«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
44
өз сөзін осылай бастады. – Кеше кімнің әмияны бос
қалып еді?
– Бәріміздің де, – деп шәкірттер шу етті.
Сендерде табыс көзі бірдей емес қой. Біреулер
көп, енді біреулер аз табады. Біреулердің отбасы мү-
шелері екіншілерімен салыстырғанда көбірек. Соған
қарамастан әмияндарың түгел босап қалған. Енді
сендерге айрықша ақиқатты ашайын. Ол мынау:
сендердің бәрің айтатын «күнделікті қажеттілік».
Егер оған өздерің қарсы тұра алмасаңдар, табыста-
рың өскен сайын ол да арта береді.
Күнделікті қажеттілік пен көңілдің тойымсыз
қалауын шатастырмаңдар. Сендерде көңіл қалауы
деген тапқан табыстарыңа сай емес. Сондықтан қол-
дағы ақшаның бәрі көңіл қалауына жұмсалады.
Алайда оған толық қанағаттанатын көңіл қайда?
Адамның бәрінде әдетте мүмкіндіктен гөрі, көңіл
қалауы алға озып тұрады. Мен баймын, демек, қа-
лағанымның бәріне қолым жетеді деп ойлайсыңдар
ма? Олай емес. Бәріне уақытым да жоқ. Күшім де
жетпейді. Жүріп өтер жолым да шектеулі. Тәбетім
тартқан тағамның бәрін де жей алмаймын. Жаным
қалаған өмір қызықшылықтарының бәрінен бірдей
ләззат ала алмаймын.
Мынаны ескеріңдер: шаруаның алқабында оның
кетпені тимеген тұстарда арамшөп қаулайтыны
сияқты, адамның мүмкіндігі мол болған сайын,
оның көңіл қалауы азаю орнына көбейе береді.
Құмарлықта шек жоқ, сендер оның тек аз ғана бөлі-
гін орындай аласыңдар.
Жаман әдеттерден аулақ жүріңдер. Өздеріңнің
өмірлеріңе қажетті әдетке бас қатырыңдар. Өмірдегі
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
45
шығынның басты бөлігін солар құрайды. Ақылға са-
лып, оларды қысқартуға да, тіпті жоюға да болады.
Сондықтан өздерің ақша жұмсайтын нәрселердің ті-
зімін жасаңдар. Осы тізімдегі ең қажеттілерін және
табыстың оннан тоғызын ғана жұмсауға болатында-
рын іріктеп алыңдар. Қалғанын сызып тастап, олар-
ды орындалмайтын тілектерге жатқызып, ол үшін
өкінбеген абзал.
Содан соң барлық қажетті шығынды бөліп қарас-
тырыңдар. Әмиянды толтыруға тиіс оннан бір бөлік
табысқа қол тигізбеңдер. Бұл орындалуға тиісті ең
басты тілектерің болсын. Ал шығын кестесі әмиян-
ды толтыру ісіндегі ең бірінші көмекшілерің болуы
керек.
Осы кезде алтын жіппен әдіптелген қызыл шапан-
ды шәкірт орнынан тұрып, былай деді:
– Өзім ерікті адаммын. Өмірдің бар рақатын кө-
руге құқығым бар деп білемін. Сондықтан маған ақ-
шаны қайда жұмсауды немесе жұмсамауды нұсқай-
тын ұсақ есеп-қисаптың құлы болғым келмейді. Бұл
жайт өмірімді қызықсыз етіп, өзімді арқасынан жүк
түспейтін есекке айналдырады.
– Шығыстарды кім саралайды, шырағым-ау? –
деп сұрады Аркад.
– Өзім, – деді шәкірт.
– Егер есектің өз арқасына артылған жүктерді
таңдайтын мүмкіндігі болса, ол асыл тастар мен кі-
лемдерді, салмағы ауыр алтын құймаларын арқалар
ма еді? Жоқ, әрине. Ол жүк құрамында шөп және ас-
тық, сондай-ақ шөлді кесіп өтерде ең қажетті су тол-
тырылған местер болуын қалар еді.
|