Пісіру жылдамдығы өсумен қатар, доға астындағы балқытылған
металдың қабаттау ені азаяды, нәтижесінде негізгі жіктер де азаяды
(10.3,
в-сурет).
Пісіру жылдамдығы мен пісіру тогы шамадан тыс жоғары болса
жіктерде тілікшелер пайда болуы мүмкін.
Электродтың ұшып шығуы көбейген сайын (10.3, г-сурет) оның
жылыту қарқындылығы да артады, бұл балқу жылдамдығының
арттырады. Нәтижесінде доға астындағы балқыған металдың
қабаттау жуандығы да артады, бұл балқыту тереңдігінің азаюына
әкеп соғады. Бұл әсер 1-3 мм диаметрлі электродтар сымдарымен
пісіру барысында қолданылады, нәтижесінде жік жасау кезіндегі
балқымалы электрод металдың көбеюіне алып келеді, яғни бұл
жағдайда металдың өсуі қосымша металдың әсерінен болады
(электродтың шамадан тыс ұшып шығу әдісі қолданылады).
Электродтың және бұйымның кеңістіктік қалпы электрқожды
пісіру барысындағы жіктің пішіні мен өлшеміне қолмен пісіру
кезіндегідей әсер етеді. Пісірудің бұл тәсілі тек төменгі қалыпта және
бұйымның еңкіш бұрышы 15° жоғары болмаған жағдайда іске
асырылуы мүмкін. Жіктің пішіні мен өлшемін бұйымды еңкейту
арқылы өзгерту тәжірибеде айналма қосылысқан жерлерді пісіру
барысында ғана қолданылады, себебі жалпақ конструкцияларды
еңкіш қалпына орналастыру қиынға соғуы мүмкін. Электродты
еңкейту көп доғалы пісірудің жылдамдығын арттыру үшін
қолданылады. Негізгі металлды 100 °С немесе одан да жоғары
температураға дейін жылыту жіктің енімен балқыту тереңдігінің
артуына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: