Лабораториялық жұмыстар:
Студенттер протокол толтырады (реакция химизмі, негізгі қорытындылар). Оқытушы студенттердің жұмысын бақылап оларды практикалық дағдыларға үйретеді
№ 1 ЖҰМЫС. ПИРИДИННІҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
Реактивтер: пиридин, темір (III) хлоридінің 1% ерітіндісі, қызыл лакмус қағазы.
Пробиркаға 1 тамшы пиридин және 5-6 тамшы су қосып шайқаймыз.Пиридиннің тұнық ерітіндісі алынады, ол суда жақсы ериді. Пиридиннің өзіне тән өткір иісіне көңіл бөліңіздер (денатурат иісі). Пробирканы сәл еңкейтіп, лакмус қағазын пинцетпен ұстап пиридин ерітіндісіне батырыңыз. Қағаз көк түске боялады, яғни пиридин сумен негіз түзеді.
Осыдан кейін пиридин ерітіндісі бар пробиркаға 1-2 тамшы темір (III) хлориді ерітіндісін тамызыңыздар. Темірдің (III) қызыл күрең тұнбасы түзіледі..
Пиридиннің хлорлы сутекті тұзын алу схемасын жазыңыз.
№ 2 ЖҰМЫС. ЗӘР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰЗДАРЫНЫҢ СУДА ЕРІГІШТІГІ
Реактивтер: зәр қышқылы, 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі, қаныққан аммоний хлориді, көмір қықыл газ.
Зәр қышқылы екі түрлі таутомерия түрінде кездеседі:
2.1.Пробиркаға күрекшенің ұшымен зәр қышқылынан азғантай салыңыз. Оған тамшылатып су құйып, пробирканы шайқаймыз.8-10 тамшы су тамызғаннан кейінде, ерігендігі байқалмайды. Зәр қышқылы суда тіпті ерімейді.
2.2. Осы лайлы ерітіндіге 1-2 тамшы натий гидроксидін қосамыз. Ертінді еріп тұнық түске айналады.Зәр қышқылының лактим түрі сілтімен әрекеттесіп жақсы еритін орта тұз түзеді (натрий ураты).
Зәр қышқылының орта тұз түзу реакциясын жазыңыз:
Тура айтқанда бұл тұз емес, енолят. Зәр қышқылының қышқылдық қасиеті фенолда әлсіз берілген.
2.3. Екінші пробиркаға 1 тамшы аммоний хлоридінің ерітіндісін қосыңыз. Ақ тұнба ертінде зәр қышқылының аммоний тұзы түзіледі. Ураттағы екі натрий ионы, екі аммоний ионына алмасады.
Аммоний уратының түзілу схемасын жазыңыз.
№ 3 ЖҰМЫС. ЗӘР ҚЫШҚЫЛЫН АШУ (МУРЕКСИД ӘДІСІ).
Достарыңызбен бөлісу: |