1 вариант.
1.ЖОО-ның инновациялық қызметке көшуі. Оның дамуының тетіктері. «Назарбаевуниверситеті» негізінде жоғарғы оқу орындарының инновациялық үлгісінқалыптастыру. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі.
2014-2015 оқу жылынан бастап М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Мәңгілік Ел жастары-индустрияға" жобасы аясында "Серпін - 2050" бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылуда. "Мәңгілік ел жастары-индустрияға" "Серпін - 2050" бағдарламасы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жастарына бағытталған. ҚР Еңбек тапшы аймақтарындағы кадрлардың орнын толтыруға бағытталған аталған бағдарлама СҚО-да түлектерді жұмысқа орналастыруды көздейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет, - деген болатын. Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инновациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бұл инновациялардың басым көпшілігі технологиялық жеткіліксіздігі мен теориялық негізінің әлсіздігі салдарынан жаппай білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің жойылып, оның орнына жаңасының құрылып жатқандығын растай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |