынған сүртіндісі бар тампон);
3) күрделі: ортақ тектік, топтық тиістілігін анықтау мақсатында лакты-бояу жабындарын, лакты-бояу материалдарын, полимерлік материалдарды, металдар мен қорытпаларды, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын, спиртқұрамды сұйықтықтарды сәйкестендірушілік зерттеу; жаратылысы талшықты объектілерді (көп объектілі, киімнің көп талшықты құрамын ескере отырып) жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;салмағы 0,1 г-дан асатын топырақтың қатпарларын (6 объектіден көп) жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу; ахуалды модельдеу әдістерін пайдалана отырып, арнайы химиялық заттардың із жасау механизмін зерттеу; физикалық-техникалық әдістер кешенін қолдана отырып, бүтінді бөлшектері бойынша анықтау;
4) аса күрделі:түйіспелі қарым-қатынас фактісін анықтау; аймақтың жергілікті телімдерін, шығу тегі топырақтық-биологиялық объектілердің іздерінің пайда болу уақытын анықтау; талдаудың дәстүрлі емес әдістерін қолданумен дәстүрлі емес объектілерді зерттеу; ортақ пайда болуды, бірыңғай массаға тиістілігін анықтау, бүтінді бөлшектері бойынша анықтау сұрақтарын шешу мақсатында зерттеу;киімді сәйкестендірушілік және ахуалдық зерттеу: көп объектілі, киімнің көп талшықты құрамын қамтитын, объектілердің көнерген күйі;дәстүрлі емес әдістерді, мекеменің мәліметтер базасын қолдануды қажет ететін сараптамалық міндеттерді шешу, сырттан мамандарды қатыстыру; топырақтық-биологиялық-техногендік кешенге қатысты зерттеу (бұдан әрі – ТБТК); арнайы химиялық заттардың белгілі бір тобына, түріне, маркісіне жатқызу мақсатында арнайы химиялық заттарды (көп объектілі, оқиға орнының заттық күйінің әртүрлі тасымалдаушы-объектілерін – жеке заттарды, құжаттарды, заттарды, киімдерді және т.б. қамтитын) сәйкестендірушілік зерттеу; объектілердің нақты бір қылмыс оқиғасының жағдайларымен кеңістік-уақыт бойынша байланысын зерттеу.
8. Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарыныңсот сараптамасы
14. Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу:
1) жай: жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) жағдайларын ҚазССҒЗИ әзірлеген бағдарламалық пайдалана отырып (қосымша редакциялау қажеттігі болмағанда), автоматтандыру режимінде зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа: қосымша редакциялау немесе ҚазССҒЗИ әзірлеген және қазіргі уақытта қолданыстағы бағдарламалық өнімдермен есепке алынбаған мәселелердің бөліктерін шешу қажет болған жағдайда ЖКО жағдайларының мәселелерін автоматтандырылған режимде шешу;
3) күрделі:оқиға орнына шығумен байланысты зерттеу;автомобиль жолдарының элементтерін, көлік құралдарын зерттеу;
4) аса күрделі:графикалық талдауды және ахуалды модельдеуді пайдаланып, ЖКО-ны зерттеу, талдау және жаңғырту.
15. Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу:
1) күрделілік дәрежесі орташа: көлік құралдарының өзара байланысқан бөліктерін, көлік құралдарының соқтығысу бұрышын, 2 көлік құралы және заттық жағдайды тиісті деңгейде шегендеп, барлық қажетті бастапқы мәліметтер болған кездегі алғашқы соқтығысу кезіндегі олардың өзара орналасуын анықтау мақсатындағы зерттеу; көлік құралдарының соқтығысу орнын, олардың жолдың жүріс бөлігінде орналасуын, соқтығысу алдындағы динамикалық күйін, 2 көлік құралы және заттық жағдайды тиісті деңгейде шегендеп, барлық қажетті бастапқы мәліметтер болған кездегі ЖКО динамикасын анықтау мақсатындағы зерттеу;
2) күрделі: мәліметтердің жиынтығы және заттық жағдайды тиісті деңгейде шегендеу болмаған кездегі осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген күрделілік дәрежесі орташа санаттағы сұрақтарды шешу мақсатында зерттеу; көлік құралының жүргізушісі маневр (бұрылыс/кері қарай бұрылыс) жасар алдын жолдағы жағдайды айқындау;
3) аса күрделі: тек бір көлік құралы ғана ұсынылған кезде (көлік құралдары соқтығысқан жағдайда) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді шешу мақсатында зерттеу; ЖКО жасалған сәтте рульде отырған адамды анықтау; оқиға орнындағы іздер мен жаяу жүргіншінің киімі және аяқ киіміндегі іздер бойынша жаяу жүргіншіні басып кету орнын анықтау; түйісу сәтіндегі көлік құралына қатысты жаяу жүргіншінің орны мен қозғалыс режімін анықтау.
16. Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу:
1) жай: аспаптар базасын қолдана отырып (көлік құралын зертханалық жағдайда бөлшектеу қажет болмаған жағдайда) жарамды көлік құралдарының техникалық күйін зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа: объектілер мөлшері аз болған кезде немесе көлік құралдарын зертханалық жағдайда бөлшектеу қажет болған кезде жүрмейтін көлік құралдарының техникалық күйін зерттеу;
3) күрделі: шамдарды зерттеу; көлік құралдарының бөлшектерінің бұзылу себептерін анықтау мақсатында зерттеу (зертханалық жағдайда көлік құралдарының тораптары мен агрегаттарын бөлшектеу қажет болмаған кезде);
4) аса күрделі: көлік құралдарының бөлшектерінің бұзылу себептерін анықтау мақсатында зерттеу (зертханалық жағдайда көлік құралдарының тораптары мен агрегаттарын бөлшектеу қажет болған кезде); көлік құралдары бөлшектерінің бұзылуының нақты себептерін анықтау мақсатындағы зерттеу; ЖКО-на дейін/алдын пайда болған табылған ақау мен ЖКО-ның болу фактісі арасындағы себеп-салдар байланысын зерттеу.
9. Сот экономикалық сараптама
17. Шаруашылық оперцияларын сот-сараптамалық зерттеу:
1) күрделілік дәрежесі орташа: заңды тұлғаның жарғылық қорындағы құрылтайшының үлесін анықтау; есепке алуда есептік операцияның дұрыс көрінуін анықтау; материалдық құндылықтардың толық және уақытылы кіріске алынғанын анықтау;
2) күрделі: қаржы-шаруашылық қызмет субъектісінің есептік қаржылық көрсеткішінің негізділігін анықтау; ақшаны өндіріс пен пайда шығындарына аударудың негізділігін анықтау; заңды тұлғалардың несиелік және дебиторлық берешектерінің сомасын анықтау (зерттеу кезеңі 2 жылға дейін);
3) аса күрделі: заңды тұлғалардың несиелік және дебиторлық берешектерінің сомасын анықтау (зерттеу кезеңі 2 жылдан артық); еңбек ақы бойынша персоналмен есептесу бойынша несиелік берешек сомасын анықтау (зерттеу кезеңі 2 жылдан артық).
18. Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу:
1) жай: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АҚ) 353-бабына сәйкес соманы қайта есептеуді жүргізу;
2) күрделілік дәрежесі орташа: қойылатын талаптарға сәйкес бухгалтерлік есептегі қаржылық-шаруашылық оперцияларының дер кезділігі мен көрсетілуінің толықтығын анықтау;
3) күрделі:жекелеген атаулары бойынша материалдық құндылықтардың толық және уақытылы кіріске алынғанын анықтау; материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін есептеу операцияларының есепке алуда дұрыс көрсетілгенін анықтау; ақша қаражаттарының дер кезінде және толық кіріске алынғанын (есептелгенін) анықтау; ақша қаражаттарын төлеу және есептен шығару негізділігін анықтау;кем шығушылықтың, артық шығудың пайда болуына, ақша қаражаттарын негізсіз есептен шығаруға, басқа материалдық залалға әкелуге себеп болған немесе себеп болуы мүмкін немесе олардың дер кезінде пайда болуына кедергі келтірген ұйымдағы және бухгалтерлік есеп пен бақылауды жүргізудегі кем шығушылықты анықтау;материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының кем шығушылығы, артық шығуы фактісін анықтау үшін тексеру жүргізу кезінде бақылаудың барлық қажетті әдістерінің қолданылуын анықтау; кем шығушылық (артық шығушылық) пайда болған кездегі материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын жүргізген материалдық-жауапты адамдардың шеңберін анықтау; тауарлық-материалдық құндылықтардың (ТМҚ), (ақша қаражаттарының) кем шығушылық сомасын анықтау; төлемдер (еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы) бойынша берешектің мөлшерін айқындау; материалды-жауапты адамның есеп беруіндегі ақша қаражаттар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың кем шығушылық сомасын анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылға дейін); шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепке алудағы және есеп берудегі көрінуін бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және есеп беруді құрастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкестігін анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылға дейін);тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, өткізу және есептен шығару жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есепке алуда көрініс табуының дұрыстығын анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылға дейін); тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысты айқындау (зерттеу кезеңі 3 жылға дейін);
4) аса күрделі: кем шығушылықтың, артықшылықтың, ақша қаражаттарын негізсіз есептен шығарудың пайда болуына, басқа материалдық нұқсан келтіруге мүмкіндік туғызған немесе мүмкіндік туғыза алған немесе оларды дер кезінде табуға кедергі келтірген ұйымдағы және бухгалтерлік есеп пен бақылау жүргізудегі кем шығушылықты анықтау (зерттеу кезеңі 2 жылдан артық); материалды-жауапты адамның есеп беруге міндетті ақша қаражаттары мен тауарлық-материалдық құндылықтарындағы кем шығушылық сомасын анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық); шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепке алу мен есеп беруде көрініс табуының бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және есеп беруді құрастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкестігін анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық);тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, өткізу және есептен шығару жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есепке алуда көрініс табуының дұрыстығын анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық); тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысты айқындау (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық).
19. Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу:
1) жай: дербес шоттарға қызмет көрсету (ашу, ақша қаражаттарының қозғалысы) жөніндегі операциялардың бекітілген талаптарға сәйкестігі;
2) күрделілік дәрежесі орташа: несиені (салынған депозиттерді) пайдаланғаны үшін пайызды есептеу негізділігін анықтау; несие ресурстарын пайдалану (мақсатты қолдану) негізділігін анықтау;
3) күрделі: ақша қорлары мен несиелерді жұмсау кезіндегі бұзушылықты анықтау; несие алу үшін банкке көрінеу дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісін анықтау.
20. Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу:
1) күрделілік дәрежесі орташа: салық құжаттамасын рәсімдеудің қойылатын талаптарға дұрыстығын анықтау; салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық және дер кезінде төлеуді анықтау;
2) күрделі: негізгі құралдармен есептесу операцияларына салық салуды зерттеу; Қазақстан Республикасының резиденті еместерге салық салуды зерттеу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден төлемдері мен салықтарын есептеуді зерттеу; акцизделетін тауарларға акциздерді есептеуді зерттеу; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерді айқындау;
3) аса күрделі:бағалы қағаздармен операцияларға салық салуды зерттеу;негізгі құралдармен есептесу операцияларына салық салуды зерттеу (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық); Қазақстан Республикасының резиденті еместерге салық салуды зерттеу (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық);салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық және дер кезінде төлеуді анықтау (зерттеу кезеңі 3 жылдан артық).
10. Сот тауартану сараптамасы
21. Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі:
1) жай: бірлі-жарым объектілердің объектілерінің мөлшерлік (салмағын, жиынтықтығын және т.б.) сипаттамаларын зерттеу; бірлі-жарым объектілердің күнделікті сұраныстағы тауарларының құндық сипаттамаларын зерттеу; қарапайым объектілерді жіктеушілік зерттеу (күнделікті сұраныстағы тауарлар);
2) күрделілік дәрежесі орташа: объектілерді өндіруші елді анықтау; объектілердің құнын анықтау (нарықта таралмаған, мамандандырылған); объектілердің тозу дәрежесін анықтау (ХТТ, тұрмыс техникалары); сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚТН) кодын анықтау (таралған объектілердің); қарапайым объектілердің Мемстандартқа және техникалық шарттарға (бұдан әрі - ТШ) сәйкестігін анықтау; объектілерді өндіру тәсілін анықтау; қарапайым объектілерді қалпына келтіру жұмыстарының, ақауын түзетудің, жөндеудің құнын анықтау (ХТТ, тұрмыс техникалары);
3) күрделі: технологиялық құрал-жабдықтар мен эксклюзивті объектілердің (тозуды, бұзылуды, зақымдалуды ескерумен және ескерусіз) құнын анықтау; эксклюзивті объектілердің СЭҚТН кодын анықтау (таралмаған, мамандандырылған объектілер); объектілерді ұсынылған үлгілермен сәйкестендіру; тауарлардың сапасы мен жиынтықтығы жағынан Мемстандарттардың, ТШ-дың, Халықаралық стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін/сәйкес еместігін анықтау; объектілерді қалпына келтіру жұмыстарының, ақауын түзетудің, жөндеудің құнын анықтау (мамандандырылған техниканың); объектінің зақымдарының, ақауларының сипаты мен пайда болу себептерін анықтау (машиналар мен құрал-жабдықтардың, мамандандырылған техниканың); объектінің атауының, мөлшерінің, сортының, салмағының ілеспе құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін анықтау;
4) аса күрделі: құрал-жабдықтардың, эксклюзивтік объектілердің, техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН) жүргізу жөніндегі қызметтердің, жобаларды дайындаудың бағасын анықтау; құрал-жабдықтардың, мамандандырылған техниканың және қызметтердің Мемстандарттар мен ТШ-ға сәйкестігін анықтау; объектілерді (машиналар мен құрал-жабдықтарды, мамандандырылған техниканы, ауыр индустрия объектілерін) қалпына келтіру жұмыстарының, ақауын түзетудің, жөндеудің құнын анықтау; өрттен, су басып қалғаннан және т.б. кейінгі бұйымдарды зерттеу кезінде объектілердің тауарлық түрін жоғалтуын анықтау.
22. Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі:
1) жай: бірлі-жарым объектілердің сапалық сипаттамаларын анықтау; бірлі-жарым объектілердің мөлшерлік сипаттамаларын анықтау; бірлі-жарым объектілердің құндық сипаттамаларын анықтау;
2) күрделілік дәрежесі орташа: бірлі-жарым объектілердің ТШ-ға, Мемстандарттарға және т.б.сәйкестігін анықтау; заттар мен материалдардың сот-сараптамасымен бірге кешенді сараптамаларда тауарлардың сипаттамаларын зерттеу;
3) күрделі: азық-түлік тауарларының бірлі-жарым объектілерінің негіз болатын сипаттамаларын жиынтықты түрде (сапасын, мөлшерін, бағасын – 5 объектіге дейін) зерттеу;азық-түлік тауарларының тағамдық құндылығын анықтау; азық-түлік тауарларының Мемстандарт талаптарына және ТШ-ға сәйкестігі; азық-түлік тауарларының құнын анықтау (көпобъектілі);
4) аса күрделі:тауарларды контрафактілік үшін зерттеу; өрттен, су басып қалғаннан және т.б. кейінгі объектілерді зерттеу кезінде тауарлық түрін жоғалтуын анықтау;
23. Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі:
1) жай: ұсынылған көлік құралының сипаттамасын анықтау (моделі, маркасы, шығарылған жылы, жарақтандырылуы және т.с.с); ұсынылған көлік құралының амортизациялық тозуын анықтау;көлік құралына тексеру жүргізудің қажетінсіз көлік құралдары мен атаулары бойынша көлік құралдары детальдарының нарықтық бағасын анықтау; зерттеу объектісінің ұсынылған уақытынан екі жыл аспайтын кезеңдегі көлік құралдарының және көлік құралдары детальдарының нарықтық бағасын анықтау; көлік құралына тексеру жүргізудің қажетінсіз көлік құралдарының және көлік құралдары детальдарының қалдық бағасын анықтау;
2) күрделілік дәрежесі орташа: көлік құралына немесе детальдарына тексеру жүргізудің қажеттілігімен көлік құралдарының және көлік құралдары детальдарының нарықтық бағасын анықтау; ұсынылған уақытынан екі жыл асатын кезеңдегі көлік құралдарының және көлік құралдары детальдарының нарықтық бағасын анықтау; көлік құралдарын ұсынған кезде көлік құралы мен детальдарының қалдық бағасын анықтау; көлік құралының тауарлық түрін жоғалту құнын анықтау;
3) күрделі: көлік құралын қалпына келтіру-жөндеу құнын анықтау; көлік құралын жөндеудің техникалық-экономикалық мақсатқа сайлығын анықтау;
4) аса күрделі: көлік құралын қалпына келтіру бойынша жүргізілген жұмыстардың түрі мен олардың жөндеу технологиясына сәйкестігін анықтау.
24. Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі:
1) жай: құрылыс материалдарының, бұйымдардың, құрылмалардың құнын анықтау; сақтау мерзімін есепке ала отырып құрылыс материалдарының қалдық құнын анықтау; құрылыс материалдарын, бұйымдарды, құрылмаларды сақтау мен оларды тасымалдау шарттарының стандарттардың, техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігін анықтау;зерттеуге ұсынылған жылжымайтын мүлік объектісінің құнын анықтау.
2) орташа: құрылыс бұйымдарының құнын олардың физикалық тозуын немесе нақты күйін есепке ала отырып анықтау;
3) күрделі:өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттарының немесе имараттарының құнын анықтау;құрылысы аяқталмаған ғимараттар мен имараттардың құнын анықтау.
25. Аудиовизуальдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі:
1) жай: зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау – 5 данаға дейін;
2) күрделілік дәрежесі орташа: зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау - 5-тен 10 данаға дейін;
3) күрделі: зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау – 10-нан 20 данаға дейін;
4) аса күрделі: зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау – 20-дан бастап және одан да көп дана.
11. Сот құрылыс сараптамасы
26. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу:
1) күрделілік дәрежесі орташа:жылжымайтын мүліктерді (пәтерлерді, жеке тұрғын үйлерді) қайта құру жұмыстарының нақты құнын анықтау; өрт немесе су басу нәтижесінде зақымданған үй-жай немесе пәтер бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құнын анықтау;
2) күрделі: су басу (өртену) нәтижесінде өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары мен имараттарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құнын анықтау;келесілерді анықтау бойынша міндеттерді шешу мақсатындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық - сметалық және есептік құжаттаманы, құрылыстың жеке объектілерін зерттеу:құрылысшылар мен тапсырысшылар арасындағы сметалық есептерде, өзара есептесулерде қолданылған бағаның дұрыстығы мен негізділігін; есептердің дұрыстығын және объект құнының нақты орындалған құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының көлеміне сәйкестігін; белгіленген нормативтер мен жобаларға сәйкес жұмсалған құрылыс материалдарының құнын; құрылыс жобасының ғылыми-техникалық және экономикалық негізділігін; құрылыс барысында анықталған техникалық-экономикалық қателіктер, техникалық жобалардағы кемшіліктер; үй қожалығын қайта жабдықтау бойынша жұмыс түрлерін, бөлудің ұсынылған нұсқаларының әрқайсысы бойынша қайта жабдықтауға кететін материалдық шығынды анықтау; белгіленген нормативтер мен жобаларға сәйкес жұмсалған құрылыс материалдарының құнын, сондай-ақ құрылыс материалдарына шығындардың артуы және оларды есептеудің негізділігін анықтау;
3) аса күрделі: өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша құрылысшылар мен тапсырысшылар арасындағы сметалық есептерде, өзара есептесулерде қолданылған бағаның дұрыстығы мен негізділігін зерттеу; есептердің дұрыстығын және объект құнының өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттарында, имараттарында нақты орындалған құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының көлеміне сәйкестігін зерттеу; өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша белгіленген нормативтер мен жобаларға сәйкес жұмсалған құрылыс материалдарының құнын зерттеу; өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша құрылыс жобасының ғылыми-техникалық және экономикалық негізділігін зерттеу; өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша құрылыс барысында анықталған техникалық-экономикалық қателіктерді, техникалық жобалардағы кемшіліктерді зерттеу; өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарын сапасыз орындау нәтижесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құны мен көлемін анықтау; өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша жасалған сметалық құжаттамалардың мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау; өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша құрылыстарды, олардың бөліктерін тұрғызу жұмыстарын, жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындағаны үшін құнның негізділігін анықтау.
27. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу:
1) жай: қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (бұдан әрі - ҚНмЕ) сәйкес құрылыс - монтаждау немесе жөндеу - құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қолданудың дұрыстығын анықтау; жылжымайтын мүлік объектілерінің санитарлық-техникалық күйін анықтау; жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілейтін құжаттарға сәйкестігін анықтау;
2) күрделілік дәрежесі орташа: бөлмелерді қайта жобалау мүмкіндігін және жүргізілген жұмыстардың қолданыстағы ҚНмЕ-ге сәйкестігін анықтау; пәтерді су басудың себептері мен көзін анықтау; қалпына келтіру - жөндеудің (су басу, өрт және т.б. нәтижесінде) көлемін анықтау мақсатында көп қабатты тұрғын үйлердегі және жеке сектордағы пәтерлерді зерттеу; құрылыста материалдармен жұмыс істеу (жүктi тиеу-түсiру жұмыстары, өңдеу және т.с.) барысында оның сапасын өзгерткен факторларды анықтау; материалды пайдалану барысында оның сапасының өзгеру фактісін анықтау; салу және пайдалану кезінде ережелер мен нормалардың бұзылғанын анықтау мақсатында жеке үй құрылыстары мен жер телімдерін зерттеу; жеке үй құрылыстарында санитарлық нормалардың бұзылғанын анықтау; жерді пайдалану тәртібін айқындау;
3) күрделі:жеке үй қожалықтары мен жер телімдерін бөлу нұсқаларын анықтау; жүргізілген құрылыс-монтаждау, жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасын, анықталған сәйкессіздіктерін көрсете отырып құрылыс материалдары мен бұйымдарының ҚНмЕ талаптарына жарамдылық сапасын анықтау; құрылыс материалдарын мақсатына сай қолданудың сәйкестігі мен негізділігін анықтау; жеке үй құрылыстары мен жер телімдерін келесілерді анықтау үшін зерттеу: ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану кезінде құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылғанын; санитарлық, өртке қарсы және пайдалану нормаларының бұзылғанын;
4) аса күрделі: құрылыс барысында табылған техникалық қателіктерді, техникалық жобалардың кемшіліктерін анықтау; құрылыс құрылмаларының зақымдануының себептерін анықтау; техникалық жобалардың бұзылуы мен одан келген зардаптың (құрылыстың сапасыздығымен және апатпен, бақытсыз жағдаймен) арасындағы себептік байланысты анықтау;құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезіндегі апаттың техникалық себептерін анықтау; жобада белгіленген құрылыс құрылымына түсетін салмақтың (күш салудың) негізділігін анықтау; жобада қолданылған құрылыс материалдарының негізділігін, олардың беріктігі мен жобалау құжаттамаларына сәйкестігін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |