В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


Таңбалы жалғасты төбелік қалпында пісіру



Pdf көрінісі
бет36/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)
10 А Сынып сагатынын жоспары, DOC-20230228-WA0013. (2), Псих
Таңбалы жалғасты төбелік қалпында пісіру
. Бұл пісірілген 
жалғас көптеген жағдайда кеме жасау саласында және металл 
құрастырылымдарын жасау кезінде қолданылады. 
Таңбалы жалғас бір өтпелі бұрыштық жікпен төбе қалпында 
пісіру кері полярлық токпен орындалады. Бұл жағдайда пісіру тогы 
тым үлкен мәнге ие болмауы тиіс. 
Былай пісіру кезінде электродтың қалпы мен жылжу бағыты 
2.17-суретте көрсетілген. 
Пісіру процесі кезінде электродтың қайтымды iлгерiлеме 
жылжытылуы пайдаланылады. Металды балқытып қаптау кезінде 
қысқа доғаны сақтап отыру керек, алайда электродтың алға қарай 
жылжытылуы кезінде, доға үзілмеу тиіс. 
Жалғастың негізгі бөлігінің жақсы балқытылуын, сондай-ақ, 
бүйір жиектерімен қосып қорытылуын қамтамасыз етуге ерекше 
көңіл бөлу керек. Қождың пісіру ваннасының бас жағына ағып 
кетуіне, сондай-ақ, пісірілген жіктің артық биіктігі мен дөңестігінің 
пайда болуын болдырмау мақсатында оның қызып кетуіне жол 
берілмеу керек. 
2.17-сурет. Таңбалы жалғас 
бір өтпелі бұрыштық жікпен төбе қалпында пісіру кезінде электродтың қалпы (а) мен жылжу 
бағыты (ә): 
1
— электрод; 
2
— бұйым; 
3
— пісірілген жік
80 


Таңбалы жалғас бір өтпелі бұрыштық жікпен төбе қалпында 
пісіру электродтың көлденең теңселуінсіз орындалады. Пісіру кері 
полярлық токпен орындалады. Бұл жағдайда пісіру тогы тым үлкен 
болмау тиіс. Әрбір өтуі жақын білікшелермен және пісірілетін 
жиектердің беттерімен жақсы қосып қорытылуын қамтамасыз етіп, 
жіктің беттік жағы әрбір өту кезінде барынша тегіс болу керек. 
Таңбалы жалғас электродтың көлденең теңселуімен көп өтпелі 
бұрыштық жікпен төбе қалпында пісіру кері полярлық токпен 
орындалады. Сонымен бірге, алғашқы өтуді орындаған кезде, пісіру 
тогы жеткілікті түрде үлкен болуы тиіс. 
Былай пісіру кезінде электродтың қалпы мен жылжу бағыты 
2.18, 
а-суретінде 
келтірілген
.
2.18-сурет. Таңбалы жалғас электродтың көлденең теңселуімен (а) көп өтпелі 
бұрыштық жікпен төбе қалпында пісіру кезінде электродтың қалпы мен жылжу 
бағыты және оның қозғалыс траекториясы (ә): 
1
— электрод; 
2
— бұйым; 
3
— пісірілген жік 
81 


Бұл жағдайда пісіру доғасының ұзындығы үлкен болмау тиіс. 
Бұлай пісіру кезінде электрод қозғалысының траекториясы 2.18, 
ә-суретінде 
көрсетілген
.
Электродтың жылжытылуы тез және жылжымалы түрде 
орындалып, алайда, бұл жағдайда доға ұзындығының елеулі 
ұлғаюының орын алмайтынын қадағалау керек. 
Пісіру процесі кезінде пісіру доғасының тұрақты жануын 
сақтап, 
оның 
үзілуіне 
жол 
берілмеу 
керек. 
Кратер 
кристаллизацияланғаннан соң оған электродты жақындатып, 
кратерді қайтадан пісіру керек. Бұл пісіру ваннасының қызып 
кетуін және пісірілген жік металында жарықтардың пайда болуын 
болдырмай, электрод металын балқытып қаптау алдында пісірілген 
жіктің негізгі бөлігінің алдын ала жылытуын қамтамасыз етеді. 
Оған қоса, бұндай пісіру техникасы қожды балқытып қапталған 
металдың үстіңгі бөлігіне ығыстыруға мүмкіндік береді. Бұл 
жағдайда балқытып қапталған металды және пісіру доғасын 
бақылау мүмкіндігі жақсарып, пісірілген жік тіліктерінің, 
қатпарлар мен артық дөңестігінің пайда болуы болдырылмайды, 
сондай-ақ, үстіңгі бетінің сырты жақсарып, ол біртекті болады. 
Пісірудің екінші өтуі алғашқысы сияқты орындалады, тек 
екінші өтуінде электродты металдың көбірек мөлшері балқытып 
қапталады. Әдетте, бірінші өтуге қарағанда, екінші өтуді орындау 
әлдеқайда қиын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет