11.2-сурет. Тік тордың
жақтауының сызбасы
Мұнара
типті кеңістікті кереге көз құрылымдар (радиодіңгектер,
радиомұнаралар, бұрғылау мұнарасы және т.б.) үлкен биіктік
салдарынан айтарлықтай жел күшіне шалдығады, сол себепті
оларды құбырлы элементтерден жасайды. Бұл құрылымдардың
көлемі теміржол қозғалмалы составының көлемінен үлкен
болғандықтан оларды заводта дәнекерленген бөлшектерден
құрастырады. Мұнараның негізгі
тіректері бөлшек қырларының
бұрыштарында орналасқан және жалпақ фермалардың белдіктері
болып табылады
В
г ^
Г
1
11.3-сурет. Ферма торларының сипаттама сұлбалары (а... е)
284
a
б
11.4-сурет. Пісірілген арқаулық тор түрлері (а,
б
)
Тіректер стандартты ұзындықтағы жеке құбырлардан құралады және
олардың
шетжағына
пісірілген
фланецтер
арқылы
өзара
бұрандалармен біріктіріледі.
Қабықшалы құрылым — бұл артық қысымды сынайтын құрылым,
оларға құрылым тұмшалылығы талабы қойылады. Мұндай
құрылымдарға түлі сыйымдылықтар,
сауыттар мен құбыр желілері
жатады.
Қабықшалы типті құрылымдар жалпақ дайындамалардан құралады
және
герметикалық жіктермен
дәнекерленеді.
Сыртаумақтық
өлшемге,құрылымдық әрлеуге, даярлаудың сипаттық ерекшеліктеріне
және қолданысқа беруге сәйкес қабықшалы құрылым
қысыммен
жұмыс жасайтын құрылыстың аумақты емес сыйымдылығы,
құбырлар мен құбырлар желісі
деп бөлінеді.
Сыйымдылықтар мен құрылыстарында
көбіне қозғалмалы
теміржол составының аумағынан асып түсетін өлшемдер болады.
Мұндай бұйымдарды бөлшекпен зауытта жасауға және құрастыру
орнына жеке бөлшектермен апаруға тура келеді.
Қысымда жұмыс жасайтын сауыттар жұқа қабатты, орташа
қалыңдықтағы, қалың қабырғалары және көпқабатты қабырғаларды
ажыратады.
Беріктігін есептеген кезде қабырғасының қалыңдығы басқа
өлшемдерден айтарлықтай аз болса (20 рет және одан да көп),
сауыт
жұқа қабырғалы болып саналады. Жұқа қабырғалы сауыттарға ,әдетте,
цилиндр, сфера немесе тор пішінін береді пішін таңдау түрлі
пікірлермен анықталады. Берілген сыйымдылықтағы сфералық
сауыттың массасы минималды.
Корпусты көліктік құрылымдар — бұл динамикалық күшке
ұшыраушы құрылыс, сол себепті оларға минималды масса болған
жағдайда жоғарғы қатаңдық талаптары қойылады. Негізінен мұндай
типтегі құрылыстарға кеме корпустары, тұтас металды вагондар,
автокөлік шанақтары, сондай-ақ
жанармай және цемент тасу
цистерналары жатады.
285
Бұл құрылымдарға оларды вибрациялық және динамикалық
күштерді қабылдай алатын қатты кеңістіктік құрылысқа біріктіретін
жалпақ немесе иілген жалпақ элементтер мен ендерді қолдану ортақ
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: