В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет124/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

ҚОРҒАУШЫ ГАЗДА 
ДОҒАЛЫ ПІСІРУГЕ АРНАЛҒАН АВТОМАТТАР
247



флюсті немесе газды аппаратура;

басқару жүйелері;

пісіру тоғының көздері;

техника қауіпсіздігі құралдары.
Автоматтардың негізгі бөлігі—пісіру бастиегі — доға аймағына 
балқымалы электродты немесе қоспа материалын беруге арналған 
электромеханикалық қондырғыны құрайды. Пісіру бұйымына қарай 
қозғалмайтындай бекітілген пісіру бастиегі 
аспалы 
деп аталады

Оны қолданған кезде пісіру нысаны доғаға қарай қосалқы қондырғы 
немесе пісіру құрылғысының көмегімен орнын ауыстырады. Егер 
де пісіру автоматы құрылымында арнайы бағыт бойынша
бастиектің орнын ауыстыруға арналған механизм болса, онда оны 
өздігінен жүретін 
деп атайды. Осындай бастиегі бар автоматты 
аспалы типті автомат
деп атайды. Егер автомат құрылымында 
бастиегі өзінде бекітілген арба тікелей пісірілетін бұйыммен орын 
ауыстырса, онда ондай автоматты 
пісіру тракторы
деп атайды. 
Пісіру автоматтары пісіру бастиегінен, арбадан, басқару 
тетігінен, аппаратты шкафтан және пісіру сымы бар кассетадан (9.8-
сурет) тұрады. Пісіру бастиегінің негізгі элементтері сымды беру
беру доңғалақшалары, тоқ беруші мүштік және бастиектің 
қондырмалы ауыстыруына арналған қондырғы болып саналады.
Сымды беру механизмі электрлі қозғалтқыш пен бәсеңдеткіштен 
тұрады. Ауыспалы тоқтың электрлі қозғалтқышын пайдалау кезінде 
реттеу бәсеңдіткіштерін қолданады. Ауыспалы тоқтың электрлі 
қозғалтқыштары реттелмеген бәсеңдегіштермен қатарласа жұмыс 
істей алады. Беру доңғалақшалары бәсеңдеткіштердің шығыс 
біліктерінде орналасады. Оның мақсаты - жылжымайтындай пісіру 
сымын тұрақты беру. Әдетте бұған беру доңғалақшаларының екі 
жұбын қолданғанда жетуге болады. Бәсеңдеткіштің корпусына 
электр байланысын және пісіру ваннасына сымның бағытын 
қамтамасыз ету үшін тоқты өткізетін мүштік бекітіледі. Үлкен 
диаметрлі (3-5 мм) электродты сымды пісіру үшін көбінесе 
сырғымалы доңғалақшалы байланысы бар мүштіктер қолданылады. 
Диаметрі аз (0,8-2,5 мм) сымды пайдалануда түтік тәрізді мүштіктер 
қолданылады. Сырғымалы байланыс мүштіктердің ауыспалы 
ұштарының есебінен сүйемелденеді. 
Пісіру бастиегінің аспалы құрылымы оның қондырмалы орын 
ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс: тігінен - электродтың 
қажетті шығуын қамтамасыз ету үшін немесе пісіру жігіне қарай
оның көлбеуінің бұрышын және көлденеңнен - пісіру алдында 
жіктің ортасымен электрод қапталын орналастыру және үрдіс 
ішінде оның қалпын түзету үшін.
248


9.8-сурет. Балқымалы электродпен пісіруге арналған автомат сұлбасы: 
1
— арба; 
2
— басқару тетігі; 
3
— электродты сымы бар кассета; 
4
— механизмді
беруші; 
5
—беру доңғалақшалары; 
6
— тоқты өткізетін мүштік 
Арба пісірілетін жік бойымен бас тиегінің орнын ауыстыруға 
арналған. Автоматтардың көбінде арба негізгі элементтің ролін 
атқарады. Оның корпусына пісіру бастиегін сымға арналған кассета 
және автоматты басқару модулі орнатылады. Арбаның бірсарынды 
жүрісін пісіру жылдамдығының кең диапазонында қамтамасыз ету 
қажет. Тұрақты тоқты электр жетегі бар автоматтарда арбаның 
орын ауыстыру жылдамдығы қозғалтқыш білігінің айналым 
санының өзгеруімен реттеледі. Ауыспалы тоқты жетекті 
пайдаланғанда арба жылдамдығы бәсеңдеткіштегі ауыспалы 
тегершіктермен реттелінеді.
Қорғаушы газдарында пісіру үшін автоматтарда қалыпты тоқ 
өткізгіш мүштіктердің орнына, тоқ өткізгіштен басқа, пісіру 
аймағына қорғаушы газын беру, қоспа сымдарды беру және қатты 
қызудан бастиекті мәжбүрлеп суытуға арналған қондырғысы бар
арнайы пісіру бастиегін пайдаланады. (9.9-сурет).
9.10-суретте вольфрамды электродпен автоматты пісіруге 
арналған жанарғы құрылымы ұсынылған. Электрод 
10 
сермердің 
7
көмегімен тоқ өткізетін цангаға қысылған. Шүмекке 

қарай 
электрод қалпын өзгерту үшін сомын 

қолданылады,айналған 
кезде ағынды сумен суытылатын құрсау 
6
оттықтың 

ішкі 
корпусында қозғалады. 
249


9.9-сурет. Балқымайтын электродпен автоматты пісіруге арналған бастиек 
құрылымы: 
1
— пісіружанарғы; 
2
— қосымды сымы бар кассета; 
3
— сымды беруге арналған 
механизм; 
4
—сымды қысу механизмі; 
5
— сымды беру аймағын реттеу 
механизмі; 
6
—жанарғының көлденеңнен орнын ауыстыру механизмі; 
7
— сымды 
беру арнасы; 
8
— сымды беру арнасының ұштығы. 
Цанга 

- белгілі диаметрлі электродтарға арналған ауыстырмалы 
тетік.Газ жалғастық 

арқылы құрсау мен жанарғының ішкі 
корпусы 
9
арасындағы саңылаумен түседі.
АДСВ (АДСВ-5, АДСВ-6 және басқалар) типті вольфрамды 
электродпен пісіруге арналған автоматтар маңыздылығы 
нәрлендіру көзі типіне байланысты тұрақты, лүпілді және ауыспалы 
тоқпен бойлай қосындылармен аргонда орындауға арналған. Пісіру 
ұзақтығы 5-80 м/сағ шамасымен реттеледі. 
250


Сурет - 9.10. Вольфрамды электродпен автоматты пісіруге арналған оттықтың 
құрылымы: 
1
— шүмек; 
2
— тоқ өткізгіш цанга; 
3
— газ өткізбейтін ішпек; 
4, 9
— оттықтың 
тиісті ішкі және сыртқы корпусы; 
5
— сомын; 
6
— құрсау; 
7
— сермер; 
8
— 
қорғаушы газын беруге арналған жалғастық; 
10
— электрод 
Осындай автоматтарда қолданылатын жанарғы 1-5 мм. 
диаметрлі вольфрамды электродты бекітуге есептелген. Автоматтар 
АСГВ-4 біріздендірілген бастиегімен (сурет - 9.9 қараңыз), доға 
кернеуін реттеушімен және жіктің қалпын индукциялы тетікпен жік 
бойын бақылау құрылғысымен толықтырылады. 
Автоматтың орнын ауыстыру автоматтың аударылып қалуын 
болдыртпайтын механизмі бар рельс типімен бағыттау бойынша 
жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет