В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет122/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

б, в-сурет). 
Нүктелердің жабу 
мөлшері металл қалыңдығына, кезекші доға тоғына, пісіру 
жылдамдығына және т.б. байланысты. Пісіру тоғының артуымен 
және импульс ұзақтығымен жіктің жалпақтығы мен еру тереңдігі 
артады. Жіктің мөлшерлері көбінесе оның серпінінің ұзақтығынан 
гөрі пісіру тоғының мәніне тәуелді. Жекеленген пісіру нүктелерінің 
түрі шеңберге жақындау, пісіру ваннасынан (күйіктеспе) балқыған 
металдың ағып кету мүмкіндігін азайтады,
9.3-сурет. Вольфрамды электродпен импульсты-доғалы пісіру кезіндегі пісіру 
тоғының өзгеруі және кернеуі (а), жазықтықтағы (б) және қима бойындағы жік 
түрлері (в):
/
св
— пісіру тоғы; 1
деж
— кезекші доға тоғы; 
^
— іркіліс уақыты; t, — пісіру 
импульстың уақыты; 
^
= t, + t, — кезең уақыты 
241


сондықтан осындай сапасы жоғары пісіруді салмағы жоқ төсемсіз 
барлық кеңістік қалыпында жеңіл орындауға болады. 
Электродтың жұмыс жасайтын жағының ластануы оның 
төзімділігінің төмендеуіне (ерудің ең төменгі температурасы бар 
вольфрам қосындысының пайда болуына) және жік сапасының 
төмендеуіне әкеледі, сондықтан доғаны негізгі металға немесе 
қоспа сымына тигізбей, не доға аралығын көмір электродымен 
тұйықтай қыздырады. Пісіру тоғын дұрыс таңдауда электродтың 
жұмыс жасайтын жағы аз ғана шығындалады және ұштағыш түрін 
ұзақ сақтайды. 
Қорғаушы газының қажетті шығыны пісіретін металл құрамы 
мен қалыңдығына, пісіру жалғасының типіне мен пісіру 
жылдамдығына қарай белгіленеді. 9.4, 
а, б,-суретте 
бейнеленген 
жалғас типтері қорғаушы газдарының қалыпты шығындалуы 
кезінде орындалады. 9.4, в, 
г-суретте 
бейнеленген жалғастар 
қорғаушы газының артық шығынын талап етеді, сондықтан оларды 
пісіру кезінде жікке қатарлас бүйірінде орналастырылған экранды 
қолдану ұсынылады. Қорғаушы газының ағыны пісіру кезінде бүкіл 
пісіру ваннасын, қоспа шыбығының жылытылған бөлігін және 
электродты сенімді түрде түгедей қамтылуы керек. Пісірудің 
жоғарлатылған жылдамдығы кезінде қорғаныш газы ауамен 
ығысуы мүмкін. Бұл жағдайда қорғаушы газының шығынын 
арттыру қажет. 
Жиектің V- немесе Х-сипатты бөліктері бар көп ұңғы жіктерінің 
бірінші ұңғысын жеңіл қоспа металсыз жиі қолмен немесе 
механикаландырылған пісірумен орындайды, ал бөліктер қоспа 
металдың кейінгі ұңғыларында толықтырылады. Жіктің түбін 
қалыптастыру үшін мыс немесе болат алмалы- салмалы төсемдерді, 
сондай-ақ флюс көпшікті пайдалануға болады. Кей жағдайларда 
қалған көпшіктер де пайдаланылады. Белсенді металдарды
9.4-сурет. Жалғастардың түрлі типтерін пісіру кезіндегі (а... г) газдың қорғаушы 
ағысы шектерінің орналасуы
242


4
3
2
1
1
a
б
9.5-сурет. Бір жақты (а) және екі жақты (б) пісіру кезінде жіктің кері жағын ауадан 
қорғауға арналған төсемдерді пайдалану сұлбасы:
1
— мыс төсем; 
2
— қорғаушы газын беру арнасы; 
3
— балқитын металл; 
4
— қысқышқұрылғы 
жік түбін жақсылап пісіру және балқытылған және ысытылған 
металдың ауадан кері жағынан қорғанышын қамтамасыз ету қажет. 
Бұл қорғаушы инертті газды беруге арналған жырашықтары бар 
мыс немесе басқа төсемдерді пайдалануды қамтамасыз етеді (сурет 
- 9.5). 
Автоматтандырылған пісіру кезінде балқымайтын электрод 
жалғастардың бетіне перпендикулярлы орналастырылады. Электрод 
пен қоспа сымдары арасындағы бұрышта (әдетте 2-4 ммдиаметрлі) 
90°- қа жақын болуы тиіс. Пісіру кезінде қоспалайтын шыбықша 
доғаның алдында болуы тиіс, яғни ол пісіру ваннасының бас 
жағынан берілуі керек. 
Сатылы жіктерді автоматтандырылған пісіру кезінде шүмектен 
электрод соңынан шығатын тұсында терең ұңғыдан 3-5 мм- ден 
аспауы, ал бұрыш жіктері мен қиысқан жіктері пісіру кезінде— 5-7 
мм. болуы тиіс. Доғаның ұзындығын 1,5-3,0 мм шамасында ұстану 
керек. Пісірілмегендерді болдыртпау үшін жіктің басы мен 
соңында қыстырма белгі тақтайшаларды қолдану ұсынылады.
Автоматтандырылған пісіру кезінде электродтың орнын 
ауыстыру және электродты немесе қоспа (балқымайтын 
электродпен пісіру кезінде) металды беру автоматтандырылған. Бұл 
жағдайда доғалар параметрлерінің тұрақтылығы өздігінен реттеу 
арқылы немесе ықтиярсыз сақталады.
Автоматтандырылған пісіру кезінде не пісірілетін бұйымға 
қатысты электрод, не электродқа қатысты бұйым орнын 
ауыстырады. Бірінші нұсқада пісіру сымының беру механизмі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет