В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет114/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

8.3. 
СЫҒЫМДАЛҒАН ГАЗ 
БАЛЛОНДАРЫ МЕН БАЛЛОНДАР 
ҮШІН ШҰРАЛАР
20 МПа (200 кгс/см
2
) дейінгі қысымға есептелген кішкене және 
орташа сиымдылығындағы газға арналған болат баллондар МЕСТ 
949 — 73 талаптарына жауап береді. 
221 


8.1-кесте. Газбен пісіру мен кесу барысында қолданылатын баллондардың 
шартты бояу түстері
Газ 
Баллон түрі
Баллондағы жазу 
Жазу түсі
Ацетилен 
Ақ
Ацетилен 
Қызыл 
Сутегі
Қара-жасыл 
Сутегі
» 
Оттегі 
Көгілдір
Оттегі
Қара 
Пропан 
Қызыл
Пропан 
» 
Өзге жанар газдар
» 
Газдың атауы 
Ақ 
Баллондар белгілі бір қысымдағы газдардың әртүрлі сиымдылығына 
ие. 12 дм
3
(литрлік) дейінгі көлемдегі баллондар кішкене 
сиымдылықтағы баллондарға жатады. 20-дан 50 дм
3
–ға (литрлік) 
дейінгі баллондар орташа сиымдылықтағы баллондар деп аталады. 
Сығымдалған, сұйытылған және - 50-ден +60°С-қа дейінгі
температурада ерітілген газдарды сақтау мен тасымалдау үшін арналған 
баллондарды жіксіз құбырлардан жасайды. 
Оттегі үшін баллондарды 15 МПа (150 кгс/см
2
) өлшемді қысымға 
арнап шығарады, ал ацетилен үшін 10 МПа (100 кгс/см
2
) өлшемді 
қысымға жасайды. 
Баллондардың 40 дм

(литрлік) сиымдылықтағы түрі ең көп 
таралған. 8.1-кестеде газдарды сақтау мен тасымалдау үшін арналған 
баллондардың шартты бояу түстері келтірілген.
Газ үшін арналған баллондардың жоғарғы сферасының бөлігін 
боямайды, оған келесі төлқұжаттық мәліметтерді қағып жазады: 

Дайындаушы –кәсіпорынның тауарлық белгісі; 

Баллонның номері; 

Дайындалған күні (айы, жылы) мен әрбір бес жыл сайын жүргізілетін 
сынаудың келесі жүргізілетін жылы; 

бос баллонның салмағы, кг; 

Баллонның сиымдылығы, дм
3
(л); 

ТББ таңбасы. 
Оттегіге арналған баллондар (8.6-сурет) корпусының 1390 мм 
ұзындығында 43,5 және 60 кг салмаққа ие.
Баллондағы оттегінің мөлшерін есептеп шығару үшін оның 
сиымдылығын, дм
3, 
газдың қысымына, МПа (кгс/см
2
) көбейтеді. 
Мәселен, баллонның 40 дм

сиымдылығында және оттегімен 
толтырылған баллонның 15 МПа (150 кгс/см
2
) қысымында баллондағы 
оттегінің мөлшері 40 х 150 = 6 000 дм

(немесе 6 м
3
) құрайды. 
222 


8.6- сурет. Оттегі баллонының құрылымы: 
1
— сақтандырғыш қалпақ; 
2
— текті шұра; 
3
— сақина; 
4
— корпус; 
5
— тірек тоспа; 
L
6
— 
баллонның 
ұзындығы; 
D15— 
баллонның 
диаметрі; 
s
6
— 
баллон 
қабырғасының қалыңдығы
Баллондар төменгі бөлігіменен тоспаларға 
сүйену арқылы тасымалдау барысында 
корпусына соққылардың тиюіне жол 
бермейді және газ бекетінде орнату кезінде 
орнықты тік қалыпты қамтамасыз етеді.
Баллондардың жоғарғы бөлігі де кездейсоқ 
соққылардан 
қалың 
қабырғалы 
қалпақтармен қорғалады.
Пісіру бекетінде баллонды тігінен орнатады 
және құлап кету қаупінен сақтандыру үшін 
шынжыр немесе қамытпен бекітеді. Қысқа 
мерзімді монтаждық жұмыстар кезінде 
баллонды жерге шұра оның тоспасынан 
жоғары болатындай қылып орналастырады.
Ол үшін баллонның жоғарғы бөлігін ойығы 
бар ағаш төсенішке тірейді.
Жоғары қысымды газды қауіпсіз сақтау мақсатында ацетиленді 
баллондарды (8.7-сурет) ацетонмен қанықтырылатын ағаш көмірі, 
кеуектас, инфузорлық жерден тұратын, онда ацетилен жақсы еритін 
арнайы кеуек массамен толтырады. Ацетонда ерітілген масса 
кеуегінде ацетилен жарылу қаупі жоқ болып, осындай түрде оны 
баллонда 2,5-3,0 МПа (25-30 кгс/см
2
) дейінгі қысымда сақтауға 
болады. Ацетиленге арналған баллонның шартты қысымы 20 °С-та 
1,9 МПа (19 кгс/см
2
) құрайды.
Баллонның шұрасын ашқан кезде ацетилен ацетоннан бөлініп 
шығып, газ түрінде редуктордан жанарғы шлангіне шығады. Бұл 
ретте ацетон масса кеуегінде сақталып, кейіннен баллон 
толтырылған кезде қайтадан ацетиленді ерітеді.
Баллондық ацетилен генераторлық ацетиленге қарағанда жұмыс 
жасауға көбірек қауіпсіз, таза, және ылғалы аз, жанарғы мен 
кескіште газдың жоғарылау қысымын қамтамасыз етеді.
223 


Табақтық көміртекті болаттан пісіру арқылы жасалатын пропан-
бутанға арналған баллонның (8.8 сурет) қабырғасының қалыңдығы 
3 мм және 40 мен 55 дм
3
(литрлік) сиымдылыққа ие. Мұндай 
баллондар жұмыс қысымының максимальды 1,6 МПа (16 кгс/см
2

көлеміне есептелген.
Оттегі баллондарына шұраны жезден дайындайды. Оттегімен 
әрекеттесетін шұра бөлшектерін болаттан жасауға болмайды, 
өйткені сығымдалған ылғал оттегі ортасында ол күшті коррозияға 
ұшырайды.
8.7-сурет. Ацетиленді баллондардың 
құрылымы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет