Қорғаушы газдарда пісірудің жаңа тәсілдері де әзірленді:
импульсті-доғалы, вибрациялық-доғалы және т.б.
Қорғаушы газдарда балқымалы электродпен пісірудің
негізгі тәсілдерінің топтастырылуы 3.2-суретте келтірілген.
Аргон-доғалы пісіру процесінің негізгі параметрлеріне:
■
балқытылмайтын электродпен пісіру кезінде — доға тогы мен
қорғаушы газының шығыны;
балқымалы электродпен пісіру кезінде — доға тогы, қорғаушы
газының шығыны мен электродты сымды беру жылдамдығы
жатады.
Қорғаушы газдарда доғалы пісірудің ерекшеліктері:
■
термиялық әсер етудің барынша аз аймағы мен пісірілген
тораптың кішігірім деформациясын қамтамасыз ететін доға
энергиясының жоғары шоғырлануы;
■
процестің жоғары өнімділігі;
■
балқытылған металдың тиімді қорғанысы, әсіресе, инерттік
газдардың қорғаушы ортасы ретінде пайдаланғанда тиімді;
■
флюстерді немесе сылақтарды қолдану қажеттілігінің болмауы;
■
әртүрлі кеңістік қалыптарда пісіру мүмкіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: