В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


Айқасқан жалғасты бір өтпелі бұрыштық жікпен төбе



Pdf көрінісі
бет37/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)
10 А Сынып сагатынын жоспары, DOC-20230228-WA0013. (2), Псих
Айқасқан жалғасты бір өтпелі бұрыштық жікпен төбе 
қалпында пісіру. 
Бұл пісірілген жалғас көбінесе резервуарларды 
салу және кеме жасау саласында қолданылады. Осы объектілердің 
үлкен габариттік өлшемдері мен өздеріне тән ерекшеліктеріне 
байланысты, пісіруді орындау үшін оларды көмкеру дұрыс болып 
табылмайды. Осыған ұқсас көптеген жұмыстар кері полярлық 
токпен орындалады. Алайда, осындай пісіруді тура полярлық 
токпен орындауды қажет ететін жағдайлар да кездеседі. Тура 
полярлық токпен пісіруге қарағанда, кері полярлық токпен пісіру 
кезінде пісіру тогының мәні кем болмау тиіс. 
Пісіру процесі кезінде электродтың пісіру бағытына қарай 
теңселіп жылжуын қолдануға болады. Оған қоса, электродты алға 
қарай жылжытқан кезде, пісіру доғасының үзілуіне жол берілмеу 
тиіс. Электродтың осылай жылжуы жиектеріне электродты 
металды балқытып қаптау алдында олардың алдын ала жылытуын 
қамтамасыз етіп, пісіру ваннасының қызып кетуін болдырмайды. 
Сондай-ақ, электрод пен пісіру доғасының жылжуы қождың пісіру 
ваннасының артқы жағына ығыстыруын тудырады. Пісіру 
доғасының үстіңгі пластинаның бетіне және пісірлген жіктің 
сыртқы бетінің шегіне шығуына жол берілмейді. 
82 


Тура полярлық токпен пісіру кезінде пісірлген жікте артық дөңес-
тіктің түзілуі байқалады. 
Төсемдегі жиектерін қисайтып, түйіс жалғас көп өтпелі жікпен 
төбе қалпында пісіру. Бұл пісірлген жалғас көптеген жағдайда 
құбырлар мен резервуарларды пісіру кезінде қолданылады
.
Пісіру кері полярлық токпен орындалады. Бұл жағдайда пісіру 
тогы жеткілікті түрде үлкен болу керек. Металды басқа жерге 
жақсы тасымалдау үшін қысқа доғаны сақтау керек. Бұл жағдайда 
электродтың жылжуы сырғымалы түрде орындалу тиіс. Сондай-ақ, 
төсем жағында және жалғастың негізгі бөлігіндегі жиектері 
арасында дұрыс қосып қорытылуын қамтамасыз ету керек. 
Пісірілген жіктің беттік жағының дөңестілігі мүмкіндігінше азырақ 
болу тиіс. 
Осылай пісіру кезінде екінші және одан кейінгі өтулер 
электродтың көлденең теңселуінсіз оның сырғымалы жылжу 
техникасын пайдалану арқылы да орындалады. Металл қызып кете 
бастаса, доғаны ұзартып, қызып кеткен пісіру ваннасы бар кратер 
суығанша, электродты алға қарай жылжыту керек. 
Бұл жағдайда алдында балқытып қапталған білікшелердің 
беттерімен де, бөлшектеу қабырғаларымен де жақсы қосып 
қорытылуын қамтамасыз ету керек. Әрбір өтуден кейін жіктің 
беттерін қождан тазартып отыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет