Дәрістің мақсаты: Генетика ғылымының Мендельден бастап бүгінгі күнге дейінгі дамуының қысқаша тарихымен таныстыру. Қазақстанда генетика ғылымының дамуы туралы мағлұмат беру.
Дәрістің мазмұны: Генетиканың әртүрлі бағыттарының дамуына Қазақстан ғалымдары да үлкен үлестерін қосты. Қазақстанда генетика саласындағы алғашқы зерттеулер 30-40 жылдары басталды. Республикада бидай, арпа, сұлы, жүгері, қант қызылшасы және басқа ауылшаруашылық дақылдарының, раушан, сирень, астра гүлдерінің және ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктердің мол өнімді сорттары шығарылды. Қазақстан ғалымдарының алшақ будандастыру әдісімен пайдаланып қойдың арқар меринос тұқымы алынды биязы және биязылау жүнді, кроссбред қой тұқымдарын алудың генетикалық-селекциялық негіздері салынды.
Қазақстанда молекулалық биология және гендік инженерия саласындағы зерттеулер 60-шы жылдар аяғында басталды. Бұл зерттеулер ҚР ҰҒА-ның құрамында молекулалық биология және биохимия институты ашылғаннан кейін үдей түсті. Өсімдік клеткасындағы құрастыруға, бұл процесті реттеуге қатысатыны анықталады.Өсімдік геномының молекулалық құрылымы мен оның экспрессиясы, клеткалық инженерия мен биотехнология мәселелері зерттелді. Академик М.Ә. Айтхожиннің басқаруымен жүргізілген бұл жұмыстар бүкіл дүние жүзіне танымал болды. Осы еңбектері үшін М.Ә. Айтхожин бұрынғы Кеңес Одағындағы ғылым мен техника саласындағы ең жоғарғы Ленин сыйлығының лауреаты болды.
Микроорганизмдер селекциясының генетикалық негіздері кеңінен зерттелді және мутагендік факторлардың тигізетін әсерлері зерттеліп, микроорганизмдердің практикаға қажетті мутагенді формалары алынды. Вирустар генетикасы және экологиялық генетика саласында да маңызды зерттеулер жүргізілді. Соңғы уақытта Республикада молекулалық генетика, радияциялық генетика салалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде. 1995 жылы ҚР ҰҒА құрамында Жалпы генетика және цитология институты ашылып, генетиканың жаңа салаларында да ғылыми зерттеулер жүргізу жолға қойылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |