Алюминий көп оксидтер пленкасын бұзу үшін айнымалы тоқты
пайдаланылатын алюминийдің мөлшері жоғары болаттар мен
қорытпалар жоғарыда аталған топқа жатпайды.
Пісіруді жанатын немесе импульстік доғамен үздіксіз орындауға
болады. Импульстік доға жылу әсері ерекшеліктерінің негізінде жік
маңындағы аумақтың ұзақтығын азайтуға және пісірілетін жіктердің
шалыстығын азайтуға, сондай-ақ жақсы жікті қалыптастыра отырып, аз
қалыңдықтағы металды пісіруге мүмкіндік береді. Пісірудің осы
тәсілінде пісіру ваннасы металының кристалдану ерекшеліктері ыстық
жарықтардың пайда болу мүмкіндігін азайта отырып, оның құрылымын
бағытсыздануға өз септігін тигізеді. Алайда, аталған ерекшеліктер
жоғары легирленген болаттарды пісірген кезде жік маңындағы тіліктің
пайда болуына әкелуі мүмкін. Жік түбін қалыптастыруды жақсарту
үшін газ үрлеуді, төменгі жіктерді қалың металдардың жалғас
орындарында жасаған кезде – арнайы балқымалы қосымшаларды
пайдаланады.
Жоғары легирленген болаттарды жалғастыру үшін плазмалық пісіру
де пайдаланылады. Оның артықшылығы – қорғаушы газды аз жұмсау.
Түрлі кескіндегі (дөңгелек, тік бұрышты және т.б.) плазмалық ағынын
алу мүмкіндігі және плазмалық жанарғы мен бұйым арасындағы
арақашықтағы өзгерістер пісірудің бұл тәсілін пайдалануды біршама
кеңейтеді. Плазмалық пісіруді аса жұқа металдарды және қалыңдығы 12
мм дейінгі металдарды жалғастыру үшін қолдануға болады. Оны
жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерден жоғары болатын қалыңдықтағы
металдарда пайдалану жіктерде тілікше пайда болу мүмкін
болғандықтан қиынға түседі.
Балқымалы электродпен пісіруді инертті, белсенді газдарда және
олардың қоспаларында пайдаланады. Құрамында жеңіл қышқылданатын
элементтер (алюминий, титан және т.б.) жоғары легирленген
болаттарды пісіргенде инерттік газдарды, негізінен аргонды
пайдаланғаны орынды. Инертті газдарда пісіреген кезде электрод
металын тамшылық немесе ағынды ауыстыруға болады. Ағынды
ауыстыру кезінде доға аса тұрақты болады, бұл болса электрод металын
пісіру ваннасына ауыстыруды бірталай жақсартады, сонымен бірге
метал шашырауын болдырмайды. Бұл, әсіресе, жіктерді тік және төбелік
жағдайында пісіргенде өте маңызды.
Шашыраудың, яғни тоттың пайда болу ошақтарының жоқтығы
коррозиялық-төзімді және ыстыққа төзмді болаттарды пісіруде маңызды
болады. Алайда пісіру тогының мәні сындық көрсеткіштен жоғары
болғанда электрод металын ағынды ауыстыруға болады, мұндайда жұқа
қабатты металды пісірген жағдайда күйіктеспе болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: