Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет52/85
Дата14.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#168709
түріМазмұндама
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
110
Қараптан-қарап бақилық боламыз. Айтшы, олар 
ішке өте алмайды ғой...
– Сабыр ет, досым, – деді сардар. – Вавилонның 
бекінісі берік. Базарға бар да, кемпіріңе айт, бекініс 
патшаның қазынасын қалай сақтаса, сендерді де, 
мал-мүліктеріңді де дәл солай сенімді қорғайтынын 
жеткіз. Жебе тиіп кетпес үшін қорғанға жақын жүр.
Саудагердің орнын сол сәтте емізулі бала көтерген 
әйел басты.
– Сардар, айтыңызшы, не болып жатыр? Ештеңе 
жасырмаңызшы, бейшара күйеуімді тыныштанды-
райын. Жарақат салдарынан оның ыстығы көтері-
ліп жатыр, бірақ соған қарамастан қалқан мен най-
засына ұмтыла береді. Баласы екеумізді қорғағысы 
келеді. Жау жағы бекіністі бұзып өте алса, ешкімге 
аяушылық жасамайды, – дейді ол.
– Үрейіңді бас, айналайын. Вавилон бекінісі сені 
де, перзентіңді де, болашақта дүние есігін ашар сә-
биіңді де қорғайды. Қорған биік әрі берік. Шабуылға 
шыққандардың басына ыстық май құйып тұрған біз-
дің жаужүрек жауынгерлердің даусын естіп тұрған 
жоқпысың?
– Естіп тұрмын. Қақпаны соққылаған таранның 
дүңкілі де құлағымды жарып барады.
– Үйіңе бар. Бекініс қақпалары таранның соққы-
сына төтеп береді, қабырға үстіне шыға қалғандар 
болса, оларды найзалар қағып түсіреді. Абайлап 
жүр, үйлердің арасымен қайт.
Банзар мұздай қаруланып, көмекке жеткендер-
ді өткізу үшін қапталға ығысты. Қола қалқандары 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
111
сарт-сұрт еткен олар өте бере, бойын үрей билеген 
қаршадай қыз жақындап келді:
– Айтыңызшы, сардар, біз аман қаламыз ба? 
Үрейді ұшыратын дыбыс күшейіп барады. Қанға 
боялғандар көп. Тым қорқынышты. Апам, кіш-
кентай інім, біз енді не істейміз, қайда барып жан 
сақтаймыз?
Қарт сарбаз көзін сығырайтып, иегін көтерді.
– Қорықпа, балақай, – деді ол қыздың басынан 
сипап, – Вавилон бекінісі анаңды да, сені де, ініңді 
де қорғайды. Ұлы Семирамида патшайым сол үшін 
бұл бекіністі осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын 
тұрғызған. Бұған әлі ешкім басып кірген емес. Кері 
қайт та, апаң мен ініңе айта бар, бекініс берік, қорқа-
тын ештеңе жоқ.
Бірнеше күннен бері күзетте тұрған Банзардың 
назарынан ештеңе сырт қалмайды. Жаңа қосалқы 
күштер үсті-үстіне келіп те жатыр, қаза тапқандар 
мен жарақат алғандарды майдан даласынан үздік-
сіз әкетіп те жатыр. Үрейі ұшқан жұрт алдымен 
Банзарға келеді, олардың бәрінің қоятыны бір сұ-
рақ: бекініс төтеп бере ала ма? Ардагердің бәріне кө-
кірек кере қайтарар жауабы нық: «Вавилон бекінісі 
сендерді сеніммен қорғайды».
Үш апта және бес күн бойы шабуыл бір сәт те то-
ластамады. Банзардың жүзі түтігіп кетті, ернін аяу-
сыз тістеумен болды. Көмекке келген жаңа жауын-
герлер легі үзілмей, жоғары қарай өтіп жатса, қаза 
тапқандар мен жарақат алғандар тізбегі де солай 
тоқтамай, қала ішіне қарай жол тартуда. Күн өткен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет