В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет4/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

Электрод ұстағыш
 
— бұл электродты және оған келетін ток 
жолын бекітуге арналған сайман. Қолданылып жүрген электрод 
ұстағыштардың көптеген түрлері арасында неғұрлым қауіпсіздері 
МЕСТ 14651 — 78Е талаптары және жіктелуі бойынша әзірленетін 
серіппелері болып табылады: І типті — 125 А дейінгі ток үшін; ІІ 
типті — 125-315 А ток үшін; ІІІ типті — 315-500 А ток үшін. Бұл 
электрод ұстағыштар жөндеусіз 8-10 мың рет қысуға төзеді. 
Электродты ауыстыру уақыты 3-4 с. аспайды. 
Конструкциясы бойынша аша тәріздес, тістеуік тәріздес
серіппелі және серіппелі сақинасы бар электрод ұстағыштар болады 
(1.2-сурет). 
1.1-кесте. Балластық реостаттардың техникалық сипаттамалары
Маркасы
Номиналды пісіру 
тогы, А
Габариттік өлшемдері, мм
Массасы, кг
РБ-201У2
200
580 х 355 х 648
30
РБГ-301
300
600 х 410 х 390
32
РБ-301У2
315
580 х 410 х 648
35
РБ-501У2
500
580 х 465 х 648
45



1.2 -сурет. Әртүрлі типті электрод ұстағыштар: 
а
— аша тәріздес; 
б
— тістеуік тәріздес; 
в
— серіппелі; 
г
— серіппелі сақинасы бар 
Электрод ұстағыш (МЕСТ 14651 — 78) жеңіл болуы тиіс 
(массасы 0,5 кг аспауы тиіс), берік изоляциясы болуы тиіс, жұмыс 
барысында қызып кетпеуі керек және электродтың тез және сенімді 
бекітілуін қамтамасыз етуі тиіс. 
Электродтарды бекіту тәсілдеріне қарай ЭП (1.3-сурет) және ЭД 
типті тістеуік тәріздес, бұрандалы (1.2-кесте), ЭУ және ЭДС типті 
эксцентрлі электрод ұстағыштар болады. 
Қорғаныш қалқандары және шлемдер МЕСТ 12.4.035 — 78 
бойынша ток өткізбейтін материалдардан – фибра немесе 
пластмассадан жасалады. Қалқанның массасы 0,48 кг, шлем — 0,6 
кг аспайды. Қалқан мен шлемнің ішкі қабаттары — тегіс, күңгірт, 
қара түсті


1 2 


1.3-сурет. Тістеуік тәріздес электрод ұстағыштың құрылымы: 
1
серіппенің қорғаныш қалпағы
2
— серіппе; 
3
— жоғарғы еріншесі бар иінтірек; 
4
— 
жылумен оқшаулау қорғанысы; 
5
— төменгі ерінше; 
6
— бұранда төлкенің конусы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет