В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


Сым электродтармен пісіру



Pdf көрінісі
бет132/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

271


Сым электродтармен пісіру. 
ЭҚП арналған ең кең тараған 
электродтар типі – бұл диаметрі 3 мм дейін электродты сым. Оның 
көмегімен қалыңдығы 500 мм-ға жететін түйістіре пісірілген жалғас 
жасалады. 
Электрқожды үрдістің бастапқы кезеңінде электродты сырғақтан 
барынша алшақ орналастырады. Доғаны қоздырғаннан соң (5-6 с кейін) 
қож астауын дәлдеу уақытын қысқарту және электрқожды үрдісті 
тұрақтандыру мақсатында сымдарды беру жылдамдығын 100-120 м/с 
дейін баяулатады.
«Қатты старт» кезіндегі электрқожды үрдістің бастапқы кернеуі 
таңдалған режимнің кернеуінен 2-3 В жоғары болуы тиіс, бұл доғалық 
үрдістен 
электрқождыға 
өтудің 
жылдамдауына 
көмектеседі. 
Саңылаудағы электродты ілгермелі-қайтарымды түрде орнын 
ауыстыра бастайды және сымның жеткізілуін белгіленге дейінгі 
шамаға жылдамдығын арттырады. Ұзын тігістерді пісіруде әр 0,5-1,0 м 
сайын қож астауының құрамының 5-10 пайызын ықтиярсыз төгу 
арқылы және флюсты (кішкене үлестермен) құйып отыру арқылы 
жаңарту қажет. 
Сақиналық жіктерін пісіру технологиясы. 
Қалыңдығы 150 мм 
дейінгі сақиналық жіктерді бір электродпен пісіреді, қалыңдығы 100-
250 мм - екі электродпен, ал қалыңдығы 150-450 мм болатын тігістерді 
– үш электродпен пісіреді. Кері білікшені жасау үшін, ағынды сумен 
суытылатын мыс сақиналарын; қалған болат төсемдерді (ені 80-100 мм 
және қалыңдығы 25-30 мм сақиналар); кері сырғақтарды қолданады.
Пісіруге арналған сақиналық жік (10.12 сурет) І және ІІІ нүктелерде 
құрастыру саңылауларымен дайындалады. Алдын-ала сақиналық жікке
металдан қалыңдығы 35-40 мм болатын кіру қалтасын кіргізеді, оны 
доғалы қолмен пісіру арқылы белгілер бойынша пісірілетін өнімнің бір 
бөлігінің бүйіржақ бетіне қысады.
Кіру қалтасын І. ІІІ нүктеде қондырғаннан соң, осы бүйіржақ бетіне 
қажетті құрастырма саңылауын бекітуін қамтамасыз ететін
дистанциялық төсемдерді пісіреді. Жиналған бөлшектерін сақина 
жігінің шеңберіне біркелкі пісірілетін жұқа тақтайшалармен бекітеді, 
содан соң, өнімді аунақшалы тіректерге орналастырады және шетжақ 
айналдырғышпен қалтаны жұмыс күйіне қондырады. Қалтаның түбі 
пісіру үрдісінің басында көлденеңорналасуы
тиіс, бұл қалтаны 
қосындымен толтыру үшін қажет. Сақиналы жікті пісірудің жалпы 
үрдісі үш кезеңге бөлінеді.Бірінші кезеңде (10.12, а -сурет) пісіру 
жабдығын
көтеру процесінде
272


10.12-сурет. 
Цилиндрлі бөлшектерді жинақтауда кіру қалтасын және 
дистанциялық төсемдердің орналасу сұлбасы. :
I...III— құрастырма саңылауларды бақылау нүктелері; К — кірме қалтасы
г
в
10.13-сурет. 
Сақиналы 
жіктің 
бастапқы (а,б) және тұйықтаушы 
(в,г) бөліктерін пісіру сұлбасы 
(нұсқарлармен пісіру бағыттары 
көрсетілген)
273


қалтаның біршама бөлігін (сақиналы жіктің осінің деңгейіне дейін) 
қосындымен толтырады, ал 
қалтаның соңын қозғалыссыз 
жабдық және айналмалы бұйым жағдайында пісіреді (10.13, 
б-сурет). Екінші кезеңде пісіру процесін тіксызықты тігістерді 
пісіруде 
сияқты 
орындалады. 
Бұйымды 
шеңбердің 
ұзындығының 1/3 бұрғаннан соң кіру қалтасын қалып 
бойынша газжалынмен кеседі. Және аталған аумақты жіктің 
тұйықтаушы бөлігінің пісіруіне дайындайды. Үшінші кезеңде 
жіктің тұйықтаушы бөлігінің пісіруі орындалады.
Сақиналық жіктің тіксызықты бөлігі тік орныққанда (10,13, в- 
сурет), бұйымды айналдыруды тоқтатып, пісіру жабдығын көтереді. 
Сақиналы жіктің 
тұйықтаушы бөлшегінің тік бөлігін пісіріп 
болған соң, пісіру жабдығын көтеруді тоқтатып, бұйымды 
айналдыруды қосады. Электродтардың ауытқу амплитудасын 
азайта отыра, жіктің сыртқы шетіне ең жақын электродты 
істен шығарады және пісіруді бір электродпен аяқтайды 
(10,13, г- сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет