В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет9/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

 
1.5.
 
ПІСІРУ ТРАНСФОРМАТОРЛАРЫ
 
Пісіру трансформаторларында пісіру үшін 220 немесе 380 В 
қажетті төмендетілетін желілік кернеу(100 В кем) болады.


Барлық пісіру трансформаторлары кернеу трансформаторлары 
болып табылады. 
Ауыспалы токтың пісіру доғасының ерекшеліктерінің бірі 
нәрлендіру көзінің тогын және кернеуін кезеңдік өзгерту болып 
табылады, яғни ол нөлдік мағыналар арқылы қисық токтың ауысуы 
барысында кезеңдеп жанбай қалады. Сырттай бұл жанып тұрған 
доғаның күрт дыбысында және сұйық металдың жоғары 
шашыралуынан көрініс табады. Электродтардың бүкіл гаммасын 
пайдалануға мүмкіндік бермейтін ауыспалы ток доғасының төмен 
жану тұрақтылығы пісіру трансформаторларының кемшілігі болып 
табылады. 
ТД және СТШ типті пісіру трансформаторлары ауыспалы токта 
пісіру үшін арнайы арналған жоғары тұрақтандырушы қасиеттері 
бар электродтарды пайдалану барысында доғаның жеңіл тұтануын 
және тұрақты жануын қамтамасыз етеді. 
Трансформаторлардың басты қасиеті құнының төмендігі болып 
табылады: олар түзеткіштерден 2 — 4 есе арзан және дәл сондай 
қуаттылығы бар пісіру агрегаттарынан 6—10 есе арзан.
Трансформаторлар сондай-ақ пайдалануда арзан, пайдалы әрекет 
етудің салыстырмалы жоғары коэффициентіне ие (шамамен 0,7-
0,9) электр энергиясының шығыны үлестік (шамамен 1кг 
балқытылған электродтық металлға 2.4 кВт-ч). Бұдан басқа, 
пайдалануда қарапайым және жөндеуге жеңіл келеді. 
Электрмагниттік сұлбаға және реттеу тәсіліне қарай қалыпты 
шашырап тарауы бар трансформаторлар және ұлғайтылған 
шашырап тарауы бар трансформаторлар болып бөлінеді. 
Қалыпты шашырап тарауы бар трансформаторлар. 
Мұндай 
трансформаторлардың 
әрекет 
ету 
қағидасының 
негізінде 
электрмагниттік индукция құбылысы жатыр, ол өткізгішпен 
қамтылған магниттік өрісті өзгерту барысында, осы өткізгіште 
электрқозғалтқыш күш (ЭҚК) туындайды, ал өткізгіштің 
тұйықталуы барысында онда ток пайда болады.
Қалыпты шашырап тарауы бар пісіру трансформаторының (1.11-
сурет), әдетте, өзекшелі магнит өткізгіші 3, цилиндрлік алғашқы 

және екінші 

орамдары болады, олардың әрқайсысы екі 
катушкадан 
тұрады. 
Алғашқы 
және 
екінші 
орамдардың 
катушкалары мұндай трансформаторда өзекшелі типті тұйық 
магнитөткізгіште 
концентрациялы 
орналасады, 
сондықтан 
магниттік лектердің шашырап тарауы болмайды. Нәтижесінде 
мұндай трансформаторлардың жапқыш құламалық және қатты 
сыртқы сипаттамалары болады. 
Трансформатордың екінші тізбегіне пісіру тогын реттеуді 
жүзеге асыру үшін қосымша индуктивтілік енгізіледі. 
23 


1.11-сурет. Қалыпты шашырап тарауы бар трансформатордың құрылымдық 
сұлбасы: 
1
— цилиндрлік алғашқы орам; 
2
— цилиндрлік екінші орам;
3
— өзекшелік магнит өткізгіш 
Осы индуктивтіліктің орналасуына қарай біріктірілген және бөлек 
реактивті катушкалары бар трансформаторлар болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет