Василий Александрович Сухомлинский халықтық педагогикасы Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970)



бет3/15
Дата07.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#91216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2.11.2020 ж. Этнопедагогика 2

В.А.Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі реваолюциялық кезең болды.


В. А. Сухомлинский »Жастарды адамгершілікке» тәрбиелеудің проблемаларын» зерттеді. Сухомлинский еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу — барлық жастарға орта білім беруге арналған. Педагогиканың мұндай күрделі де маңызды міндеттері — комплексті түрде, мектеп практикасы арқылы, мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп, нәтижесі тез арада тарап кетті. Ол халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдыра отырып зерттеді. Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. В.А.Сухомлинский ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты
Шетелдік жүйе тәрбиесінен өткен кеңестік жүйе өзгешелігі — тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметі жетекші болып белгіленуінде. Кеңес мектебі әлемде бірінші болып, жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиеден бас тартып, тәрбие іс-әрекетінің негізіне ұжымды қалады. Сөйтіп, тәрбие тәжірибесі мен теориясының дамуына деген көз-қараста үлкен қадам жасады. Ұжым тәрбиелік талпыныс-тар орталығына айналды, оны қалыптастыру мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданды. Жаңа қойылған мақ-саттар кіші және үлкен мәселелерді теориялық үйлестіру мен талдауды қажет етті. Оларды шешуге А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинский және т. б. атақты педагогтар күш жұмсады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет