«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
94
үйдің мәртебелі мейманы. Оған мол етіп тамақ әкел.
Дастарқанда ең жақсы шарап тұрсын.
Ал енді мазаңды алған жайтты ортаға сал, досым.
– Патшаның марапаты!
– Патшаның марапаты! Саған марапат беріп, ол
тынысыңды тарылтты ма? Айтпақшы, ол қандай
марапат?
– Патша әскерінің жауынгерлеріне арналған най-
заның жаңа үлгі ұшын жасаған едім, ол қатты риза
болып, маған елу алтын тиын берді. Енді түрлі ой
мазалай бастады. Бұл хабарды ести сала менен ақша
сұрайтындар көбейері анық.
– Оның рас. Жұрт өзінде болмаса да, өзгенің ал-
тынын бөлісуге қашанда құмар келеді. Сен олардың
меселін қайтара аласың ба? Әлде қайрат-күшіңнен
гөрі, ерік-жігерің осал ма?
– Көбінен бас тартармын-ау, бірақ кейде келісе
салған оңай ғой. Мәселен, өзіме әбден бауыр басқан
қарындасымның өтінішін қалай жерге тастаймын?
– Әрине, қарындасың сенімен бірге марапатыңа
қуанатыны және бірдеңе дәмететіні анық.
– Бірақ алтын қарындасыма емес, оның күйеуі
Араманға қажет. Қарындасымның айтуына қараған-
да, онда мұндай мүмкіндік болмаған, енді менен қарыз
алғысы келеді. Байыған соң қайтарамын деп отыр.
– Досым, сен әңгімеге арқау болар қызық тақы-
рыпты қозғадың, – деп Матон тіктеліп отырды. –
Алтын деген иесіне үлкен жауапкершілік жүктей-
ді және жұрттың оған деген көзқарасын өзгертеді.
Алтынға ие болған адам оны ұрлатып немесе жоғал-
тып аламын ба деп қорқады. Сонымен бірге адамды
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
95
жақсылыққа құлшындырады, алайда кез келген қа-
йырымды істің аяғы жағымсыз нәрсеге ұрындыруы
мүмкін.
Сен хайуандар тілін білетін ниневиялық шаруа
жайындағы хикаяны естіп пе едің? Естімеген болар-
сың, себебі ондай әңгімелер ұстаның көрігі жанын-
да айтылмас болар. Саған соны әңгімелеп берейін,
сонда қарызға ақша беру дегеннің жай ғана алтынды
қолдан-қолға өткізу еместігін түсінерсің.
Әлгі хайуандардың бір-біріне не айтатынын түсі-
нетін шаруа кешкісін ауласында отырып, түрлі жан-
жануарлардың әңгімесін тыңдауды жақсы көреді
екен. Бір күні өгіздің өз тағдырына налып, есекке
шағынғанын естіпті:
– Бозала таңнан қара кешке дейін ауыр соқаны
сүйретемін. Күннің ыстық екенімен де, аяғымның
шаршағанымен де, мойынтұрықтың қажағанымен
де ешкімнің ісі жоқ. Менікімен салыстырғанда өмі-
рің жеңіл ғой. Үстіңе жабу жабылады, қожайынды
баратын жеріне жеткізуден басқа жұмысың жоқ. Ол
ешқайда бармаса, күні бойы көк шөпті күйсеп, бос
тұра бересің.
Есектің қиқарлығы болғанмен, табиғатында қа-
йырымды еді, өгізді аяп кетті.
– Тыңдашы, досым, – деді ол, – рас, жұмысың
ауыр, сенің жағдайыңды жеңілдеткім келеді. Күні
бойы демалу үшін не істеу керектігін саған айтайын.
Таңертең құл сені соқаға жегуге кіріскенде жата қал
да, аянышты мөңіре, ол сені ауру, жұмысқа жара-
майды деп ойласын.
|