Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Байланыс сағаты 1,2 (дәріс 1, 2)
|
50+50 мин.
|
Лабораториялық сабақ 1 сағат
|
100 мин.
|
ОЖЖӨЖ
3 сағат
|
50+50+50 мин.
|
СӨЖ
3 сағат
|
50+50+50 мин.
|
2.3 Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы:
«Генетика» оқу пәні – міндетті түрде оқылатын жаратылыстану – ғылыми пәндерінің бірі. Генетика және селекция негіздері бойынша құралған бұл бағдарлама педагогикалық институттар мен университеттердің негізгі немесе қосымша «Биология» мамандығы бар факультеттерге арналған. ұсынылып отырған бағдарлама генетика ғылымының қол жеткен табыстары, моленкулалық генетика, онтогенез генетикасы мен ген инженериясы салалары бойынша мағлұматтардың жедел дамуы ескерілген.
Материалды баяндау жүйесі генетика дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді. Курсты оқыту Г. Мендельдің генетикалық эксперименттерінің нәтижесіне талдау жасаудаен басталады. Содан кейін негізгі генетикалық заңдылықтар туралы көзқарастың дамуы мен негізгі генетикалықбірлік-гендердің табиғаты қарастырылады.
Курстың жалпы құрылысы мен оның жеке тарауларының арақатынасын факультеттің оқу жоспарына, сол сияқты оқыту әдістеріне байланысты оқытушы өз қалауы бойынша өзгерте алады.
Бағдарламаның әр тарауы теориялық білім берумен қатар, студенттердің сол алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін де қарастырады. Бұл әсіресе селекция мен адам генетикасына және медециналық генетикаға арналған тарауларға тән.
Практикалық сабақтардың бағдарламасы студенттердің теориялық материалды өздері генетикалық эксперимент жасап оны талдау барысында, сол сияқты генетикалық есептер шығару жолымен бекітуіне бағытталған. Ұсынылып отырған бағдарлама орта мектепте жалпы биология курсын оқыту ерекшеліктері мен студенттерге кәсіптік бағдар мәселесі ескеріле отырып құрастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |