8.12-сурет Жабық (а) және ашық (б) күйлерінде кері әсер ететін бірсатылы
баллонды бәсеңдеткіштің сұлбасы:
1 — жоғарғы қысым манометрі; 2, 7 — серіппелер; 3 — төменгі қысым манометрі; 4 —
сақтандырғыш қақпақша; 5 — шұра; 6 — резеңке мембрана; 8 — ретке келтіруші бұранда;
9 — төменгі қысым камерасы; 10 — қақпақша; 11 — жоғарғы қысым камерасы.
Сонымен бірге байланыстырушы
резеңке тармақтары бойынша
дәнекерлеуші жанарғысына 5 шұрасы арқылы өтетін газ бойынша, 9
камераның шығысында орнатылған, 10 қақпақша ашық болған
сайын, төменгі қысымды манометрмен 3 өлшенетін, 9 камерадағы
жұмыс қысымы көп болады.
Осылайша, жұмыс қысымын ретке келтіру 8 бұрандамен
жүргізіледі: оны бұрау кезінде 7 серіппенің күші мен 10
қақпақшаның
өтетін қимасы арттырылады, сәйкесінше 9
камерадағы қысым азаяды және керісінше кемиді.
Орнатылған жұмыс қысымын тұрақтандыру келесі жағдайда
жүзеге асырылады. 8 бұранданың күйі шығынды теңдестіру мен
бәсеңдеткішке газдың түсуі тұрақты жұмыс қысымын қамтамасыз
етеді. Егер газ шығыны, оның балоннан келіп түсуінен көп болған
жағдайда, 9 камерадағы қысым төмендейді, 7 серіппе
жаздырылады, 10
қақпақша көбірек ашылып, 9 камераға газдың
түсуі арттырылып, ондағы қысым жұмыс күйіне дейін артады және
керісінше болады.
228
Егер қандайда бір себептермен тұрақтандыру жүргізілмесе және
9 камерадағы қысым қауіпті шегіне дейін арттырылса, 4 сақтандыру
қақпақшасының серіппесін қысу қажет, қақпақша ашыладыжәне
артық газ атмосфераға лақтырылады.
Бәсеңдеткішті баллонға, оны 1...2 ашып, бәсеңдеткіштің шұғасы
мен бұрандасында ластану мен май іздері жоқтығына көз жеткізіп,
алдын ала балонның шұға саңылауын үрлеп, 8 бұранданы соңына
дейін бұрап жалғау қажет.
Бәсеңдеткіштің таңбасында келесі әріптік белгілер қолданылады:
Б —
баллонды; С — жүйелі; Р — рампалы; А — ацетилен; В —
сутегі; К — оттегі; М — метан; П — пропан; О — серіппелі ретке
келтіргіші бар бір саты; Д — серіппелі ретке келтіргіші бар екі саты;
З — бір саты пневматикалық белгісі бар бір саты.
Таңбадағы
сандар
бәсеңдеткіштердің
м
3
/ч
аса
өткізу
қабілеттіліктерін көрсетеді. Бәсеңдеткіштердің әрбір типіне бір
немесе бірнеше таңба сәйкес келеді. Бәсеңдеткіштерді әртүрлі
климатикалық жағдайларда жұмыс істеу үшін МемСТ 6268-78
сәйкес әзірлейді.
Бәсеңдеткіштердің корпустары газ баллондардың түстеріне
сәйкес боялады: оттекті – көк, ацетиленді – ақ, пропанды – қызыл.
Ацетиленді бәсеңдеткіштер оттекті ұқсас іс-әрекеттер
ұстанымына сәйкес. Олардың айырмашылығы баллон шұрасына
қарай жалғау әдісінде болады. Бәсеңдеткішті балонның бұрасына
жалғамас алдын шұра келтеқосқышын үрлеп, бәсеңдеткіш
келтеқосқышының
төсемесінің
және
салмалы
сомынының
дұрыстығына, сондай-ақ онда ластанудың болмауына көз жеткізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: