Вариант 3 Балон процесі



бет4/6
Дата11.01.2022
өлшемі23,45 Kb.
#110814
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 билет тарих
b559f2a7e1a1fdbf79509471fdffcfb4dc029e37, stud.kz-86794, Ас-Сунна, Глава 2, Урок 69., Документ Microsoft Word, ҒТФ жауаптар 4
Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғати-ат-түрікте» зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, ХІ ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген.


2 вариант.

Билет №8

1Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор. Техникалық және кәсіптік білім беруді қайта құру.

2.Қазақстандық экономиканы дамытуға шетелдік инвестицияны тарту

Инвестицияның енуіне қолайлы жағдай туғызу секілді шараларды жүзеге асырғанына қарамастан, қазіргі шетелдік инвестициялау моделі күткендегідей нәтиже бере қоймады. Бұған ұзаққа бармай-ақ, экономиканың көптеген салаларын кеңінен қамтыған, әсіресе, өндіріс саласындағы терең инвестициялық дағдарысты атасақ та жеткілікті

Қазақстан өз егемендігін алған күннен 1997 жылдың соңына дейінгі аралықта сырттан 6,4 млрд. доллар алды. Оның ішінде 3,2 млрд.доллар тікелей инвестиция құраса, соманың қалған бөлігі – әртүрлі қарыздар.

1997 жылы Қазақстан шетел инвестициясы көлемі жағынан таяу шетелдер арасында, тіпті халқының саны мен жер көлемі жағынан бізді бірнеше орап алатын Ресейдің өзін артта қалдырып, бірінші орынды иеленсе, Венгриядан кейінгі екінші орында тұрды. Сол уақытта Қазақстан Республикасының инвестицияға деген сұранысы шұғыл артып, мамандардың болжауынша ол 50 млрд. долларды құраған. Десекте, осында келтірілген мәселелерді назарда ұстай отырып, қазіргі тартылған күүйіндегі шетел инвестициясы Қазақстан экономикасының ірі де күрделі проблемаларын шеше алады деп айту қиын.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының инвестициялық құрылымында халықаралық қаржылық ұйымдардың займы -22 процентті, кредиттік қаржысы – 28, шетелдік тікелей инвестиция – 49,2 портфельдік инвестиция – 1 процентті құрайды.

3.Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту.

Қоғамның экономикасы мен саяси өміріндегі түбегейлі құрылымдық жаңартулар кезеңіндегі әлеуметтік-саяси ғылымдардың басты міндеттерінің бірі әлемдегі ауыспалы үлгідегі мемлекеттерді реформалау тәжірибесін талдау және сыни тұрғыдан қайта қарау негізінде өтпелі саяси үдерістерді әзірлеу болып табылады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында әлеуметтік-саяси ғылымдар назарын осы міндетке аударды: Енді жағдайды терең ойластыру біздің дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан талдау, біздің реформалардың жүзеге асуы мен жаңа институттардың қалыптасуын үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды. Осыған орай модернизация мен демократиялық жаңартулар мәселелеріне деген зерттеушілер қызығушылығы арта түсті. 2008 жылы Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің 17 жылдығын атап өтті. Мемлекет басшысының сөзімен айтар болсақ, тарихи үдерістер жеделдетілген қарқын және өнімді сипат алды. Қазақстан макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді, бизнесті табысты жүргізуге қажетті заңнама қалыптасты, елдің орта және ұзақ дамуына мықты негіз салған құрылымдық реформалар жүргізілді. Республикада динамикалық түрде даму үстіндегі жеке сектор пайда болды. Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта толыққанды демократиялық мемлекет болып саналмағанымен, демократиялық үрдістердің даму болашағы өркениетті елдерге тән демократияға негіз қалануда екендігін нақты дәлелдейді. Саяси жүйені демократиялық модернизациялау батыс ғылымында жарты ғасырлық бойына зерттеу объектісі болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет