В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет39/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)
10 А Сынып сагатынын жоспары, DOC-20230228-WA0013. (2), Псих
3-
бөлім 
ҚОРҒАУШЫ ГАЗДАРДА ДОҒАЛЫ 
ЖӘНЕ ҚОРҒАУШЫ
 
ГАЗДАРДАҒЫ
 
ПЛАЗМАЛЫ
 
ЖӘНЕ
 
ДОҒАЛЫ
 
ПІСІРУ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
 
МЕН
 
ТЕХНИКАСЫ 
3.1. 
ҚОРҒАУШЫ
 
ГАЗДАРДА
 
ПІСІРУ
 
ТӘСІЛДЕРІНІҢ
 
ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Доғалы пісіру кезінде сапалы жалғастарды алу үшін доға мен 
балқытылған металл аймағын ауаның зиянды әсерінен қорғау қажет 
етіледі. Қорғаушы газдарда (3.1-сурет) пісіру кезінде доға мен 
балқытылған металл аймағын қорғау үшін жанарғының көмегімен 
ағыншамен берілетін газды пайдаланады. 
Қорғаушы 
газдары 
ретінде 
пісіру 
кезінде 
металмен 
әрекеттеспейтін инерттік газдарды (аргон, гелий және олардың 
қоспаларын) және металмен әрекеттесетін белсенді газдарды 
(көмірқышқыл газ, сутегі және т.б.), сондай-ақ, олардың 
қоспаларын пайдаланады. 
Қорғаушы газдарда балқытылмайтын электродпен пісіру 
сұлбасы 3.1, 
а-суретінде 
көрсетілген
.
Бұл жағдайда доға электрод 
пен бөлшек арасында жанады. Пісіру процесі кезінде электрод 
балқытылмай, пісірілетін жиектер бойы жылжытылатын доға 
оларды қорытады. Доға алыстаған сайын, балқытылған металл 
қатайып, бөлшектің жиектерін қосатын жікті құрайды. 
Балқымалы электродпен (3.1, 
ә-суреті)
пісірген кезде, доға 
доғаға үздіксіз берілетін электродты сым мен бөлшек арасында 
жанады. Доға сым мен бөлшектің жиектерін балқытып, нәтижесінде 
жалпы пісіру ваннасы пайда болады. Доға жылжыған сайын, пісіру 
ваннасы қатайып, бөлшектің жиектерін қосатын жікті құрайды. 
Қорғаушы газын үнемдеу мен процесті басқару мақсатында, 
пісіруді доға айналасында концентрлік түрде берілетін газдардың 
екі бөлек ағыншаларында орындауға болады (3.1, 
б-суреті).
Бұл 
жағдайда газдың ішкі ағыншасында доға жанады және электрод 
металының тамшысы орналасады, ал сұйық металл ваннасы газдың 
ішкі және сыртқы ағыншаларының қоспасымен қорғалады. 
85 


3.1-сурет. Қорғаушы газдардағы пісіру процестерінің сұлбалары: 
а
— балқытылмайтын электродпен; 
ә
— балқымалы электродпен; 
б
газдың екі 
ағыншасындағы балқытылатын электродпен; 
1
— бөлшек; 
2
— доға; 
3
— қорғаушы газы; 
4
— пісіру жанарғысының шүмегі; 
5
— балқытылмайтын электрод; 
6
— пісіру ваннасы; 
7
— 
электродты сым; 
8
— газдың ішкі ағыншасы 
3.2-сурет. Қорғаушы газдарда қолмен доғалық пісірудің негізгі тәсілдер-
інің топтастырылуы 
86 


Қорғаушы газдарда пісірудің жаңа тәсілдері де әзірленді: 
импульсті-доғалы, вибрациялық-доғалы және т.б. 
Қорғаушы газдарда балқымалы электродпен пісірудің 
негізгі тәсілдерінің топтастырылуы 3.2-суретте келтірілген. 
Аргон-доғалы пісіру процесінің негізгі параметрлеріне: 

балқытылмайтын электродпен пісіру кезінде — доға тогы мен 
қорғаушы газының шығыны; 
балқымалы электродпен пісіру кезінде — доға тогы, қорғаушы 
газының шығыны мен электродты сымды беру жылдамдығы 
жатады. 
Қорғаушы газдарда доғалы пісірудің ерекшеліктері: 

термиялық әсер етудің барынша аз аймағы мен пісірілген 
тораптың кішігірім деформациясын қамтамасыз ететін доға 
энергиясының жоғары шоғырлануы; 

процестің жоғары өнімділігі; 

балқытылған металдың тиімді қорғанысы, әсіресе, инерттік 
газдардың қорғаушы ортасы ретінде пайдаланғанда тиімді;

флюстерді немесе сылақтарды қолдану қажеттілігінің болмауы; 

әртүрлі кеңістік қалыптарда пісіру мүмкіндігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет