Назарбаев Университетi инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.
Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды.
Жаңа университет инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.
014-2015 оқу жылынан бастап М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Мәңгілік Ел жастары-индустрияға" жобасы аясында "Серпін - 2050" бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылуда. "Мәңгілік ел жастары-индустрияға" "Серпін - 2050" бағдарламасы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жастарына бағытталған. ҚР Еңбек тапшы аймақтарындағы кадрлардың орнын толтыруға бағытталған аталған бағдарлама СҚО-да түлектерді жұмысқа орналастыруды көздейді.
2.«Экономикалық дамудың кластерлікпринципі» - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында бағдарлама немесе жоспар әзірлеу.
Нарықтық экономиканың басты принципі - тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік - бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1).Бір сала ішіндегі бәсекелестік - бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2). Салааралық бәсекелестік - бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері - бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар
3.Қазақстандық экономиканы дамытуға шетелдік инвестицияны тарту.
Инвестицияның енуіне қолайлы жағдай туғызу секілді шараларды жүзеге асырғанына қарамастан, қазіргі шетелдік инвестициялау моделі күткендегідей нәтиже бере қоймады. Бұған ұзаққа бармай-ақ, экономиканың көптеген салаларын кеңінен қамтыған, әсіресе, өндіріс саласындағы терең инвестициялық дағдарысты атасақ та жеткілікті
Қазақстан өз егемендігін алған күннен 1997 жылдың соңына дейінгі аралықта сырттан 6,4 млрд. доллар алды. Оның ішінде 3,2 млрд.доллар тікелей инвестиция құраса, соманың қалған бөлігі – әртүрлі қарыздар.
1997 жылы Қазақстан шетел инвестициясы көлемі жағынан таяу шетелдер арасында, тіпті халқының саны мен жер көлемі жағынан бізді бірнеше орап алатын Ресейдің өзін артта қалдырып, бірінші орынды иеленсе, Венгриядан кейінгі екінші орында тұрды. Сол уақытта Қазақстан Республикасының инвестицияға деген сұранысы шұғыл артып, мамандардың болжауынша ол 50 млрд. долларды құраған. Десекте, осында келтірілген мәселелерді назарда ұстай отырып, қазіргі тартылған күүйіндегі шетел инвестициясы Қазақстан экономикасының ірі де күрделі проблемаларын шеше алады деп айту қиын.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының инвестициялық құрылымында халықаралық қаржылық ұйымдардың займы -22 процентті, кредиттік қаржысы – 28, шетелдік тікелей инвестиция – 49,2 портфельдік инвестиция – 1 процентті құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |