V тарау. Термодинамика және электродинамиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері


Өткізгіштік тоғы. Лоренц күші. Джоуль



бет8/11
Дата12.09.2020
өлшемі0,52 Mb.
#78354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5-тарау

5.6.3. Өткізгіштік тоғы. Лоренц күші. Джоульдік жылу
Электр өрісінің әсерінен электр тоғы пайда болатын денелер – өткізгіштер деп аталады. Өткізгіш ортада пайда болатын электр тоғы зарядталған бөлшектердің (электрондар мен иондар) қозғалысын білдіреді. Егер ортаның аз ғана көлеміндегі зарядталған бөлшектердің микроскопиялық жылдамдығын , ал зарядын деп белгілесек, онда ток тығыздығының орташа мәні ретінде енгізуге болады
, (5.18)
мұндағы – ортаның макроскопиялық жылдамдығы. векторы – тыныштықта тұрған және сол сияқты электромагниттік өрістің әсерінен қозғалыстағы өткізгіштерде пайда болатын токты білдіреді және өткізгіштік ток деп аталады. – векторы макроскопиялық зарядты тасымалдауға байланысты токты көрсетеді және конвекция тоғы деп аталады.

Максвелл теңдеулерінің жүйесі (5.13), (5.14) және зарядтарға арналған үзіліссіздік теңдеуі (5.12) тұйықталмаған теңдеулер болып табылады. Қозғалыстағы өткізгіштерде ток тығыздығының таралуы ортаның қозғалысына тәуелді болғандықтан, электродинамиканың есептері тұтас орта механикасының есептеріне байланысты болады. Қозғалыстағы өткізгіш ортаның (5.12), (5.13) және (5.14) теңдеулер жүйесін тұйықтайтын векторлық арақатынас Ом заңының жалпыланған түрі болып табылады


. (5.19)
– өткізгіштік коэффициенті деп аталады. Изотропты орта үшін өткізгіштік коэффициент – скаляр, , мұндағы өткізгіштің кедергісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет