болуына әкелетін жарықтарға төзімділігін арттыру үшін оны 120-
150 °С температурасына дейін алдын-ала жылыту қажет болуы
мүмкін.
Төмен легирленген қатардағы құрылымдарды пісіру үшін Э42А
және Э46А типтегі, ал жауапты құрылыстарды пісіру үшін - Э50А
типтегі
электродтарды
пайдаланады.
Мұндай
жағдайда
кристализациялық жарықтарға барынша төзімді және талап етілетін
берік және иілу қасиеттері бар жіктерді алу қамтамасыз етіледі. Жік
металын негізгі металды оның металға кіретін легирлеуші
элементтерімен пісіру есебінен легирлеу және суытудың
жылдамдығын арттыру төмен көміртекті болаттарды пісірудегі
берік көрсеткіштері әлдеқайда жоғары металл жігін жасауға
мүмкіндік береді.
Жіктерді толтыру техникасы және пісірудің оған сәйкес келетін
термиялық циклі болатты алдын-ала температуралық өңдеуге
тәуелді. Жуан металдарды каскадпен және таушықпен пісіру жік
металы мен жік маңындағы аумақты суыту жылдамдығын тежей
отырып, оларда шынықтыру құрылымдардың пайда болуының
алдын-алады. Осы үдеріс жік металын 150-200 °С температуарсына
дейін алдын-ала жылытқан кезде де болады. Яғни, осы тәсілдер
термиялық қасиеттері бәсеңдеу металдарды сапалы пісіруді
қамтамасыз етеді. Термиялық қасиеттері бәсеңдеу металдарды
пісірген кезде жік маңындағы аумақтағы осалдануды азайту үшін
алдағы суық жіктер бойынша ұзын жіктерді жасау ұсынылады.
Пісіру режимін аз патогендік энергиясымен таңдау керек,
мұндайда жік маңы аумағындағы осалдану аумағының азаюы
қамтамасыз етіледі. Кесіндісі шағын жіктерді пайдалана отырып,
жуандығы жоғары төменлегирленген және төменкөміртекті
болаттардағы пісіру жігінің кемшіліктерін түзеткен кезде суытудың
елеулі жылдамдылығы салдарынан қосымша пісіру жік пен жік
манында аумақ металының иілу қасиеттері төмен болады. Яғни,
мұндай жағдайларда кемшілігі бар бөлікшелерді ұзындығы кемінде
100 мм қалыпты кескін жіктерімен қосымша пісіру немесе 150-200
°С температурасына дейін алдын-ала жылыту керек.
Достарыңызбен бөлісу: