В тарихи оқиғаға с аңыз әңгімеге д белгілі бір шығармаға е ертегіге Қалқаман мен Мамыр не үшін жазаға тартылды? А дәстүрді бұзғаны үшін



Дата19.02.2023
өлшемі13,42 Kb.
#169337
Байланысты:
Қалқаман


Қалқаман-Мамыр
«Қалқаман-Мамыр» - ғашықтар дастаны. «Қалқаман – Мамыр» 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Жырдың авторы – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жырдың мазмұны бойынша, Қалқаман мен бір-біріне ғашық болып қосылғанымен, олар бір рудан шыққандығына байланысты, «дәстүрді бұзғаны үшін» екі жас өлім жазасына кесіледі.Мамыр өз туысы Көкенайдың қолынан қаза табады. Ал Қалқаман өзін өлім жазасына кескен Кеңгірбай бидің «Енді жазадан құтылдың» дегенін тыңдамай, елге өкпелеп, Бұхара жаққа кетеді.Дастанда Қалқаманның ол жақта өсіп өніп, ұрпағы жүз үйге жеткені айтылады.Дастан сюжеті екі жастың арасындағы кіршіксіз махаббатқа, ел ішіндегі озбырлық пен қатігездікке құрылған.
«Қалқаман- Мамыр» дастаны алғаш 1892 жылы «Дала уәлаяты» газетінде жарияланды. Ел аузында «Қалқаман – Мамырдың» бірнеше нұсқасы бар.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер


1.Қалқаман – Мамыр қандай оқиғаға сүйеніп құрылған?
А) Болған оқиғаға
В) Тарихи оқиғаға
С) Аңыз әңгімеге
Д) Белгілі бір шығармаға
Е) Ертегіге
2.Қалқаман мен Мамыр не үшін жазаға тартылды?
А) Дәстүрді бұзғаны үшін
В) Үлкендердің тілін алмағаны үшін
С) Қашып кеткендері үшін
Д) Екеуі туыс болғандығы үшін
Е) Жазаға тартылған жоқ
3. Жырдың авторы кім?
А) Абай Құнанбаев
В) Шәкәрім Құдайбердіұлы
С) Мағжан Жұмабаев
Д) Мұхтар Әуезов
Е) Ел аузынан
4. «Қалқаман- Мамыр» дастаны алғаш рет қай газетте, қай жылы жарияланды?
А) «Дала уәлаяты» 1892 жылы
В) «Түркістан» 1902 жылы
С) «Орынбор» 1885 жылы
Д) «Казань» 1893 жылы
Е) «УФА» 1903 жылы
5.Қалқаманды кім өлім жазасына кеседі?
А) Кеңгірбай
В) Көкенай
С) Әнет баба
Д) Қазыбек би
Е) Қанай би

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет