«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата22.11.2019
өлшемі1,79 Mb.
#52298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әдістеме валеалогия WEB


ТТГ-тиреотропты гормон; 
АКГТ-адренокортикотропты гормон; 
ФШГ-фолликулоширатушы гормон; 
ЛГ-лютендендіруші гормон; 
СТГ-соматропты гормон; 
 
ЛТГ-лютеотропты гормон (пролактин); 
АДГ-антидиуретикалық гормон (вазопрессин) 
Эндокриндік жүйе орталық жүйке жүйесінің бақылауымен жұмыс атқарады және 
ағзаның функцияларын бірлесе отырып реттейді. Реттеу факторларын жасау жүйке 
және эндокриндік жүйе үшін ортақ болып табылады. 
Гормондарды  шығару  көмегімен  эндокриндік  жүйе,  жүйке  жүйесімен  бірлесе 
отырып,  ағзаның  жеке  дара  тіршілік  етуін  қамтамасыз  етеді.  Эндокриндік  жүйе 
болмағанда  ағза  өздерін  шексіз  шатасқан  «сымдар»  қатарын  елестетін  еді.  Осы 
тұста  сымдардың  көптігіне  байланысты  «радиомен»  хабарлағандай,  бірден 
көптеген жасушаларға рет-ретімен жеткізілетін жалғыз ғана «бұйрық» болар еді. 
Эндокриндік  жасушалар  гормондар  шығарып,  оларды  қанға  бөліп  шығарады,  ал 
жүйке  жүйесінің  жасушалары  (нейрондар)  синаптикалық  саңлауларға 
(нейромедиаторлар  өтетін  нейрондар  арасындағы  кішкентай  кеңістік)  бөлініп 
шығарылатын  биологиялық  белсенді  заттектер  (нейромедиаторлар)  жасап 
шығарады. 
Эндокриндік және жүйке жүйесін байланыстыратын үзбе бір мезетте жүйке құрылу 
мен  эндокриндік  без  болатын  гипоталамус  бола  алады.  Ол  эндокриндік 
механизмдердің  реттеулерін  жүйке  реттеулерімен  байланыстырады,  бақылайды, 
сонымен қатар зат алмасу және қан айналым, тыныс алу, ас қорыту, шығару, көбею 
органдарының  қызметін  бақылайтын  вегетативті  жүйке  жүйесінің  орталығы 
болып  табылады.  Гипоталамуста  гормондардың  шығарылуын  басқа  эндокриндік 
бездермен  реттейтін  нейрогормон  деген  ерекше  заттекті  шығару  мүмкіндігі  бар 
нейрондар  орналасқан.  Эндокриндік  жүйенің  орталық  органы  сонымен  қатар 
гипофизде  жатады.  Басқа  эндокриндік  бездерді  эндокриндік  жүйенің 
перифериялық органдарына жатқызады. 
Сызбада  көрсетілгендей  орталық  және  вегетативті  жүйке  жүйесінен  түскен 
сигналдарға жауап ретінде, гипоталамус гипофизге ынталандырушы  (ширатушы) 
гормондардың  шығарылуын  үдету  немесе  тежеу  «бұйрықтарын»  беруші 
нейрогормондар бөледі. 
Сонымен  қатар,  гипоталамус  гипофиздің  қатысуынсыз  перифериялық  бездерге 
тікелей сигналдар жібере алады. 
Гипофиздің 
негізгі 
ынталандырушы 
гормондарына 
тиреотропты, 
адренокортикотропты, 
фолликулынталандырушы, 
лютеиндендіруші 
және 
соматропты гормондар жатады. 
Тиреотропты  гормон  қалқанша  және  жұпқалқаншалы  бездерге  әсер  етеді.  Ол 
қалқанша  және  жұпқалқаншалы  бездердің  жасалуын  және  шығарылуын  белсенді 
етеді. 
Адренокортикотропты  гормон  бүйрек  безі  гормондарының  шығарылуын 
ынталандырады. 
Фолликулоынталандырушы  және  лютеиндендіруші  гормондар  жыныстық 
қызметтердің 
және 
жыныстық 
бездер 
гормондарының 
шығарылуын 
ынталандырады. 
Соматропты гормон жалпы ағзаның және оның жеке органдарының ішін (оның 
ішінде  қаңқаның  өсуін)  ынталандырады.  Бұл  гормон  ұйқы  бездері  бөліп 
шығаратын  инсулинді,  глюкагонды  және  және  асқорыту  ферменттерін  басатын 

20 
 
ұйқы  безінің  гормондарын  да  ынталандырады.  Ұйқы  безінде  өте  ұсақ  аралдар 
тектес  топтанған  жасушалардың  мамандандырылған  2  түрі  бар.  Бұл  альфа-
жасушалар,  глюкагон  гормондарын  шығарушылар,  инсулин  гормонын  түзуші 
бета-жасушалары.  Инсулин  мен  гормон  көмірсу  алмасуын  реттейді  (нақтырақ 
айтқанда глюкозаның құрамындағы деңгейі). 
Ынталандырушы  гормондар  перифериялық  эндокриндік  бездердің  қызметтерін 
белсендендіре түседі, олардың ағзаның негізгі тіршілік ету процесстерін реттеуге 
қатысушы  гормондарының  шығарылуына  мүмкіндік  береді.  Бір  қызығы, 
перифериялық  эндокриндік  бездердердің  шығаратын  гормондарының  көптігі 
гипофиздің  сәйкес  «тропты»  гормонының  бөлінуін  тоқтатады.  Бұл  теріс  кері 
байланыс атты тірі ағзалардағы әмбебап реттеу механизмінің анық суреттемесі. 
Ынталандырушы  гормондар  басқа  гипофиз  ағзасының  тіршілік  функцияларын 
бақылауға тікелей қатысушы гормондарды жасап шығарады. Мұндай гормондарға  
соматропты  гормон  (ол  туралы  біз  жоғарыда  айтқан  болатынбыз),  пролактин, 
вазопрессин, окстиодин және т.б. жатады.  
Пролактин сүт безінде сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді. 
Вазопрессин  сұйықтықтың  ағзадан  бөлінуін  тежейді  және  артериялық  қан 
қысымын көтереді. 
Окситоцин  жатырдың  жиырылуын  тудырады  және  сүт  безінен  сүттің  бөлінуін 
ынталандырады. 
Сонымен, гипоталамус адамның эндокриндік жүйесінің тіршілігінде үйлестіруші 
және реттеуші қызметтерді орындайды. 
7.  Шағын топтардағы жұмыс 
Оқытушы оқушыларды төрт топқа бөледі. 
Бірінші  топқа  мына  сұраққа  жауап  беру  тапсырылады  –  Сіз  эндокриндік  жүйе 
функцияларының бұзылуын қалай түсінесіз? 
Екінші  топ  -  эндокриндік  бездердің  функциялары  артқанда  адамда  қандай 
өзгерістер болатынын талқылап жазады. 
Үшінші  топ  -  эндокриндік  бездердің  функциялары  төмендегенде  адамда  қандай 
өзгерістер болатынын талқылап жазып беру тапсырмасын алады. 
Төртінші топ – эндокриндік жүйенің функциялары бұзалмауы үшін не істеу керек. 
Осыдан кейін әр топ өз жұмыстарын таныстырады. Оқытушы қорытынды жасап, 
оқушыларға деректер ұсынады. 
 
8.  «Эндокриндік жүйе функцияларының бұзылуы және олардың алдын 
алу» мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін 
шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн. 
Қазіргі  заманның  күнделікті  өмір  тіршілігінің  қарбалас  сәттерінде  жиі  орын 
алатын  біз  ағзаның  жіберетін  үрейлі  белгілерін  біз  елемей  отырамыз.  Көпшілігі 
жүрек-қантамыр,  асқазан  мен  ішек  қызметінің,  несептік-жыныстық  саулығына 
алаңдайды.  Бірақ,  көңіл-күйдің  тұрақсыздығы,  ашушаңдық  немесе  ренжігіштік, 
шамадан  тыс  тершеңдік,  ұйқысыздық  –  бұл  ағзаның  эндокриндік  жүйесінің 
бұзылуының қауіпті көріністері. 
Эндокриндік  өзгерулер  көбінесе  әртүрлі  аурулар  кейпіне  енеді  немесе 
косметикалық  ақаулар  болады,  мысалы,  безеу  бөртпесі,  сондықтан  мәселенің 
негізгі себебін анықтау оңайға соқпайды. 
Сондықтан, эндокриндік бұзылулардың белгілі симптомдарын білу қажет. 
 
Ішкі секреция безінің қызметі бұзылғанда, эндокриндік атты аурулар пайда 
болады.  Бұзылулар  (қалыпты  жағдаймен  салыстырғанда)  бездердің  қызметінің 
күшеюімен  –  гиперфункциямен,  бұл  жағдайда  гормондардың  көп  мөлшерде 

21 
 
түзіліп,  қанға  енуі  байқалады  немесе  бездердің  төмендеген  қызметі  – 
гипофункциямен байланысты, ол кері нәтижелер береді. 
Ішкі  секреция  бездерінің  негізгі  функцияларын  қайталап,  олардың  бұзылу 
салдарынан болатын ауруларды қарастырайық. 
Қалқанша без кеңірдектің жағында көмейдің қалқанша шеміршегінен сәл төмен 
орналасқан.  Қалқанша  без  гормондары  құрамындағы  йод  бездердің  қалыпты 
жұмыс істеуінің қажетті шарты. 
Қалқанша  без  гормондары  зат  алмасуды  реттейді,  жасушалардың  өсуі  мен 
дамуына және жүйке жүйесінің қызметіне әсер етеді. 
Бездердің  гиперфункциясында  базедова  ауруы  (зоб  ауруының  жеңіл  түрі) 
дамиды.  Оның  негізгі  белгілері:  без  тканьдарының  үлкеюі  (зоб),  бадырақ  көз, 
жүрек қағысының жиілеуі, салмақ жоғалтуы. 
Бездердің  гипофункциясы  ересек  адамдарды  микседеманың  (сілемейлі  ісік) 
дамуына әкеліп соғады, дене температурасының төмендеуінен, дене салмағының 
өсуінен, беттің ісігі мен өзгеруінен, психиканың бұзылуынан көрінеді. Бездердің 
гипофункциясы балалар жасында өсуді тежейді, ергежейлілік дамиды, сонымен 
қатар, ақыл-ой дамуының күрт артта қалуы байқалады (кретинизм). 
Бүйрекбездер  –  қос  без,  бүйректердің  жоғарғы  полюстарында  орналасқан. 
Бүйректер  сияқты  бүйрекбездер  де  әртүрлі  әрекет  ететін  мінезі  бар  түрлі 
гормондарды  шығарушы  екі  қабаттан  тұрады:  сыртқы  –  қабыршақты,  ішкісі  – 
милық. 
Қабыршақты  қабатты жасушалармен  шығарылатын  гормондар,  минералды, 
көмірсулы, ақуызды және май алмасуды реттейді. Олардың көмегімен қандағы 
натрий  мен  калийдің  деңгейі  реттеледі,  қандағы  глюкозаның  белгілі  бір 
концентрациясын  ұстайды,  бауыр  мен  бұлшық  еттерде  глюкогеннің  жасалуы 
мен  жиналуы  ұлғаяды.  Соңғы  екі  функцияны  бүйрекбездер  ұйқы  безі 
гормондарымен бірлесе орындайды. 
Бүйрекбездердің қабыршақты қабатының гипофункциясында қола ауруы 
немесе  адиссонов  ауруы  дамиды.  Оның  белгілері:  теріге  қола  реңк  береді, 
бұлшық ет әлсіздігі, жоғары деңгейде шаршағандық, иммунитеттің төмендеуі. 
Бүйрекбездердің  ми  қабаты  арқылы  адреналин  және  норадреналин 
түзіледі.  Олар  күшті  эмоцияларда  бөлінеді:  ашу,  үрей,  ауырсыну,  қауіп.  Бұл 
гормондар  қанға  түскенде,  жүрек  қағысының  жиілеуі,  қантамырлардың 
жіңішкеруі  (жүрек  және  ми  тамырларынан  басқа),  артериялық  қысымның 
көтерілуі, бауыр мен бұлшықет жасушыларындағы гликогеннің глюкозаға дейін 
ыдырауының  күшеюі,  ішек  қызметінің  төмендеуі,  қолқа  бұлшықеттерінің 
босауы.  Нәтижесінде  төтенше  тітіркендіргіштер  әрекетінің  жағдайында, 
дімкәстік  синдромы  атты  ағзадағы  функцияларының  қайтуы,  құрылуы  болады 
және  күйзеліс  ахуалынан  өту  үшін  ағзаның  күштері  жинақталады.  Ағзаның 
күйзеліске  бейімделу  мүмкіншілігі  көп  жағдайда  эндокриндік  жүйенің  осы 
гормондарының  шығарылуының  тез  төмендеуі  мен  жауап  беру  қабілетіне 
байланысты. 
Ұйқы  безі  айтып  өткеніміздей,  инсулин  мен  глюкагон  гормондарын 
шығаратын аралдық жасушалар, олар ағзадағы көмірсу алмасуын реттейді. Атап 
айтқанда,  инсулин  жасушалардың  глюкоза  тұтынуын  ұлғайтады,  осылай 
қандағы  қант  мөлшерін  азайтады.  Инсулин  әрекеттерінің  арқасында  қанның 
құрамындағы  глюкозаның  мөлшері  ағзаға  жайлы,  қалыпты  деңгейде  ұсталады. 
Инсулин  жеткіліксіз  түзілген  жағдайда,  қан  құрамында  глюкоза  деңгейі 
жоғарылайды да, қант диабеті ауруына әкеліп соғады. Ағзаға пайдаланылмаған 
қант зәрмен сыртқа шығарылады. Науқастар суды көп ішеді, азады. Бұл ауруды 
емдеу  үшін  ағзаға  инсулин  жіберу  керек.  Ұйқы  безінің  екінші  гормоны  – 
глюкагон  инсулинге  қарама-қарсы  болады  және  қарама  қарсы  әрекет  жасайды, 

22 
 
нақтырақ  айтқанда,  гликогеннің  глюкоза  деңгейіне  ыдырауын  күшейтіп,  оның 
қан құрамындағы мөлшерін көтереді. 
Адам ағзасының эндокриндік жүйесінің ең маңызды безі гипофиз екенін 
естеріңізге  салайық.  Онда,  басқа  эндокриндік  бездердің  функцияларын 
ынталандырушы  (ширатушы)  гормондар  түзіледі,  олар:  қалқанша  без,  бүйрек 
без,  жыныстық  бездер,  сонымен  қатар  өсу  гормондарының  (соматотропин) 
шығарылуы  мен  жасалуын  ынталандырушы    гормондар.  Өсу  гормоны 
жеткіліксіз түзілгенде баланың өсуі тежеледі де, гипофиздік ергежейлілік ауруы 
белең алады (ересек адамның ұзындығы 130см аспайды). 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  анықтағандай,  адам  бойының 
орташа ұзындығы 160 см (әйелдер) және 170 см (еркектер). 140 см төмен немесе 
195  см  биік  адам  өте  қысқа  немесе  өте  ұзын  болып  есептеледі.  Рим  императоры 
Максимилианның бойы 2,5 м болғаны, ал египеттік ергежейлі Агибенің бойы бар 
болғаны  38  см  болғаны  белгілі. Гормондар көбейіп  кеткенде,  керісінше  алыптық 
дамиды.  Гормон  түзілуі  жоғарылағанда  ересектерде  акромегалия  ауруы  пайда 
болады,  ол  жағдайда  дененің  кейбір  бөліктері  –  тіл,  мұрын,  қол  ұштары  үлкейе 
бастайды.  
Басқа  гормондар  судың  кері  тартуын  күшейтеді  және  несеп  шығаруын 
төмендетеді және жатыр бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді. 
Жыныстық  бездер  –  аталық  без  еркектерде  және  аналық  без  әйелдерде. 
Аталық бездер андроген гормондарын, ал аналық бездер – эстроген гормондарын 
түзейді.  Олар  өсіп-өну  органдарының  дамуын,  жыныстық  жасушалардың  өсіп 
жетілуін  және  екінші  жыныстық  белгілердің  қалыптасуын,  дәлірек  айтқанда, 
қаңқаның  құрылымының  ерекшеліктері,  бұлшық  еттің  дамуы,  шаштың  тері 
үстіндегі  және  тері  асты  майлардың  үйлесуі,  көмей  құрылымы,  еркектер  мен 
әйелдердегі дауыс тембрі, т.б. 
Аналық без бен аталық бездің сыртқы секреторлық функциялары ұрық жасушалар 
мен сәйкесінше, сперматозоидтардың түзілуінде және жыныстық түтіктер бойынша 
бөлінуінде болады. 
Эндокриндік аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар өткізу қажет? 
Уақытылы  және  сауатты  емдеу  болмаған  жағдайда  эндокриндік  бұзылулар  арта 
түседі де, келешекте ауыр мәселерге айналады. Эндокриндік бұзылулардың көбісі 
ерте сатысында емделеді, басқалары үнемі дәрі-дәрмекті қажет етеді. 
Эндокриндік жүйе ауруларының алдын алуға бел буған адамның, ең бірінші назар 
аудару керек нәрсесі, ол – рацион. Дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі 
эндокриндік  жүйе  қызметінің  бұзылуына  жиі  әкеліп  соғады.  Сондықтан,  тағам 
рационында  А,  В,  С,  Е  дәрумендері  бар,  сонымен  қатар,  практикалық  барлық 
дәрумендер, әсіресе йоды бар азық-түліктер болуы қажет. Еттің майсыз сорттарын, 
теңіз  өнімдерін,  дәнді-дақылдар,  жұмыртқалар,  сүт  өнімдерін,  жеміс-жидектер 
пайдалануға кеңес беріледі. Одан басқа, йодталған азық-түліктер болады, мысалы, 
тұз. 
 
Гормональді  бұзылудың  алдын  алу  үшін,  салауатты  өмір  салтын  ұстану 
маңызды. Адамға зиянды әрекеттерден (темекі тарту, ішімдік ішу т.б.) арылу керек, 
бірқалыпты физикалық жаттығулармен шұғылдану қажет. 
Әртүрлі  психоэмоционалды  күштер  де  бездер  жұмысында  іркілістер  туғызады, 
сондықтан күйзелістерден өте білу қажет. 
Қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерін барынша төмендету қажет. 
Барлық аталған шараларды келесі диаграммадан көруге болады. 
 
 
 

23 
 
Салауатты өмір салты
Салауатсыз өмір салты
Адам
Алкогольді, темекі
тартуды, есіртікіні
тұтынуды асыра
пайдалану
Бұзылған
тамақтану
режимі
Гиподинамия
Медициналық
сауатсыздық
Зиянды
әдеттерден бас 
тарту
Дұрыс
үйлестірілген
тамақтану
Тұрақты
физикалық және
белсенді қимыл
Толыққанды
демалыс
Қоршаған
ортаның
әсері
 
 
9.  Материалды бекітуге арналған іс-тәжірибелік жұмыс. 
Оқушыларды 4 топқа бөлу. 
Парталарда бездердің атаулары жазылған кішкентай кестелер жатыр, оларды ашу 
керек.  Орындықтардың  арқаларында  гормондар  аттары  жазылған  кестелер 
бекітілген.
1.  Гипоталамус 
2.  Гипофиз – соматотропин, вазопрессин, гонадотропин 
3.  Қалқанша без – тироксин, трийодтиронин, кальцитонин 
4.  Бүйрек 
бездері 
– 
адреналин, 
норадреналин, 
кортикоидтар, 
минералокортикоидтар 
5.  Ұйқы безі – инсулин, глюкагол. 
Сосын  әр  топтан  бездер  аттары  жазылған  кестелерді  ұстап  (мысалы,  біреуі  – 
гипоталамус,  екіншісі  –  гипофиз,  т.б.),  гормондар  аттары  жазылған  кестелерді 
пайдаланып, олардың бір-бірімен өзара байланысын көрсетеді. 
 
10. Сабақты қорытындылау. 
Оқытушы  оқушыларға  мына  сұрақты  қояды:  бүгін  осы  сабақтан  соң  өздеріңе 
қандай тұжырым жасадыңдар? 
Осыдан кейін оқытушы сабақты қорытындылайды: 
Эндокриндік жүйенің барлық органдарының ынтымақты және үйлесімді қызмет 
етуі сіздің ағзаңыздың қалыпты тіршілік етуінің кепілі. 
 
Модуль 3. 
Зиянды әдеттер мен олардың адам денсаулығына әсері (2 сағат). 
3.1 сабақ. 
Зиянды  әдеттер:  темекі  шегу,  алкоголь,  есірткі  мен  уытты  заттар  қабылдау. 
Физикалық, психикалық, әлеуметтік тәуелділік (1 сағат). 
Мақсаты:
Оқушыларда  зиянды  әдеттерге  жағымсыз  қарым-қатынас,  олардан  бас  тарту 
дағдысын қалыптастыруға көмектесу. 
Міндеттері: 
-  Зиянды әдеттер туралы түсінік беру. 

24 
 
-  Темекі,  алкоголь,  есірткі  және  уытты  заттардың  адам  ағзасына  зиянды 
әсерлерінің факторларымен таныстыру. 
-  Физикалық, психикалық, әлеуметтік тәуелділік туралы түсінік беру. 
-  Темекі шегу, алкоголь, есірткі және уытты заттарды қабылдауды бастаудың 
себептерімен таныстыру. 
-  Зиянды әдеттерге деген жағымсыз көзқарасты, жауапты мінез-құлық, тиімді 
бас тарту әдеттерін қалыптастыру. 
-   
Түйінді  түсініктер:  зиянды  әдеттер:  темекі  шегу,  алкоголь,  есірткі,  уытты 
заттардың  денсаулыққа  жағымсыз  әсері,  физикалық,  психикалық,  әлеуметтік 
тәуелділік, жауапты мінез-құлық. 
Сабақты  жүргізу  әдісі:  ми  шабуылы,  шағын-дәріс,  шағын  топтардағы  жұмыс, 
«жұмыс парақтары» мен «ашық сыр парақтарын» толтыру. 
Жабдықтар  мен  материалдар:  флипчарт  (магнитті  тақта);  флипчартты  қағаз; 
маркерлер; мультимедиапроектор, «жұмыс парақтары», «ашық сыр парақтары». 
Сабақ барысы: 
1.  Оқытушы кіріспе сөзінде оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын 
хабарлайды. 
2.  Бой сергіту. «Мен қандаймын» жаттығуы. 
Әр  оқушы  тұрып,  өз  есімін  және  есімге  қатысты  әріптен  басталатын  2-3  сын 
есімдер (эпитеттер) атайды. 
Мысалы:  Айгерім  –  ақылды,  активті,  амбициозды;  Серікбол  –  салмақты, 
сыпайы және т.б. 
3.  Ми шабуылы. 
Оқытушы оқушыларға сұрақ қояды: 
1.  Әдет деген не? 
Оқушылардың  жауаптары  флипчартқа  жазылады.  Осыдан  кейін  жауаптардың 
барлығы жинақталып, қорытындыланып, оқытушы оқушыларға мынадай анықтама 
жасайды: 
 
Әдет  –  бұл,  адам  үшін  орындалмаса  болмайтын,  орындалуы    қажеттілікке 
айналған, онсыз бәрі ойдағыдай болмайтын іс-әрекет. 
 
2.  Қандай әдеттер зиянды болып есептеледі? 
Зиянды  әдеттер  –  бұл,  адам  денсаулығына  зиянын  тигізетін  және  өз 
мақсаттарын  іске  асыруға,  өз  мүмкіншіліктерін  өмірінде  толығымен 
пайдалануға кедергі болатын әдеттер. 
 
3.  Зиянды әдеттердің ерекшеліктері қандай? 
Зиянды әдеттер бірқатар ерекшеліктерге ие: 

  Көбіне  зиянды  әдеттер,  соған  ұшыраған  адамның  денсаулығына жағымсыз 
әсер ететіндей, айналасындағылардың денсаулығына да әсері бар. 

  Зиянды  әдеттер  нәтижесінде,  міндетті  түрде  адамның  қалған  бар  іс-
әрекеттерін, оның ісін өзіне бағындырып алады. 

  Зиянды әдеттердің ерекше белгісі: үйренісіп кету, онсыз өмір сүре алмайтын 
халге жету. 

  Зиянды әдеттерден арылу өте қиын. 
 
 
 
 
 

25 
 
4.  «Жұмыс парақтарын» толтыру. 
Оқытушы оқушыларға тігінен екіге бөлінген «жұмыс парақтарын» (А-4) таратады. 
Бірінші  бөлігіне:  «Жақсы  (пайдалы)  әдеттер»,  екінші  бөлігіне:  «Зиянды  әдеттер» 
деп жазылған. Оқушыларға ойланып, «жұмыс парақтарын» толтыру ұсынылады. 
Болғаннан кейін бірнеше оқушы өз жауаптарын оқып шығады. 
 
Мысал жауаптар: 
«Жақсы (пайдалы) әдеттер: 

  Ерте тұру, 

  Күнделікті таңертеңгілік жаттығу, 

  Қарама-қарсы (контрасты) душ қабылдау, 

  Тісті күніне 2 рет тазалау, 

  Ұйқы алдында серуендеу, 

  күнделікті үйді жинастыруға 10-15 минутты арнау, 

  «Көшеден»  соң,  дәретханадан  соң,  тамақтанар  алдында  міндетті  түрде 
қолды жуу, 

  Үнемі денені жуу, 

  Киімнің, төсектің тазалығын қадағалау, 

  Бөлмені үнемі желдетіп отыру, әсіресе таңертең және ұйықтар алдында, 

  Күнделікті серуендеу, 

  Күн сәулесімен, таза ауамен шынығу, 

  Жалаң аяқ жүру, 

  Өмірге қуанып, күлімдеп жүруды үйрену, 

  Қант, шәй, какао, кофені пайдалануды қысқарту, 

  Жатар алдында тамақ ішпеу, т.б. 
«Зиянды әдеттер»: 

  Темекі тарту, 

  Алкогольді қабылдау, 

  Есірткі қабылдау, 

  Уытты заттарды қабылдау, 

  Ойынға тәуелділік, 

  Шопингомания – «таңылған дүкенге тәуелділік», 

  Компьютерге тәуелділік, 

  Теледидарға тәуелділік, 

  Sms-тәуелділік, 

  Құмар ойындармен әуестену, 

  Бас тарта алмаушылық, 

  Кешігу,

  Ұмытшақтық, 

  Тырнақты тістеу, т.б. әдеттер. 
 
5.  Шағын топтардағы жұмыс. 
Оқушылар 4-5-тен кіші топтарға бөлінеді, зиянды әдеттердің адамға жағымсыз 
әсерлері  туралы  талқылап,  флипчартқа  жазады.  Осыдан  соң  жұмыстарын 
презентациялап, жинақтап қорытынды шығарады. 
 
 
 
 

26 
 
6.  «Темекі тарту, алкоголь, есірткі және уытты заттардың адам ағзасына 
зиянды ықпалы» атты мультимедиялық презентацияның 
сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн. 
Темекі тартудың зияны 
 
Никотиннің  адамға  әсері  –  аса  жағымсыз.  Никотин  тәжірибеде  барлық 
органдарға  әсер  етеді,  бірақ  орталық  жүйке  жүйесіне,  жүрек-қантамырлық, 
эндокриндік жүйелерге әсері тым жоғары. 
 
Никотин  инсульт  пен  жүрек  ауруларына  әкелетін  тамыр  асклерозының 
өсуіне  себеп  болады.  Никотин  тромбтардың  пайда  болуына  себеп  болады, 
канцерогенді  (обырдың  (рак)  өсуіне  себеп  болатын)  әсерге  ие.  Адам  ағзасына 
тигізетін  зиянды  әсерінің  ең  қауіптісі  –  бұл,  келер  ұрпақта  тек  дами  беретін 
жасушаларды мутацияға ұшырататын қабілеті бар. 
 
Никотиннің ағзаға енетін негізгі жолы – бұл өкпе. Никотин және оның басқа 
компоненттері  демді  ішке  тарту  кезінде  темекі  түтіні  кеңірдектен,  қолқадан  өтіп, 
альвеоларға түсіп, ол жақтан қанға сіңеді. Бір тартқаннан 8 секундтан соң никотин 
миға түседі, оның концентрациясы тек темекі тартып болған соң 30 минуттан кейін 
төмендейді.  Никотиннің  негізгі  метаболизм  (алмасу)  процессі  бауырда, 
бүйректерде және өкпеде өтеді. 
 
Темекі  тартпайтындар  темекі  тартатындардың  ортасында  болғанда,  темекі 
тартатын  адамдарға  қарағанда  обырға  ұшырау  қаупі  20%  жоғары  және  егер  де 
отбасында,  пәтерде  көп  темекі  тартылса,  темекі  шекпейтіндерде  обырға  ұшырау 
қаупі  70%  артады.  Ата-анасы  темекі  тартатын  балалар  тыныс  ауруларымен,  ата-
анасы темекі тартпайтын балаларға қарағанда 2 есе көп ауырады. 
 
Никотин  жүйке  жасушалары  үшін  өте  уытты.  Никотиннің  аз  дозасы  өте 
қысқа  уақытта  ми  қыртысының  қозғыштығын  күшейтеді,  сосын  жүйке 
жасушаларының  қызметін  басады,  олар  бірте-бірте  әлсіреп,  ақыл-ой  қызметі  мен 
мидың  басқа  да  функцияларын  төмендетеді.  Қозу  мен  тежелу  процесстерінің 
бұзылуы  неврозға  тән  симптомдарды  тудырады,  олар  қатты  бас  ауруларымен, 
ашушаңдық,  дисфория,  жұмысқа  қабілеттіліктің  төмендеуі,  ұйқысыздық,  бас 
айналу,  абыржулық,  саусақтардың  дірілдеуімен  білінеді.  Сонымен,  темекі  тарту 
қажеттілігі рақаттану үшін емес, невроз симптомдарын өшіру үшін туындайды. 
 
Никотин  жүрек  жұмысын  жеделдетеді,  қантамырларды  тарылтады,  қан 
қысымын  көтереді.  Никотин  әсерінен  жүрек  қызметінің,  асқазан,  ішек  қызметі 
бұзылуы, т.б. басталады. 
 
Никотин ми тамырларын тарылтатындықтан ми қанмен оттегіні жеткіліксіз 
алады, сондықтан темекі тартушының ақыл-ой қызметі бұзылады. Темекі тартқанда 
жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі де зардап шегеді, бұл ауырсынулармен, аяқ-
қол сезімталдығының (шаншулар, ұю) бұзылуымен білінеді. 
 
Темекі  тарту  қатты  жөтелге,  тыныс  алудың  қиындауына  әкелетін 
қақырықтың пайда болуына себеп болады. Әсіресе таңертеңгі жөтел азапты келеді. 
Әдетте,  темекі  тартушыларда  қарлыққан,  дөрекі  дауыс  қалыптасады,  бұл  әйелдер 
үшін тым жаман.
 
Алкогольдің зияны 
 
Ең  әуелі,  алкоголь  миға  қауіпті,  өйткені,  басқа  органдарға  қарағанда 
концентрациясының аса көп бөлігі осы жерде шоғырланатындықтан миға аса қауіп 
туғызады.  Алкоголь  ми  қабығының  бұзылуына,  ұюына  және  басқа  бөлімдерінің 
бұзылуына әкеледі. 
 
Алкоголь ас қорыту органдарына: өңеш, асқазан, ұйқы бездеріне жағымсыз 
әсер  етеді.  Мұнда  алкогольдің  адам  ағзасына  әсері,  ас  қорыту  органдарының 
жасушаларының  ішкі  қабығының  бұзылуына  және  зақымдануына,  тканьдарының 

27 
 
күйіп,  солуында;  асқазан  сөлін  шығаратын  бездердің  атрофияға  ұшырауында; 
инсулин  шығарушы  жасушалардың  жойылуында  көрінеді.  Бұл,  өз  кезегінде, 
қоректік  заттардың  сіңу  процессінің  бұзылуына  әкеліп  соғады,  ас  қорыту 
ферменттерінің бөлінуінің азаюы, асқазанда тамақтың іркілуіне әкеледі. Сонымен, 
алкогольдің  денсаулыққа  әсері,  іштегі  күрт  ауырсынулармен,  асқазан  мәселелері, 
гастрит, қант диабеті, панкреатит, асқазан обыры ауруларымен білінеді. 
 
Асқазан  мен  ішектен  алкоголь  қанға  түседі  және  мұнда  алкогольдің  адам 
ағзасына  жағымсыз  әсері  жалғасады.  Алкоголь,  адам  қанының  жасушалары  – 
эритроциттердің 
бұзылуына 
себеп 
болады. 
Осының 
нәтижесінде 
деформацияланған  қызыл  қанды  денешіктер  оттегіні  өкпеден  тканьдарға 
(көмірқышқыл  газын  кері)  тасымалдауға,  сонымен  қатар,  басқа  да  бірқатар 
функцияларды  орындауға  қабілетсіз  болады.  Осының  салдарынан  алкоголь 
тұтынушы адам жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларына: ишемиялық ауруларға, 
атеросклерозға, аритмияға ұшырайды. 
 
Алкогольдің  денсаулыққа  әсері,  сонымен  қатар,  қандағы  қант  реттелуінің 
бұзылуында  болады.  Бұл  қауіпті  зардаптарға:  диабетті  жағдайларға,  тамырлар 
мәселесіне, жүйке жүйесі мен мидың жұмысының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. 
 
Жүрек-қантамырлар  жүйесі  үшін  жастар  арасындағы  көп  тараған  зиянсыз 
сусын болып саналатын – сыраны көп мөлшерде тұтыну қауіпті. Бұл өгіз жүрекке 
әкеліп соғады – оны тағы да сыралық деп атайды, бұл жағдайда жүректің көлемі 
үлкейіп, көбірек жиі жиырылуға бейім болады. Осыдан – әртүрлі аритмиялар, қан 
қысымының көтерілуі пайда болады. 
 
Алкогольдің  денсаулыққа  әсері  жүйке  жүйесінде  де  білінеді,  соның 
салдарынан,  психикалық  уланулардың  орталықтарының  параличі:  зейін  мен  есте 
сақтау, қоршаған ортаны қабылдау, ақыл-ой дамуы, ойлау, есірткіге тәуелділіктің 
пайда болуы, адамның дағдарысқа ұшырау мәселелері. 
 
Алкогольдің  алдында,  әсіресе  бауыр  қорғансыз  болады.  Алкогольдің 
әсерінен бауыр жасушалары жойылады – олардың орнында тыртық пайда болады, 
ол бауыр функцияларын орындай алмайды, бұл көптеген зат алмасу бұзылуларына 
әкеліп соқтырады. 
 
Алкогольдің денсаулыққа әсерінің нәтижесінде көп тараған бауыр ауруы – 
бауыр циррозы. Көп жағдайда адамдар одан қайтыс болуы мүмкін. 
 
Ақыр  соңында,  алкогольдің  көп  дозасы  алкогольдік  комаға,  ажалды 
нәтижеге әкеліп соқтырады. 
Есірткі және уытты заттарды қолданудың зияны 
Есірткі  және  уыттар  заттар  –  бұл  адамның  миын,  психикасын  (жүйке  жүйесінің 
дисфункциясы  салдарынан  мидың  бұзылуы)  ақырындап  бұзатын  у.  «Момент» 
желімі немесе бензин бар болғаны 3-4 айда, кендір – 3-4 жылда адамды жарымеске 
айналдыруы  мүмкін.  Морфин  тұтынушылар  2-3  айдан  кейін  іс-әрекетке 
қабілеттілігін  жоғалтады,  өздеріне  қарауды  қояды,  адамдық  кейіпін  жоғалтады. 
Кокаин  қабылдайтын  адамдар  төрт  жылдан  артық  өмір  сүрмейді.  Олар  жүректің 
жарылуынан  мерт  болады,  не  болмаса,  мұрын  далдасы  (перегородка)  жіңішкеріп, 
ажалды  қан  кетуге  тап  болады.  ЛСД  қолданған  кезде  адам  кеңістікте  бағдарлау 
қабілетін  жоғалтады,  онда  ұша  аламын  деген  сезімдер  пайда  болып,  өз 
мүмкіншілігіне сеніп, соңғы этаждан секіреді. 
 
Есірткі қабылдау зардабының негізгі аурулары – бұл гастрит, гепатит, жүрек 
бұлшық  етінің  әлсіреуі,  АИТВ.  Сонымен  қатар,  есірткі  қабылдайтын  адамның 
тістері  түсіп,  терісінің  түсі  өзгереді,  бетінде  әжімдердің  пайда  болуы,  шын 
мәніндегі өз жасынан әлдеқайда үлкен болып көрінеді. 
 
Барлық есірткі қабылдаушылар, қабылдаған есірткі түріне қарамастан ұзақ 
жасамайды. Олар өзіндік сақтау инстинктін жоғалтады, сол себептен, есірткіге үйір 
болған алғашқы екі жыл ішінде, есірткі тұтынушылар суицид жасауға тырысады. 

28 
 
Көбіне бұның орайы келеді. Дозасын асырып алғаннан кейін қайтыс болатындар да 
аз  емес,  көбіне  есірткі  тұтынушының  өмірінде  бір-ақ  мақсат  болады  –  ол  дозаны 
табу. Есірткі бәрін құртады – күштілерді де, ақылдыларды да, дарындыларды да. 
 
Бағасы  жоғары  есірткі  заттары  ерте  ме,  кеш  пе  тұтынушыны  қылмысқа 
итермелейді. Қаражаттың жетіспеушілігінен ұрлыққа баруға мәжбүр болады, адам 
өлтіруге де барады, есірткі саудасымен айналысады. 
 
Жастарға  есірткі  қабылдау  аса  қауіпті.  Тәжірибеде  30  жастан  кейін 
тұтынушы болғандар жоқтың қасы. Дозасын асырып алудан болған өлім-жітімдік 
деңгейі  тым  жоғары.  Есірткінің  алкоголь  мен  темекі  шегуге  қарағанда  қауіпі  аса 
жоғары. 
 
Есірткі қабылдағанда ағза оны өзінің зат алмасу процессіне қосады, есірткі 
оған  қажет  болып  тұрады.  Әлсіз  есірткі  заттарды,  химиялық  уытты  дәрілік 
препараттарды қабылдау зиянсыз, есірткіге тәуелділікті шақырмайды деген пікірге 
сенбеңіз. 
 
Тұтынушылық түрі көп, ал соңы біреу – өлім, тұлғаның күйреуі. Егер де сіз 
тұтынушылық  торына  түскеніңізді  сезсеңіз  дереу  дәрігерге  көрініңіз, 
туысқандарыңызбен және жақындарыңызбен кеңесіңіз, сізге көмектесетін уақыт әлі 
бар. Сіз осыны анықтадыңыз, сездіңіз – демек сіз құтқарылдыңыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет