«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
31
жасақтау қажет. Содан соң ғана ештеңеге алаңда-
мастан той-думан жаса, деді кетерінде.
Содан кейін оны екі жыл бойы көрмедім. Бір күні
тағы келді. Жүзін терең әжімдер басыпты, жанары
жасаурай береді, нағыз қарияға айналыпты.
– Аркад, армандаған
байлыққа қол жеткіздің
бе? – деп сұрады ол.
– Ойлағаным әлі толық орындалмады, бірақ жина-
ғаным біршама, ол қор күн сайын ақшамды еселеуде.
– Сен әлі күнге қыш құюшының кеңесіне тәуелді-
сің бе?
– Ол маған қыш құю жөнінде жақсы кеңес береді.
– Аркад, сен өзіңе керек сабақты жақсы меңгеріп-
сің, – деп ол сөзін жалғады. – Сен әуелі жалақыңнан
аз ақшаға күн көруге дағдыландың,
бірте-бірте ке-
ңесті тек біліктіден ғана алуды үйрендің. Ақырында
алтыныңды өзіңе жұмыс істетуге мәжбүрлепсің.
Сен ақша жинауды, оны сақтауды әрі оны жұм-
сауды игердің. Енді үлкен іске әзірсің. Қартайдым.
Ұлдарым дайын ақшаны жұмсауға ғана құмар, мо-
лайтуды ойлар емес. Өзімнен кейін не боларын ойла-
сам, шошынамын. Жеріме қарау үшін
сен Ниппурға
бармас па екенсің, үлесіңді беріп отырамын және мұ-
радан да құр қалдырмаймын.
Мен Ниппурға барып, оның меншігіндегі жер-
ге бас-көз болдым.
Ар-намысымды естен шығар-
майтынмын, ал байлықты еселеудің үш заңын бі-
летіндіктен, ол иеліктің құнын арттыра білдім.
Альгамиштің жаны қараңғы дүниеге аттанғанда, қо-
лыма куәлардың қатысуымен жасалған мұра туралы
өсиетхат тиді.