В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


Жиектерін қисайтып, түйіс жалғасты көп өтпелі жікпен төбе



Pdf көрінісі
бет38/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)
10 А Сынып сагатынын жоспары, DOC-20230228-WA0013. (2), Псих
Жиектерін қисайтып, түйіс жалғасты көп өтпелі жікпен төбе 
қалпында пісіру
. Бұл пісірілген жалғас көптеген жағдайда 
құбырлар мен жалпақ илемнен жасалған құрылымдарды пісіру 
кезінде қолданылады. 
Жиектерін қисайтып, түйіс жалғас көп өтпелі жікпен пісіру 
электродтың көлденең теңселуімен кері полярлық тоқпен 
орындалады. Алғашқы өтуді орындаған кезде, пісіру тогы тым 
үлкен болмау тиіс. Алайда, ол металдың сырт жағынан жақсы 
балқытылуын қамтамасыз ету керек. 
Бұл жағдайда жалғастың негізгі бөлігінде алғашқы өтуді 
орындау түйіс жалғастарды пісіру кезінде алғашқы өтуді орындауға 
ұқсайды. Бұл ретте, пісірілген жіктің беттік жағы тегіс болып, оның 
сыртқы жағында кішігірім білікше пайда болу керек. 
Екінші және одан кейінгі өтулерді орындағанда, алғашқы 
өтумен салыстырғанда, пісіру тогы біршама үлкен болып, пісіру 
электродтың көлденең теңселуімен орындалу тиіс. Пісірілген жіктің 
орталық бөлігінде тым үлкен дөңестіктің пайда болуын болдырмау 
үшін, электродты көлденең бағытта жылжыту тез орындалу тиіс. 
83 


Одан басқа, электродтың көлденең жылжу траекториясы пісірілген 
жік енінен шықпау керек. Тіліктердің пайда болуын болдырмау 
үшін электродты көлденең теңселу траекторияларының шеткі 
нүктелерінде ұстап тұру пайдаланылады. 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. 
Пісіру доғасын қоздырудың қандай тәсілдері 
қолданылады? 
2. 
Доғаның ұзындығы пісірілген жіктің пішініне қалай әсер 
етеді? 
3. 
Пісіру процесі кезінде жіктің жасалуын қалай басқарады? 
4. 
Металл табақтарды пісіру кезінде деформацияны 
азайтудың қандай әдістері қолданылады? 
5. 
Бөлшектеуді көп өтпелі жікпен толтыру кезінде қандай 
әдістер қолданылады? 
6. 
Пісіру режимі дегеніміз не? 
7. 
Қолмен доғалық пісіру режимінің параметрлері қандай? 
8. 
Пісіру тогының күшін қандай критерийлер бойынша 
таңдайды? 
9. 
Әртүрлі кеңістік қалыптарында пісіруге арналған 
электрод маркалары мен диаметрлерін қандай 
параметрлер бойынша таңдайды? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет