«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата22.11.2019
өлшемі1,79 Mb.
#52298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әдістеме валеалогия WEB


«Репродуктивті денсаулық» түсінігі «репродукция» (латынның reproduction 
сөзі - жаңғыру, яғни табиғаттың қалауымен бала табу мүмкіндігі) сөзінен алынған. 
Репродуктивті  денсаулық  –  бұл  тек  аурулардың  жоқтығы  ғана  емес,  сондай-ақ
ұрпақ  жаңғырту  мен  отбасы  үндестігін  қоса  алғанда,  репродуктивті  жүйеге 

11 
 
қатысты  физикалық,  психикалық  және  әлеуметтік  толық  саулықтың  да  болуы 
жайындағы барлық мәселелер. 
Кез-келген  тірі  жанның  тіршілік  етуі  тек  ұрпақ  ауыстыру  мен  жаңғырту 
арқылы ғана болуы мүмкін. Бұл жерде адамды айтпай кету мүмкін емес. Адамзат 
тарихы үздіксіз ұрпақ алмастырумен сипатталып келеді.  
Егер  барлық  тіршілік  иелерінің  жаңғыруы  мен  ұрпақ  ауыстыруы  биологиялық 
бағдарламалардың негізіне және сыртқы жағдайларға тәуелді болса, онда ақылмен 
үлестелген адам биологиялық бағдарламалардың жүзеге асуына әсер етуі мүмкін, 
яғни,  қоғамның  әлеуметтік  талаптарын  ескере  отырып,  туылуды  ғана  қамтамасыз 
етіп  қоймай,  ұрпаққа  қажетті  тәрбиені  де  қамтамасыз  ете  отырып,  жаңғырту 
жүйесін басқарады. 
Ер адамдар мен әйел адамдар осындай мәселелерден хабардар болуға және 
жүктілік  пен  босанудың  қауіпсіз  өтуін  қамтамасыз  ету  үшін,  денсаулық  сақтау 
саласының  көрсететін  қызметтеріне  қолжетімділікпен  қатар,  экономикалық 
тұрғыдан  лайықты,  тиімді,  қауіпсіз  ақпараттарға  қол  жеткізуге  және  олардың 
қалауы бойынша туылуды реттеу әдісіне де тең құқылы. 
Репродуктивті  кезең  –  ағзаның  физиологиялық  мүмкіндіктері  тұрғысынан 
баланың  туылуы  мүмкін  болатын  15  пен  49  жас  аралығы.  Дегенмен,  дені  сау 
баланың  туылуы  көбіне,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайға,  психологиялық 
кемелденуге, материалдық мүмкіндіктерге байланысты екендігі сөзсіз.  
БДҰ-ның  анықтауы  бойынша,  сексуалды  денсаулық  –  бұл  ауру-сырқаудан, 
жұмысқа  жарамсыздықтан,  зорлықтан  және  т.б.  зиянды  әдеттерден  аулақ, 
сексуалды  мінез-құлық  пен  жауапкершілікті  қарым-қатынас  және  де  жақсы 
сексуалды дамуды қоса алғандағы репродуктивті денсаулықтың бір бөлігі. Басқаша 
айтқанда,  бұл  сексуалдылыққа  байланысты  физикалық,  эмоциялы,  ақыл-ой  және 
әлеуметтік саулықтың ахуалы. Сексуалдық денсаулық - жыныстық қатынастар мен 
сексуалдылыққа  құрметпен  және  дұрыс  қараумен,  сонымен  қатар,  зорлық  пен 
шеттетушіліктен,  күштеуден  еркін  болатын,  қауіпсіз  жыныстық  өмірдің  болуын  
талап етеді. Сексуалды денсаулықты қолдау және оған қол жеткізу -  адамдарға тән 
«сексуалдық  құқықты»  құрметтеу,  сақтау  және  қорғаумен  тығыз  байланысты. 
Сексуалды  денсаулық  –  2004  жылы  БДҰ-ның  Бүкіләлемдік  денсаулық  сақтау 
ассамблеясының сессиясында қабылданған репродуктивті денсаулық саласындағы 
БДҰ-ның  ғаламдық  Стратегиясының  бес  басымды  аспектілерінің  бірі  болып 
табылады. 
 
17. Кіші топтардағы жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөледі.  
Топтар  репродуктивті  денсаулыққа  қандай  факторлар    әсер  ететіндігін  атау  және 
талқылау  жайлы  тапсырма  алады.  Оқушылардың  жауаптары  флипчартқа 
жазылады. 
Сосын әр топ өздерінің атқарылған жұмыстарын көрсетеді, мысалы: 
Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар: 
  Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі 
  Дұрыс тамақтану 
  Жүктілік, босану мен босанудан кейінгі кезеңдерде сапалы және уақытылы 
медициналық қызмет көрсету 
  Жыныс мүшелері ауруларының алдын алу мен емдеу 
  Отбасын жоспарлаудың қазіргі заманғы әдістерін кеңінен қолдану 
  Жаңа туылған және жасы кіші балалардың денсаулығына қамқор болу  
  Отбасын жоспарлау бойынша білім, кеңес беру және қызмет көрсету  
  Қажетсіз жүктіліктің алдын алу 
  ЖЖБЖ, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және емдеу 

12 
 
  Жауапты ата-аналық парыз бойынша кеңес беру және ақпараттандыру  
  Өмір шарттары: әлеуметтік, тұрмыстық, экологиялық 
  Отбасындағы моральдық-психологиялық ахуал 
Оқытушы оқушылармен әрбір жағдайды талқылайды, толықтырулар енгізеді.  
 
18. Кіші топтардағы жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі.  
Әрбір  топ  талқылауға  тиісті  және  топтық  жұмыстың  презентациясын 
дайындауға қажетті бір тапсырманы алады. 
Оқытушы әрбір топқа белгілі бір сұрақты қояды:  
1.  Демография деген не? 
2.  «Халық қозғалысы» деген анықтаманы қалай түсінесіздер? 
3.  Елдегі демографиялық жағдайға не әсер етеді? 
 
Содан кейін әрбір топ өздерінің атқарылған жұмысын көрсетеді.  
          Презентацияны  талқылап  болған  соң  оқытушы  топтық  жұмыстардың 
қорытындысын жасайды. 
 
19.  «Репродуктивті  денсаулық  пен  демографияның  өзара  байланысы» 
мультимедиалық 
презентациясының 
сүйемелдеуімен 
өтетін 
оқытушының шағын-дәрісі. 
Демогра́фия — халықтың  жаңғыруының  заңдылықтары  туралы  ілім, 
сонымен  қатар,  оның  әрекетінің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға,  табиғат 
жағдайларына, көшіп-қонуына байланысты, олардың санын, аймақтық орналасуын 
және  халықтық  құрамын,  құрамының  өзгеруін,  себептерін  және  сол  өзгерістердің 
салдарын зерттейтін, сондай-ақ, оны жақсартудың жолдарын ұсынатын ғылым. 
 
Демографияның өзінің нақты белгіленген зерттеу нысаны бар – ол халық. 
Демография  халықтың  санын,  аумақтық  орналасуын  және  құрамын, 
заңдылықтарын, сонымен қатар, олардың әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, 
географиялық факторлардың негізінде өзгеруін де зерттейді.  
 
Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі 
болып табылады. Әрбір адам мен қоғамның репродуктивті денсаулығының деңгейі 
біздің  еліміздегі  халықтың  жаңғыруына  толығымен  әсер  ете  отырып, 
демографиялық  жағдайды  анықтайды.  Бұл  өз  бағытында  адамның  репродуктивті 
денсаулығы  мен  бүкіл  қоғамның  жалпылама  жағдайының  кешенді  қорытындысы 
болып табылады. 
 
Демографиялық жағдай — бұл халықтың белгілі бір мезгілдегі немесе белгілі бір 
аймақтағы қандай да бір уақыт кезеңіндегі даму үрдістері мен ахуалы. 
Халық жиынтығындағы өзгерісті халық қозғалысы құрайды. 
 
Халық қозғалысы деген не? 
Әдетте халық қозғалысын үш топқа бөледі: 

 
табиғи 
Некелесуден, ажырасудан, туылудан, өлім-жітімнен тұрады. Осыларды 
зерттеу демографияның ерекше үрдісі болып табылады. 
 

 
механикалық (көші-қон) 

13 
 
Бұл халықтың барлық аймақтық қоныс аударуының жиынтығы және ол 
халықтың маятникті және маусымдық жылжымалылығын, тығыздығын, 
орналасуын анықтайды. 
 

 
әлеуметтік  
Адамдардың бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуы. Қозғалыстың бұл 
түрі халықтың әлеуметтік құрылымының ұдайылығын анықтайды.  Дәл атап 
айтқанда, осы халықтың жаңғыруы мен әлеуметтік құрылымдағы 
өзгерістерінің өзара қатынасын демография зерттейді. 
 
«Табиғи» немесе «биологиялық»   
 тұрғын  халықтың  болмысы,  туылуы  мен  өлім-жітім  нәтижесіндегі  ұрпақ 
ауыстыру  үрдісі  кезінде  тұрақты,  өзін-өзі  жаңартып  отыруға  қабілеттілігінен 
көрінеді. Бұл үздіксіз үрдіс халықтың қайта жаңғыруы деп аталады. 
Қауымдастық  (популяция) —  өзін-өзі  жаңғыртуға  қабілетті  елдің  немесе  аймақ 
тұрғындарының жалпы жиынтығы.  
Халық  санының  тұрақты  өсуі  2002  жылы  басталды,  Қазақстан  Республикасының 
Статистика  жөніндегі  агенттігінің  мәліметі  бойынша,  2013  жылы  халық  саны 
межені 17 млн. адамға аттап өтті, ал 2008 жылы Қазақстан халқы 15,5 млн. адамды 
құрады. Бұл 5 жылда халық санының өсуін 1,5 млн. адам құрағандығын көрсетеді. 
Серпін  бойынша  өлім-жітім  коэффициенті  төмендеуде,  ҚР  халқының  өмір  сүру 
ұзақтығы  артуда,  туылу  саны  артып  келеді  –  мұның  бәрі  демографиялық 
жағдайдың көрсеткіштері болып табылады. 
Бірақ, көптеген еуропалық елдерде туылу санының төмендеуі, өлім-жітімнің 
артуы,  еңбекке  қабілетті  халық  санының  қысқаруы,  халықтың  денсаулығының 
төмендеуі  мен  олардың  қартаюы  –  демографиялық  жағдайда  өсудің  кемуі 
(депопуляция) деген  құбылыспен  сипатталады,  яғни,  ұлттық  масштабта  халық 
санының қысқаруы. Өткен ғасырдың 90 жылдарының басында Қазақстанда туылу 
саны  төмендеп  депопуляцияға  бет  алысы  тіркелді,  бұған  экономикалық  және 
әлеуметтік  мәселелер,  халықтың  өмір  сүру  деңгейінің  төмендеуі  себепші  болған

Келесі жылдары туылу серпінінің жағымды баяу өсуі байқалды.
 
Халықтың  туылу  деңгейінің  төмендігі  мен  жалпы  өлім-жітім  деңгейінің  артуы  - 
ұлттың  дамуы  мен  сақталуының  болашағын  анықтайтын  жалпыұлттық  дәрежеде 
денсаулық пен өмір сүру ұзақтығының мәселесін алға тартады.    
Халықтың  саны  репродуктивті  денсаулық  деңгейіне  тікелей  тәуелді. 
Қазақстандағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын әлемдік қауымдастық үшін 
экономиканың  тұрақсыздығы,  әр  түрлі  әлеуметтік-экономикалық  факторлар  мен 
бедеулікке  себеп  болатын  дағдарыстық  құбылыстар  призмасы  арқылы  қарастыру 
қажет.  Аталған  факторлар  халықтың  репродуктивті  денсаулығына  айтарлықтай 
әсерін тигізе отырып,  халықтың  жаңғыру үдерісін төмендетуі мүмкін. Туылу мен 
өлім-жітім  көрсеткіші  -  халықтың  репродуктивті  денсаулығына  әсер  ететін 
маңызды параметрлер. Соңғы жылдары Қазақстанда туылу деңгейінің 1000 әйелге 
шаққанда 22,53-ке дейін артып отырғандығы байқалады. 
Халықтың  репродуктивті  денсаулығының  жағдайы  күтілудегі  өмір  сүру 
ұзақтығының  көрсеткішіне  тікелей  әсер  етеді.  Экономикалық  жағдайлар,  сапалы 
медициналық  көмектің  қолжетімділігінің  төмендеуі,  әлеуметтік  мінез-құлықтың 
өзгеруі  және  басқа  да  жағдайлар  бұл  көрсеткішті  айтарлықтай  төмендетті.  2010 
жылы  туылу  кезеңі  бойынша  өмір  сүру  ұзақтығы  жобамен  68,41  жасты  құрады. 
Шын мәнінде, бұл көрсеткіш 2009 жылы да болған - 68,60 жас, 2000 жылы туылу 
кезеңі бойынша, болжамдағы өмір сұру ұзақтығы 65,5 жасты құрады. 

14 
 
Жалпы  құрылым  бойынша,  Қазақстанда  халықтың  өлім-жітімін  қан  айналым, 
тыныс  алу,  жаңа  өспелер  (ісіктер)  жүйесінің  аурулары,  сонымен  қатар,  оқыс 
жағдайлар, улану, жарақаттар сияқты жағдайлар құрайды. 
 
Демографиялық  даму  мәселелерін  біз  отбасылық-демографиялық  саясат 
тұрғысынан  қарастырамыз:  отбасы  институты  мен  отбасылық-некелік 
қатынастарды нығайту, халықтың демографиялық өсу мәселелері, отбасы мен неке 
құндылықтарын насихаттау, ана мен бала өмірін қорғау, еркектер мен әйелдердің 
репродуктивті денсаулығына қамқорлық көрсету және т.б.   
Қазақстанда, статистика мәліметтері бойынша, отбасы саны 4,3 млн. дейін өсті, 
бірақ, отбасының орташа шамасы 3,5 адамға дейін төмендеп кетті. Қазіргі заманғы 
есептемелерге  сәйкес,  халықтың  минималды  жаңғыруы  үшін  ең  қолайлы  нұсқа  - 
бір  әйелге  2,7  баланы  құрайды.  Осы  жағдайда,  репродуктивті  денсаулықтың  рөлі 
туылудың жағдайы мен алғышарты ретінде айтарлықтай өседі. Отбасы деңгейінде 
репродуктивті  денсаулықты  жақсарту  -  отбасылық-некелік  қатынастар  мен 
ажырасудың  тұрақсыздығына  әкелетін  және  отбасылық  кикілжіңге  жиі  әкеліп 
соқтыратын  бедеулік  және  жоспарсыз  жүктіліктің  болуы  сияқты  ауыр 
жағдайлардың санын азайтады. 
Қоғамның  негізі  ретінде  отбасының  мәртебесін  көтеру,  некелік-отбасылық 
қатынастарды  нығайту,  отбасы  мен  неке  құндылықтарын  насихаттау,  дені  сау 
балаларды  өмірге  әкелу,  олардың  тағдырына  жауапкершілікпен  қарау  –  елдің 
демографиялық дамуының алғышарттарының бірі болып табылады.  
Мықты  демографиялық  саясат  елдің  ұлттық  қауіпсіздігінің  жетекші 
басымдылықтарының  дәрежесіне  қойылды.  Демографиялық  даму  экономиканың 
өсуіне, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуіне және мемлекеттік қауіпсіздікке 
тікелей әсер етеді.   
Осылайша,  Қазақстан  Республикасында  жалпы  алғанда  демографиялық 
өзгерістердің  жағымды  беталыстары  бар  (туылудың  артуы,  өлім-жітім 
көрсеткішінің  тұрақтануы).  Алайда,  кейбір  жағымды  өзгерістерге  қарамастан 
әйелдердің репродуктивті денсаулығы, ана мен бала өмірін қорғауды ұйымдастыру 
төменгі деңгейде қалып отыр.  
20. Сабақ қорытындыларын жасау. 
Сабақтың соңында оқытушы қорытынды шығарып, оқушылардан өздеріне қажетті 
нені үйренгендіктерін сұрайды. 
Содан  соң  оқытушы  оқушылардан  алынған  жауаптарды  түйіндеп,  жалпы 
қорытындыны жасайды: 
Денсаулық  мемлекеттегі  адам  ресурстарының  дамуымен  байланысты  маңызды 
медициналық  және  әлеуметтік  дәреже  болып  табылады.  Денсаулықты  құрайтын 
негізгі  шарттардың  қатарына  репродуктивті  денсаулық  та  кіреді.  Бала  табу 
жасындағы  адамдардың  денсаулығы,  олардың  ұрпақ  жаңғыртуға  қабілеттілігі, 
қауіпсіз ана болу мүмкіндігі – халық денсаулығының негізгі аспектілері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

15 
 
 
Модуль 2. 
Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі 
Сабақ 2.1 
Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі (1 сағат). 
Мақсаты:  Адамның  эндокриндік  жүйесінің  құрылымы  мен  функцияларын  оқып-
үйрену,  оның  адам  ағзасының  басқа  жүйелермен  өзара  байланысын  және  ішкі 
секреция бездерінің қызметі бұзылған жағдайда зардаптарын көрсету. 
Міндеттері: 
1.  Эндокриндік жүйеге түсініктеме беру 
2.  Адам ағзасындағы зат алмасу мен эндокриндік жүйенің адам ағзасындағы 
басқа жүйелермен байланысын көрсету 
3.  Эндокриндік жүйе ауруларының белгілері мен себептері туралы білім 
қалыптастыруды қамтамасыз ету; 
4.  Эндокриндік жүйенің ағзадағы басқа жүйелермен өзара байланысы туралы 
сызба-кесте құрастыру. 
5.   
Түйінді  түсініктер:  Эндокриндік  жүйе,  гуморальді  реттеу,  гормондар, 
рецепторлар, бездер. 
Сабақ  жүргізу  әдістері:  ортақ  пікірталас,  ми  шабуылы,  шағын  дәріс,  топпен 
жұмыс, іс-тәжірибелік жұмыс. 
Жабдықтар 
мен 
материалдар: 
флипчарт, 
маркерлер, 
А4 
қағаз, 
мультимедиапроектор, эндокриндік жүйенің сызбасы. 
Сабақ барысы 
1.  Оқытушының кіріспе сөзінде сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері 
хабарланады. 
2.  Бой сергіту. «Үй, адам, жер сілкінісі» жаттығуы. 
     Жаттықтырушы  қатысушыларды  үш-үштен  топтарға  бөледі.  Екі  қатысушы 
қол  ұстасып,  қарама-қарсы  тұрып,  олар  үйді  бейнелейді.  Үшіншісі  олардың 
арасында тұрады, ол – адам. Бір қатысушы жүргізуші болып қалады.  
     Жүргізуші  «Үй»  дегенде,  барлық  үйді  бейнелеп  тұрған  қатысушылар 
орындарынан қолдарын ажыратпай өздеріне жаңа адам іздеп жүгіреді. Жүргізуші 
«Адам»  дегенде  барлық  адамды  бейнелеген  қатысушылар  үй  іздеп  жүгіреді. 
Жүргізуші  «Жер  сілкінісі»  дегенде  үйді  бейнелеген  қатысушылар  қолдарын 
ажыратып жаңа үштік құрастыруға асығады. Жалғыз қалған қатысушы жүргізуші 
болады. 
3.  Шағын топтардағы жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі.  
Бірінші топтың тапсырмасы – Эндокриндік жүйе деген не? – деген сұраққа жауап 
беру. 
Екінші топ - эндокриндік жүйеге қандай органдар жататынын талқылап, жазу және 
үшінші  топқа  эндокриндік  жүйенің  функцияларын  талқылап,  жазып  беру 
тапсырылады. 
Осыдан кейін әр топ өз жұмыстарын таныстырады. 
Оқытушы оқушылар берген деректерді талқылайды. 
 
4.  «Эндокриндік жүйе және адам ағзасындағы зат алмасу» атты 
мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс 
Мысал мазмұн. 
Адамның эндокриндік жүйесін коммуникациялық желі іспеттес деуге болады. Кез 
келген коммуникациялық желі сияқты эндокриндік жүйе де сигналдардың қайнар 
көзі  болып,  сигналдардан  және  сигнал  қабылдағыштардан  тұрады.  Бұл  жағдайда 

16 
 
бұл  клеткалар  гормондарды  жасап  шығаратын,  өзі  гормон  және  оның  рецепторы 
болып табылады. 
Рецепторлар деген не? Рецептор – клетканың үстіңгі жағындағы молекула, өзіне 
белгілі  бір  химиялық  заттектің,  әдетте  гормонның  немесе  медиатордың 
байланысына өзінің формасын өзгертумен жауап береді немесе гормоналды белгіге 
және осы белгіні клетканың ішіне өткізеді. 
Енді гормондарға анықтама берейік. Сонымен, гормондар – биологиялық белсенді 
заттек,  олар  эндокринді  бездермен  немесе  ішкі  секреция  бездерімен  өндіріледі 
(ішкі  секреция  бездері  деп  шығу  түтіктері  жоқ  бездерді  айтады)  және  олармен 
тікелей ағзаның ішкі ортасына шығарылады, атап айтқанда қанға лимфаға, тканьді 
сұйықтыққа  бөлінеді.  Гормондар  жоғары  биологиялық  белсенділікке  (сондықтан 
олар  өте  аз  мөлшерде  өндіріледі),  спецификациялық  әрекеттерге  ие,  дистантты 
әсері  бар,  атап  айтқанда  гормондардың  түзілуі  орнынан  тыс  орналасқан  органдар 
мен тканьдарға ықпал етеді. Қанға еніп, олар бүкіл организмге тарайды, органдар 
мен  тканьдардың  функцияларына  гуморальді  реттеу жасайды,  олардың  қызметін 
қоздырады немесе тежейді. 
Гормондардың негізгі қызметтері: 
-  Ағзаның ішкі ортасын қалыпты деңгейде ұстауға ықпал ету; 
-  Зат алмасу процестеріне қатысу; 
-  Ағзаның өсуі мен дамуын реттеу. 
Гормондар,  шын  мәнінде  адам  ағзасының  «есіктерін»  ашып-жабатын  «кілтке» 
ұқсайды. 
Ішкі секреция бездерінің қызметі ұзаққа созылатын процестерді реттеуде маңызды 
рөл  атқарады,  олар:  зат  алмасу,  өсу,  ақыл-ой  және  физикалық,  жыныстық  даму, 
ағзаның  ішкі  және  сыртқы  ортаның  өзгерісіне  бейімделуі,  өте  маңызды  болып 
табылатын  физиологиялық  көрсеткіштердің  (гомеостаздың)  тұрақтылығын 
қамтамасыз ету, сонымен бірге ағзаның күйзеліске қарсы әсері де бар.
Сонымен,  адамның  эндокриндік  жүйесі  –  әртүрлі  органдар  мен  тканьдарда, 
орталық жүйке жүйесінде орналасқан ішкі секреция бездер жүйесі. Ағзаның реттеу 
жүйесінің  ең  бір  маңызды  бөлшегі  болып  табылады.  Реттеу  әсерін  эндокриндік 
жүйе гормондар арқылы жүзеге асырады. Олар (гормондар) жоғары белсенділікке 
ие  (өсу,  даму,  көбею,  бейімделу,  мінез-құлық  сияқты  ағзаның  өсу  процесін 
қамтамасыз етеді).  
Ішкі секреция бездерінің ағзада орналасуы. 
 
Гипоталамус – гипоталамус 
Щитовидная железа – қалқанша без 
Надпочечники – бүйрекбез  
Поджелудочная железа – ұйқы безі 
Яички – аталық безі 

17 
 
 
Эндокриндік жүйенің орталық үзбесі гипоталамус пен гипофиз болып табылады. 
Эндокриндік  жүйенің  перифериялық  үзбесі  –  қалқанша  без,  бүйрек  безінің 
қабығы,  сонымен  қатар  аналық  без  бен  аталық  без  және  ұйқы  безінің  b-
клеткалар аралығы. 
Эндокриндік  жүйеде  гипоталамо-гипофизарлық  жүйе  маңызды  орын  алады. 
Гипоталамус  гипофизге  ынталандыру  немесе  тежеу  әсерін  тигізеді.  Гипофиз 
гормондары  арқылы  гипоталамус  ішкі  секрецияның  перифериялық  бездерінің 
қызметін реттейді. Мысалы, гипофиздің тиреотропты гормоны (ТТГ) тітіркенді 
делік,  ал  соңғысы  өз  кезегінде  тиреоидты  гормондардың  безімен  секрецияны 
тітіркендіреді.  Осыған  байланысты  бірыңғай  функционалды  жүйе  туралы  айту 
керек: гипоталамус-гипофиз-қалқанша без, гипоталамус-гипофиз-ұйқы без, т.с.с. 
 
5.  Ұжымдық жұмыс. 
Оқушылар оқытушының басқаруымен зат алмасу сызбасын құрастырады. 
 
                      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жоғарыда  айтылып  өткендей,  ішкі  секреция  бездерінің  қызметі  ұзақ  мерзімді 
процесстерді  реттеуде  маңызды  рөл  атқарады,  жекелеп  айтқанда  ағзадағы  зат 
алмасу реттелісін қарастырайық.
Зат  алмасу  (метаболизм)  дегеніміз  әртүрлі  өзара  тәуелді  және  өзара  шарттасқан 
процестердің күрделі кешені. Ол процесер организм әрекетке түскен сәттен бастап 
шығарылып  тасталу  процессіне  дейін  жүреді.  Зат  алмасу  өмір  сүрудің  маңызды 
шарты. 
Ағзаның  қалыпты  қызмет  жасауына  сыртқы  ортадан  органикалық  азық 
материалдардың,  минералды  тұздардың,  су  мен  оттегінің  келіп  тұруы  қажет.  Зат 
алмасу заттектердің организмге түсу, ас қорыту жолдарында олардың өзгеруі, сіңуі, 
жасуша ішінде өзгерулерден және ыдырау нәтижелерінің шығарылу процестерінен 
тұрады.  Жасушалар  ішіндегі  заттектердің  өзгеруіне  қатысты  процестер  жасуша 
ішіндегі немесе аралықтағы алмасу деп айтылады. 
Жасуша ішіндегі зат алмасу нәтижесінде гормондар, ферменттер және неше түрлі 
қосылыстар  жасушалар  арасындағы  заттектің  және  жасушалардың  құрылуына 
пайдаланатын құрылымдық материал іспеттес, дамушы ағзаның өсуі мен жаңаруын 
қамтамасыз етеді. 
Қоректік 
заттар – 
ақуыздар, 
майлар, 
көмірсулар 
       Химилы
қ                                                                                            
      өзгерістер 
 
      Түзілу                         
      Ыдырау 
 
Қорытылмаған 
қалдықтар, 
несепнәр, тұздар, 
су, көмірқышқылы 

18 
 
Сонымен, зат алмасу (метаболизм) - бұл ағзаның тіршілік етуін қамтамасыз 
ететін химиялық процестердің кешені. Ағзадағы химиялық өзгерістер қарама-
қайшы екі бағытта жасалады – қарапйымнан (анаболизм немесе ассимиляция) 
күрделі қосылыстардың түзілуі және күрделі қосылыстардың оңай, қарапайым 
қосылыстарға ыдырауы (катаболизм немесе диссимиляция). 
6.  Практикалық жұмыс. 
Оқытушы  оқушыларды  екі  топқа  бөліп,  оларға  эндокриндік  жүйенің  ағзаның 
басқа  жүйелерімен  өзара  байланысын  көрсететін  кесте  құрастыру  және  өткен 
материалдарды қайталауға тапсырма беріледі. 
 
Центральная нервная система – орталық жүйке жүйесі 
Вегетативная нервная система – вегетативтік жүйке жүйесі 
Стимулирующие гормоны – ынталандырушы гормондар   
Периферические эндокринные железа – перифериялық эндокриндік бездер  
Щитовидная и паращитовидная железа – қалқанша және жұпқалқаншалы 
бездер 
Надпочечники – бүйрекбез  
Поджелудочная железа – ұйқы безі  
Яичник –аналық  безі  
Яички – аталық без 
Стимулирующее действие – ынталандырушы әрекет 
Обратная связь – кері байланыс   

19 
 
 
 Сур. Эндокринді реттелудің гипоталамо-гипофиздік жүйесі: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет