В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет35/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)
10 А Сынып сагатынын жоспары, DOC-20230228-WA0013. (2), Псих
 


 
Таңбалы жалғасты тік бағытта пісіру

Тік түйістерді пісіру, көбінесе, төменнен жоғары қарай 
орындалады. Алайда, пісіруді жоғарыдан төмен қарай орындауды 
қажет ететін жағдайлар да кездеседі. Өту санын таңдау осы 
қосылыстың мақсатымен, сондай-ақ, пісірілетін пластиналардың 
қалыңдығымен белгіленеді. 
Таңбалы жалғас электродтың көлденең жылжытуынсыз бір 
өтпелі бұрыштық жікпен тік қалпында пісіру кезінде, пісіру тогы 
жалғастың негізгі бөлігінің тұрақты балқытылуын, сондай-ақ, 
пластиналар беттерімен қосып қорытылуын қамтамасыз ететіндей 
жеткілікті түрде үлкен болу керек. 
Осы пісіру электродтың жоғары-төмен қарай теңселуімен кері 
полярлық токпен орындалады. Электродты металды басқа жерге 
тасымалдау кезінде, қысқа доғаны сақтап, ал электродты жоғары 
қарай жылжыту кезінде, доғаны созу керек, алайда, бұл жағдайда, 
оның үзілуіне жол берілмеу керек. Пісірілетін металдың қызып 
кетуін және оның бұдан кейін жарылуын, сондай-ақ пісіру 
ваннасының ағылуын болдырмау үшін электродты пісіру 
ваннасынан мерзімді түрде алып отыру керек. Оған қоса, талап еті-
летін балқытуға, пісірілетін жиектерімен қосып қорытылуға қол 
жеткізілгенде және тіліктері жоқ қажетті профильді жік пайда 
болғанға дейін, пісіру ваннасын бір орында ұстап отыру керек. 
Таңбалы жалғас бір өтпелі бұрыштық жікпен тік қалпында 
пісіру төменнен жоғары қарай, әдетте, кері полярлық токпен, бірақ, 
кейде тура полярлық токпен де орындалады. Бұл жағдайда 
пісірілген жік электродтың көлденең теңселуінсіз жіңішке білік-
шелермен орындалу мүмкін, бірақ, ол көбінесе электродтың 
көлденең жылжытуымен орындалады. 
Жалғас электродтың көлденең теңселуімен көп өтпелі жікпен 
пісіру кезінде, алғашқы өтуі бір өтпелі ретінде, яғни электродтың 
көлденең теңселуінсіз немесе кейбір жағдайларда оның кішкене 
көлденең теңселуімен орындалады. Бұл жағдайда пісіру тогы 
жалғастың негізгі бөлігінің жақсы балқытылуын және жиектерімен 
қосып қорытылуын қамтамасыз ететіндей жеткілікті болу керек. 
Пісіру процесі кезінде электродты пісіру ваннасының үстінен 
ұстап тұрып, оны жоғары қарай және кезектеп сол мен оңға қарай 
бір уақытта шетке жылжыту керек. Пісіру процесі кезінде 
орындалатын пісіру ваннасының біркелкі жылжытылуы беті 
кішкене дөңестеу, тегіс жікті алуға мүмкіндік беріп, көлденең 
жылжыту кезінде электродты шеткі нүктелерде қысқа мерзімге 
тоқтату тіліктердің пайда болуын болдырмайды. Пісіру кезінде 
қысқа доғаны сақтап отыру керек. 
79 


Бірақ, электродтың пісіру ваннасының балқытылған металымен 
түйісуіне жол берілмеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет