В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


Машиналар мен аппараттардың бөлшектері



Pdf көрінісі
бет139/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

Машиналар мен аппараттардың бөлшектері 
— бұл ауыспалы 
бірнеше рет қайталанатын күш кезінде жұмыс жасайтын 
құрылыстар. Мұндай құрылыстарға қойылатын өзіндік талаптар 
маңызды түрде қамтамасыз етілетін дайындамаларды немесе дайын 
бөлшектерді механикалық өңдеу өлшемнің дәлдігі болып табылады. 
Тұғырлар, дөңгелектер, біліктер мұндай құрылыстарға мысал болып 
келеді.
ПІСІРІЛГЕН ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ
ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЖАЛҒАСТАР ТҮРЛЕРІ 
Пісірілген құрылымдарды дайындау кезінде әртүрлі пісіру 
жалғастар түрлері орындалады: түйіс, айқасқан, бұрыштық және 
таңбалы. 
Жалпақ және кеңістікті құрылыс элементтерін түйіс жалғасы 
кеңінен жайылған болып табылады. Мұндай жалғастар 
статикалық және динамикалық жүктеме кезінде жоғарғы 
беріктікке ие және балқытып пісірудің кез келген түрімен 
орындалады.
Әртүрлі қалыңдықтағы элементтерді пісіру кезінде 
қалыңырақ элемент жиегін жиектер қызуының біркелкілігін 
қамтамасыз ету және көбіне жұқа элемент күюуін болдырмау 
мақсатында қиғаштап орындайды. 
Айқасқан жалғас көбіне қарапайым дайындық және бұйымды 
жинау жағдайында жалпақ дайындамаларды пісіру кезінде 
қолданылады. Бұл жалғас түйіске қарағанда әлсіздеу. 
Сонымен 
қатар, айқасқан жалғастар пісірілген элементтерді жабумен 
шартталатын негізгі металды шығындаумен байланысты. Айқасқан 
жалғастар жұмыс жүктемелеріне есептелген, бірақ олардың 
беріктігі түйіс жалғастардан төмен, бұл пісіріліп жатқан элементтер 
арасындағы 
саңылау 
салдарынан 
остік 
жүктеме 
және 
шоғырландыру кезіндегі қосымша иілімге байланысты.
Бұрыштық жалғастар,әдетте, байланыстырушы болып 
табылады, олар жұмыс жүктемесін көтеруге арналмаған. 
Бұрыштық жалғастар балқытып пісірудің кез келген түрімен 
орындала береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет